Тарих факультеті


Зертеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/6
Дата15.04.2023
өлшемі317 Kb.
#82726
1   2   3   4   5   6
Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырдың басына бейінгі ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеу. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Зерттеулерге сүйене отырып, Моғолстан мемлекетінің территориясы этникалық құрамын анықтау;

  • Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырға дейінгі аралықта болған саяси талас-тартыстарды қарастыру;

  • Осы мемлекеттің көрші елдермен болған қарым-қатынасын көрсету;

  • Моғолстан мемлекетінің билеушілерінің ұстанған саяси бағыттарын ашып көрсету.

Зерттеудің деректік негізі. Деректерге шолу жасамас бұрын, Моғолстан мемлекетінің тарихына тоқталып өтейік. XIV ғ. Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде орналасқан Моғолстан мемлекеті «Тарих-и Рашиди» бойынша төмендегідей территориягы қамтиды: шығысында қалмақтармен және өзіне Барыскөл, Еміл, Ертіс территориясын қамтиды. Солтүстігінде Көкше-Теңіз және Қаратау, батысында Түркістан мен Ташкентпен шектеседі, Оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу және Турфанмен шектеседі. Моғолстанның территориясында ірі өзендерден Джайхун (Амудария), Іле, Еміл, Ертіс, Чуйлик (Шу) және Нарын өзендері кездеседі Тоғлық Темір билік құрған жылдары Шығыс Түркістан аймағы Моғолстанның территориясына кірді. Темір жаулаушылығынан кейін Тимуридтерге қарады. Мемлекет ыдырай бастаған кезде моғолстан хандығы тек Қашғарияда болды, Жетісу қазақ хандығына, ал қырғыздар өз билігін құрды XIV ғ. аяғы –XVI ғ. басында Хайдар және басқа авторлар Моғолстан территориясы Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань аймағын айтады. Бұл аймақты Моғол таулары деп атаған.
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның саяси тарихы туралы негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі болып табылады. /12/
«Тарих-и Рашиди»-құнды еңбектің біздің халқымыз үшін маңызы зор. Бұл деректе Тоғлық Темір ханнан бастап, Абдр-Рашидке дейінгі тарихы жазылған.
Автор өзінің еңбегінде былай деп айтады: «Бұл тарихты жазуға қолға алғанда басты мақсатым Моғол хандары туралы естіген аңыздар мен өзім көріп, бірге болған хандар жайлы мен жазған болсам ешкімнің жазар түрі жоқ. Ал, өзім олар туралы жеткізе жаза аламын ба, білмеймін. Дарынсыздықтың әсерінен көп нәрсені жеткізе алмаймын ба деп қорқамын. Дүние жүзінің төрттен бірін билеген Шыңғыс ұрпақтары ішінде кейбірі мұсылмандыққа жол тартып, елді мұсылман жасауға әрекет жасаған хандар туиалы жазбасам бәрі ұмыт болып, бекер қалатын түрі бар.»
Ал мұсылман дінінің Моғол хандығының жеріне тарау мәселесіне келгенде М.Х.Дулатидың бабаларының ішінде Болатшы мен Хұдайдаттың жасаған қызметтеріндей қызмет еткен аамдар болмаған. М.Х Дулатидың аталарының Шағатай ханға жасаған адал қызметтері үшін жеті құқық берілсе, енді Тоғлық Темір ханның кезінде Болатшыға екі құқық беріп, жалпы Дулати тұқымдарының құқықтары тоғызға жеткізілген. Ал, Қызыр Қожа кезінде ол құқық он екіге дейін жетеді. Бұл туралы М.Х.Дулати өзінің еңбегінде әр жерде жазған.
Моғолстан хандығының тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал- бахрайн» тәрізді еңбектер дерек көздері болып табылады. Бұл деректерде Моғолстан хандарымен Әмір Темір арасындағы соғыстар туралы мәліметтер береді. Алайда бұл деректер патшаның жарлығымен жазылып отырғаны белгілі. Сол себептен де бұл деректерге сын көзбен қарау керек. /13/
Келесі бір дерек Муин ад-дин Натанзиден мағлұматтар ала аламыз. Онда Камар ад-дин мен оның інісі Дуғлат Шамс ад-дин туралы мәліметтер көрсетілген. /14/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет