Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


Дүнгендерде мал өсіру қосалқы сипат алды. Жайылымның жеі іспеушілігі мал өсіруді едәуір шектеуге мәжбүр етті



бет28/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

Дүнгендерде мал өсіру қосалқы сипат алды. Жайылымның жеі іспеушілігі мал өсіруді едәуір шектеуге мәжбүр етті.
Дүнгендер жүк тасу кәсібімен айналысу үшін жылқы мен өгіз ұстады. Жүк тасу әдетте ауыл шаруашылық жұмыстары аяқталып, жиын-терін біткеннен кейін басталатын. Олар өздері өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін Әулиеатаға, Верныйға, Ташкентке, Жаркентке, сондай-ақ Шыңжаңға алып барып сататын. Ал қайтарында Ресей мен Қытай өнеркәсібі шығарған бұйымдарды ала келетін.
Дүнгендер өз шаруашылықтарында аздаған сиыр, қой, ешкі ұстады. Ал ауыл шаруашылық жұмыстарынан қолдары босаған кезде қамыстан ши тоқыды. Ол үшін тайланған бау-бау қамысты пайдаланды. Дүнгендердің бірқатарының май шайқайтын, күріш кептіретін, сіркесу дайындайтын шағын кәсіпорындары болды. Сынған ыдыстарды құрсаулап жөндеуді кәсіп етушілер де аз болған жоқ.
Материалдық тұрғыдан жағдайлары жақсарған дүнгендердің арасында да өз көпестері шықты. 1905 жылы Жаркенттің өзінде ғана 167 дүнген көпесі болды. Олардың қытай тілін жақсы білуі Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты монополияға айналдырып алуларына жағдай жасады.Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға өздерінің бірегей материалдық және рухани мәдениетін, өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық кәсібін ала келді. Жалпы алғанда қазақтар мен қоныс аударып келген ұйғыр, дүнгендердің арасында тату-тәтті бейбіт қарым-қатынас орнады. Олардың мұсылман дінінде болуы да едәуір дәрежеде оң ықпал етті. Алайда ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударып келуі қазақтардың онсыз да ауыр жер мәселесінің қиындап, нашарлай түсуіне де өз әсерін тигізді.
27.Индустрияландыру саясаты және оны Қазақстанда жүзеге асыру ерекшеліктері. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылау. С.Сәдуақасов - Қазақстандағы индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша Ф. Голощекиннің оппоненті.
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде (1928–1932 жж.)
Индустрияландыруға бағыт алу.

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды.
Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді.
Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды. 1925–1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В. Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.
Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И. М. Губеин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ. И. Сәтбаев жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет