Мұнда А - альбедо, R - шағылысқан радиация, Q - жиынтық радиация. Альбедо бірлігі - пайыз %. Жер бетінің альбедосы оның көптеген қасиеттері мен жағдайына байланысты: түсі, ылғалдылығы, тегістік сипаты, өсімдік жамылғысы т.б.
Табиғатта радиацияны ең кҿп шағылыстыратын жер беті-қар мен мұз беті. Антарктидада альбедо – 90% дан жоғары болады, бұлттардың үстіңгі қабатының альбедосы - 80% жуық, суда -10-15%, топырақ бетінде 10-30%, шамасында болады. Жалпы, жер беті келген радиацияның 1/3 бөлігін кері ғарышқа шағылысқан радиация ретінде қайтарады, демек, планетарлық альбедо орта шамамен 35% құрайды
Тура, шашыранды және жиынтық радиацияның заңдылықтары. Енді тұжырымдай келе әр түрлі радиация мөлшеріне әсер ететін факторларды қарастырайық:
атмосфера тұнықтығы, яғни ол жоғары болса, тура радиация мөлшері көп болады, себебі сәулені әлсірететін атмосферада қоспалар аз болады;
3
теңіз деңгейімен салыстырғандағы биіктік өскен сайын, тура радиация мөлшері де өседі, себебі сәуле өтетін ауа қабаты жұқарады;
4
бұлттылық, яғни аласа, бүкіл аспанды торлаған қалың бұлттар, тура радиацияны мүлдем өткізбейді. Онда жер бетіне тек шашыранды радиация келеді.
Күн зенитте тұрған жағдайда (90 гр бұрыш жасап түскен жағдайда) оның сəулесі тік түседі де, жер бетін жылдам қыздырады. Полюстерге қарай жүрген сайын оның түсу бұрышы көлбеуленіп, жер бетіне келетін жылу мөлшері азая береді
Күн зенитте тұрған жағдайда (90 гр бұрыш жасап түскен жағдайда) оның сəулесі тік түседі де, жер бетін жылдам қыздырады. Полюстерге қарай жүрген сайын оның түсу бұрышы көлбеуленіп, жер бетіне келетін жылу мөлшері азая береді