56
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған,
тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау
дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын
алған: тері өңдеген,
киіз басқан, құрақ құраған, металдан әр түрлі бұйымдар жасаған.
Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне және иесінің
әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды. Күзеу мен қыстауда
ағаштан және кірпіштен салған жылы үйлерде тұрды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия
мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандандырды. Сырдария қалалары арқылы
халықаралық сауда және көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан
қалалары мен
елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті. ХҮІ-ХҮІІ
ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары
қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы
қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді.
Қазақстанның көшпенділері
оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа -
бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және
әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты болды. Далалық аудандар халқының
көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары және қала шаруашылығының
тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.
Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйек
және қарасүйек. Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның ұрпақтары – сұлтандар,
төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтақтары – қожалар жатты. Бұл топ үш жүз
қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрды. Шыңғыс ханның ұрпақтары
туылысымен
сұлтан атағын иеленіп, бұл әлеуметтік топқа тиіселі барлық ерекше
құқықтармен қамтамасыз етілді. Шыңғыс ханның ұрпақтарының әрқайсы хандық билікке
үміткер саналды. Сонымен бірге, бұл әлеуметтік топ руға бөлінбеді. Әрбір сұлтанның өзіндік
үлесі болды. Қалған әлеуметтік топтардың бәрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде
тайпаға, руға бөлінді.
Қарасүйек әлеуметтік тобынан ерекше құқықтар иеленген тек билер болды. Атап
айтсақ, ру биінің қолында соттық, әкімшілік билік шоғырланды. Билер сұлтандармен бірге
мемлекеттік мәселелер шешілетін жылдық жиналысқа – құрылтайға қатысты. Небір беделді
билер хан жанындағы «билер кеңесінің» құрамында болды.
Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаны үшін хан немесе
сұлтандар батыр деген құрметті атаққа ие болған. «Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен
бірге кәсіби жауынгерлер. Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен, қолына Шыңғыс
әулетіне тән билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы-ақындар дәріптеп
отырған.
Қазақ қоғамындағы ешқандай құқығы жоқ мүшелері – құлдар болды. Бұл әлеуметтік
топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары құрады. Олар өз қожайындарына тәуелді болды.
Қоғам мүшелері дәулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» және «кедей» болып бөлінді.
Осы кезеңдегі қазақ қоғамы әлеуметтік топтардың иерархиялық
ұйымдасқан құрылымынан
тұрды. Бұл әлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әр әлеуметтік топтың
өзіндік құқықтары болды.
Достарыңызбен бөлісу: