41. Қазақтардың Е. Пугачев көтерілісіне қатысуы. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық күресі. Батыр Сырым Датұлының басшылығымен Кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі.
Ответ: 1773-75 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қазақтарды да қамтыды. Ол жәнінде А.П. Чулошников (1929), М.П. Вяткин (1941-51), Г.И. Семенюк, Е.Бекмаханов, Н. Бекмаханова, А. Нүсіпбеков сияқты тарихшы-ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланған. Әсіресе 40-60 жылдары осы мәселелерді жаппай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес. 1773 ж. 20 қыркүйекте Пугачев қазақ жұртына көтерілісшілерге 200 адам беру жөнінде үңдеу тастайды. Сол жылдың қазан айында Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы бастаған тама, табын руларының жігіттерінен жасақталған отрядты Пугачевтің қарамағына жібереді. Көп кешікпей бұларға Досалының екінші баласы, кейін сұлтанның өзі келіп қосылады. Башқұрт полковнигі, 1774 ж. Пугачев көтерілісіне қатысқан Б.Қанқаевтің мәлімдемесі бойынша, көтерілісшілер құрамында 10 мың қазақ болған. Пугачевті дарға асқаннан кейін де Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы қозғалысы тоқтаған жоқ. Үздік-создық созыла келіп, 1775 жылдың аяғында С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Кіші жүз қазақтары Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы өзінің үлттық бостандығы үшін күресті.
20 ғасырдың басында Қазақстан шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді. 1907-1912 жылдары елдің еуропалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. 1917 жылы егістік пен жайылымдардың 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды. Өз елінде жерсіз қалған қырғыз-қайсақ батырақтары пайда болды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нəтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді. Т.Рысқұлов: “1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды” деп жазды. 1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі – ұлттық жəне əлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі. Ал көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор – қазақтан қара жұмысқа жігіт алу. 1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығы шықты. Қозғалыстың басты қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы болды. Жалпыұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларын қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.