Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Бернштам (1910–1956 жж.) 30 жылға жуық ғұмырын қазақ, қырғыз, түркімен, ұйғыр халықтарының тарихын, археологиясын, этнографиясын, сәулет өнерін зерттеуге арнаған, археология ғылымның дамуына теңдесіз үлес қосқан ғалым. 1933 ж. көптеген археологиялық экспедициялармен Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан аумақтарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі уақытты қамтитын жүздеген археологиялық нысандардың ашылып, зерттелуіне ықпал етті. Ғалым тек археологиялық зерттеулермен ғана емес, халықтардың этногенезі, әлеуметтік қоғам дамуы және экономикасы мәселелерін, ежелгі эпиграфика мен нумизматика мәселелерін зерттеді.
1936 жылдан бастап 20 жыл уақыт бойы Жетсу, Тянь-Шань, Памир-Алтай, Ферғананы археологиялық жағынан зерттеді. 1936 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып, Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар солтүстікте Қаратау жоталарынан, оңтүстікте Памир тауларына дейінгі, шығыста Іледен, батыста Зеравшан үстіртіне дейінгі жерлерді зерттеп, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинады. Ол 1930–40 жылдары қазақ-қырғыз тарихына қатысты тың мәселелер көтеріп, сақ-үйсін және түркі дәуірін зерттеуге елеулі үлес қосты. Археологиялық материалдарға сүйеніп, Теріскей Қырғыз өлкесінің қола дәуірден (б.з.б. 2 ғ.) 15 ғасырға дейінгі тарихын түбегейлі талдады. 250-дей ғылыми еңбегі мен мақалалары бар.
А. н.Бернштамның "Орта Азия этногенезіндегі ең көне түркі элементтері" кітабы түркі халықтарының Орта Азиядағы этникалық және мәдени процестердің қалыптасуына әсерін зерттейді. Автор түркі элементтерінің, соның ішінде тілдің, мәдениеттің және дәстүрдің аймақтың этникалық топтарының қалыптасуына қалай ықпал еткенін талдайды. Бернштам түркі көші-қоны мен басқа халықтармен өзара әрекеттесу Орта Азия халқының этногенезіне қалай әсер еткенін түсіну үшін археологиялық олжаларды, лингвистикалық деректерді және тарихи дереккөздерді қарастырады. Кітап сонымен қатар әр түрлі мәдениеттер мен халықтардың өзара әрекеттесуі туралы сұрақтар туғызады, бұл аймақтың тарихи контекстін түсіну үшін маңызды.
А. н.Бернштамның "Орта Азия этногенезіндегі ең көне түркі элементтері" кітабында түркі халықтарының аймақтың этногенезіне әсерін көрсететін түрлі мысалдар келтірілген. Осындай мысалдардың бірі лексикалық қарыз алуға қатысты.
Бернштам түркі сөздері мен терминдерінің жергілікті халықтың тілдеріне қалай енгенін қарастырады, осылайша мәдени және этникалық байланыстарды қалыптастырады. Мысалы, ол мал шаруашылығымен байланысты түркі сөздері жергілікті халықтардың өмір салты мен дәстүрлерін бейнелейтін лексиконының бір бөлігіне айналған мал шаруашылығы саласындағы қарыздарды сипаттай алады.
Сонымен қатар, кітабында қарастырылады археологиялық олжалар сияқты жерлеу әдет-ғұрыптары мен тұрмыс заттары, көрсетіп жатқан түркі элементтері, вписанные жергілікті дәстүрлер. Бұл мысалдар авторларға түркі көші-қоны мен Орта Азия халықтарының этногенезі арасындағы тығыз байланысты растауға қызмет етеді.
Парсы патшасы Кирдің басқыншылық жорығы
Каспий теңізінің күншығыс жағына қарай ұлан-ғайыр жазықтың көп бөлігін сақтардың массагет тайпалары мекендеген. Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир патша (б.з.б. 558-530) бастаған парсы әскерлері басып кіреді. Бұл кезде массагеттердің билеушісі, қайтыс болған патшаның жесірі Томирис (Тұмар ханым) патшайым болатын. Кир Томириске үйленбекші болып құда түсу ниетімен өзінің елшісін жібереді. Бірақ Томирис Кирдің өзіне үйленуді емес, бүкіл массагеттер патшалығын иемденуді көздеген ішкі ойын сезіп, қарсылық білдірген.
***
«Томирис әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазады Рим тарихшысы Помпей ТрогАйламен мақсатына жете алмаған Кир массагеттерге ашық соғысқа шығады. Әскерін арғы бетке өткізу үшін Кир патша Аракс өзеніне (қазіргі Әмударияның ескі аты) қайықтарға орнатылған мұнаралы көпір салуға бұйрық береді. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскері өзеннен өтіп массагеттерге шабуыл жасап, біраз әскерін қиратып, алдап-арбаумен тұтқындарды қолға түсіреді. Оның ішінде Томиристің ұлы Спаргапис те бар еді. Геродоттың айтуы бойынша Томирис өзінің әскері мен ұлының жағдайын естіп Кирден ұлын босатуды, әскерлерін сақ жерінен өз еркімен алып кетуді талап етіп, хабаршы жібереді.
Кир патша хабаршының бұл сөздеріне құлақ аспай, Томиристің ұлы Спаргаписті өлтіреді. Томирис Кирдің өз кеңесін тыңдамағанын білген соң барлық әскерлерімен парсыларға қарсы шабуылға аттанады. Екі жақ ұзақ соғысады, бірақ ешқайсысы берілмейді. Геродоттың сипаттауынша «Басында әскерлер садақпен атысты. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысты» делінеді. Ақырында массагеттер жеңіп шығады. Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі соғыс алаңында қаза табады.
Томирис қаза тапқандардың ішінен Кирдің денесін табуға бұйрық береді. Денесі табылған соң Томирис оның басын кесіп «Мен сені шайқаста жеңсем де, бірақ сен мені тірідей өлтірдің, өйткені зұлымдықпен баламды қыршынынан қидың, мен сол үшін сені қанға тойғызуға ант бердім. Енді сол қанды іш» деп, оның басын қан толтырылған торсыққа салғызады. Бұл оқиға б.з.б. 530 жылы тамыз айының басында Каспий, Арал маңындағы Үзбой жағалауында болған еді. Ал Кирдің денесі Иран еліндегі Пасаргад қаласына жеткізіліп, табытқа салынып, сол жерге жерленген. Кир толығымен 28 жыл патша болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын археологтар Томирис ханым жөніндегі аңыздың шындығына көз жеткізу мақсатымен Пасаргадтағы Кирдің қабірін ашқанда расында да патшаның басы жоқ болып шыққан.
***
Парсы патшасы І Дарийдің шапқыншылығы
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақ жеріне қайтадан шабуыл жасайды. Бұл жорықты парсы патшасы I Дарий (б.з.б. 522-486) басқарады. Алғашында оның тиграхауда, каспий, хаомоварга сақтарын жаулау жорықтары біршама табысты жүргізілді. Бұл жөнінде әйгілі Бехистун жазбаларында баяндалады. Б.з.б. 519 жылы «шошақ бөрікті» сақтарға қарсы жорық жасаған парсыларға қарсылық көрсеткен сақтардың Скунха атты көсемі болған. Алайда Скунха жау қолына тұтқынға түседі де, сақ тайпалары парсы мемлекетінің құрамына кіріп, оларға тұрақты түрде салық төлеп тұруға мәжбүр болады. Б.з.б. 518 жылы І Дарий салық төлеуге наразылық білдірген сақтарға қарсы тағы да жорық жасайды.
«Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа аттандым» деген I Дарийдің сөздері Иран жерінде жартасқа қашалған Бехистун жазбаларында айтылады. Бұл жорық оларды көп шығынға ұшыратады. Грек тарихшысы Полиеннің мәліметтері бойынша, жорық кезінде Шырақ есімді сақ жауынгері өзін-өзі жаралап, сақтардан зорлық көрген адам ретінде көрініп, парсылардың сеніміне кіреді. Сөйтіп, оларға жол көрсететін болып, парсы әскерін сусыз шөл далаға апарып адастырады. Бұл жерде парсы әскерлерінің көпшілігі шөлге шыдамай қырылады. I Дарий көптеген әскерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай парсы еліне қайтуға мәжбүр болады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау мақсатында сақ жауынгері Шырақ өзін құрбан етіп, осындай ерлік жасаған.
Сақтар сол уақыттағы әлемдік саясатта маңызды рөл атқарып, тарихи оқиғаларға белсене атсалысты. Олардың жауынгерлік ерліктері көрші елдерге кеңінен танымал еді. Мысалы, сақ жауынгерлері парсы патшасы Кир әскерінің құрамында Мидия патшасы Крезбен соғысқа қатынасқан. Ал, І Дарийдің кезінде сақтар «өлмейтін он мың» деген атау алған патша әскерінің құрамына енген. Сақтар б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсылармен одақтасып гректерге қарсы соғысқан болатын. Алайда бұл шайқаста парсылар жеңіліс тапты. Сонымен қатар сақтар б.з.б. 480 жылы Фермопиль түбіндегі шайқаста Ксеркс әскерінің құрамында спартандықтардың патшасы Леонидке қарсы соғысты. Сақ жауынгерлері атты әскер құрамында ғана емес, жекпе-жекте, садақшылар мен қылышшылар құрамында да ерлікпен шайқасқан.
***
Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Сақтардың ерлікке толы тарихының бір парағы ежелгі грек философы Аристотельдің шәкірті, әйгілі қолбасшы Александр Македонскийдің есімімен байланысты. Шығыс халықтары оны қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын деп атаған. Ол басқарған грек әскерлерінің сақ еліне жорығы б.з.б. ІV ғасырда басталды. Александр Македонский бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Мараканд (Самарқан) қаласын алғаннан кейін Сырдарияға қарай беттейді. Александр Сырдарияның сол жағасындағы қалаларды жаулап алып, өзінің әскери бөлімдерін сол жерге орналастырады. Александрдың бұйрығымен Сырдарияның жағасында Эсхат Александрия (Шеткі Александрия, қазіргі Ходжент қаласының маңы) деген қала салынды. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік-шығысындағы шекаралық тірегі есебінде тұрғызылған еді.
Грек-македон әскерлері Сырдария қалаларын алған кезде асқан қатігездік танытқан. Барлық еркектерді қырып-жойып, әйелдер мен балаларды және көптеген олжаларды алып кетті. Гректердің баса-көктеп енуі Орта Азия халықтарында бүкілхалықтық қарсылас туғызды. Б.з.б. 330-327 жылдары Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы 3 жылдық күреске Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеуші сақтар, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Осы шайқаста Александр Македонскийдің әскеріне қарсы 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізген қолбасшы – Спитамен ел арасында кеңінен танымал болды.
Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзек ауруынан қайтыс болады. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастайды. Өйткені бұл мемлекет берік экономикалық және саяси бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халықтардан құралған еді. Александр Македонскийдің барлық әрекетіне қарамастан, Сырдария өзенінің арғы бетін мекендеген массагет-сақтар өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Олар ұлы жаулап алушының Шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. Александр Македонскийдің Сырдарияның ар жағында тұратын сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Оның көшпелілерге жасаған жорығы туралы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасында айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |