Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет27/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.
Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.
Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.
Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.
Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.
Ұйғырлардың үйлері өзендер мен көлдердің жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Әр елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі. Басқару жүйесінде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билік өкілдері де болды.
Ұйғырлар негізінен тау етегіндегі егіншілікке неғұрлым қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі арықтарды жөндеді және жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті.
Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Олардың егіс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлі дақылдардың 4-5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дәнді дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш өсірілді. Сондай-ақ майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді. Жоңышқа егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын өсірумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді. Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы және есек ұстады.
Сыртқа барып жұмыс істеуде жук тасу кәсібімен көбірек айналысты. Ұйғырлар алыпсатарлықты да кәсіп етті. Олар Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты. Олардың қалалар мен селоларда түрлі қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды. Жаркент пен Верный қалаларында тұратын ұйғырлар етік тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен, сабын қайнатумен, т.б. әр түрлі кәсіптермен айналысты. Бай ұйғырлар кейін қазақтар мен орыс шаруаларынан және жергілікті қазақтардан жер телімдерін жалға алып отырды. XX ғасырдың бас кезінде ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары, май шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын зауыттары болды. Олардың дүкендері, асханалары, күріш ақтайтын шеберханалары да бар еді. Атақты бай ұйғырлардың бірі Верный уезінің Жаркент болысында тұратын Уәли Ахун Юлдашев болды. Оның бір өзі 10 мың десятинаға жуық жерді жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. У.А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Іле өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді.
Дүнгендердің негізгі шаруашылық кәсібі егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау, басқа да әр түрлі кәсіп түрлерімен айланысу болды. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап олар Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады. Бау-бақша өсірумен, бағбандықпен айналысты. Дүнгендер капуста, пияз, сарымсақ, бұршақ, ас бұршақ, бұрыш, шомыр, сәбіз, аскөк, асқабақ, кияр сияқты алуан түрлі дақылдар өсірудің шебері болды. Олар орыс шаруаларынан кызанақ және картоп өсіруді де үйреніп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет