Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1). 18 ғ.20-30 ж.ж.шаруашылық дағдарыстың болуына не себеп болды? 
2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы неге əкеп соқтырды? 
3). 17 ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі? 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  3-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет. 
11 апта   
21, 22 кредит сағат  
№21, 22 дəріс 
Тақырып: 
19  ғ.  2-жарт:  -  20  ғ.  басы  Қазақстанның  шаруашылығындағы 
өзгерістер. 

Дəрістің мақсаты: 
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның дəстүрлі шаруашылығы 
мен  экономикалық  дамуының  өзгеріске  ұшырауының  алғышарттары  мен  саяси 
себептерін ашып көрсету.  
Қарастырылатын сұрақтар:  
1.  Самодержавиенің  аграрлық  саясаты.  Жер  өңдеулік  отарлауы.  2.  Капиталистік 
қатынастардың  тууы:  а)  өндіріс;  б)  банк-ақша  қатынастары,  сауда.  3.  Столыпиндік 
реформалардың салдары. 
Дəрістің мазмұны:   
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Ресей  империясында  таптық  күрес  шиеленісе  түсті. 
Патша  үкіметі  осы  таптық  күресті  шешу  мақсатында  қазақтардан  көптеген  жаңа 
жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады. 
Ресейден  қоныс  аударған  шаруалар  салықтан,  əскерден  босатылды.  Оларға  алғашқы 
кезде  ақшалай  жəрдем  берді.  Бұл  Қазақстанға  қоныс  аударған  орыс  шаруалары  Ресей 
империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды. Орыс шаруаларын Қазақстанға 
қоныс  аудару,  əсіресе  Столыпинның  аграрлық  саясаты  кезінде  кең  өрістеді.  Бір  ғана 
1906 жылдан 1907 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы 
жер  тартып  алынды.  Қазақтарды  құмды,  шөлейт  жерлерге  ығыстырып  тастады.  Бұл 
қазақ  халқының  əлеуметтік-экономикалық  жағдайының  нашарлауына  алып  келді.ХІХ 
ғасырдың  ІІ-жартысында  патша  үкіметі  шаруалар  толқуын  əлсіретіп,  жер  мəселесін 
шешу  мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға 
қоныс  аударту  мəселесін  қолға  ала  бастады.  1868  ж.  “Жетісуда  шаруаларды 
қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан 
Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 
1862-1877  жылы  Қытайда  ұйғырлар  мен  дүнгендердің  азаттық  көтерілісі  болды. 
Көтеріліс  нəтиежесінде  Ұйғыр  мемлекеті  құрылды.  Кейін  Цинь  империясы  Ұйғыр 
мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің 
Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, 
дүнгендерді  орналастыру  туралы”  ереже  қабылданды.  Қоныс  аударған  ұйғырлар  саны 
45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса 
болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 
адамға;  дүнгендер  саны  14136  адамға  жетті.ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Ресейден, 
Украинадан  Қазақстанға  1,5  миллионға  жуық  адам  келді.  1897  жылы  Бүкіл  Ресейлік 
халық  санағы  бойынша  қазақтар  өз  жеріндегі  халықтың  81%  құраса,  1914  жылы 
олардың саны 65%-ке төмендеді. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға 
капиталистік  қатынастар  ене  бастады.  Қазақстанда  негізінен  кен  қазып  шығару  жəне 
тау-кен  зауыттары,  өңдеуші  кəсіпорындар  дамыды.  Тау-кен  өнеркəсібі  түсті  металдар 
мен  темірдің  бай  кен  орындары  Алтай  мен  Орталық  Қазақстанда  өркендеді.  ХХ  ғ. 
басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір жəне басқа қазба байлықтар шығаратын тау-
кен өнеркəсібі шетелдіктердің қолында боды. ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркəсібінің 
басты  салаларының  бірі  алтын  шығару  болды.  Екібастұзда,  Қарағандыда,  Саранда 
көмір  кен  орындары  пайдаланылды.  Сондай-ақ  тұз  өндіру  ісі  де  біршама  дамыды. 
Семейде,  Павлодарда  тұз  кəсіпшіліктері  болды.  Батыс  Қазақстандағы  Орал-Ембі 
аймағында  мұнай  шығарылды.  Жалпы  алғанда  ауыл  шаруашылық  шикізаттарын 
өңдейтін,  теріден  былғары  жасайтын,  май  шыжғыратын,  сабын  қайнататын,  спирт 
шығаратын  кəсіпорындар  басым  болды.  1901-1905  жылдары  Орынбор-Ташкент  темір 
жолы  салынды.  ХІХ  ғасырдың  аяғына  қарай  шаруашылықтың  дамуына  байланысты 
Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), 
Семей  банкісі  (1895  ж.),  Омбы  банкісі  (1895  ж.),  Верный  банкісі  (1912  ж.)  ашылды. 
Капиталистік  қатынастардың  дамуына  байланысты  сауда,  айырбас  ісі  қанат  жайды. 
ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жəрмеңкелер 

ашылды.  Алғашқы  жəрмеңке  1832  ж.  Бөкей  ордасында  ұйымдастырылды.  1848  ж. 
Қазақстандағы  ең  ірі  жəрмеңке  Талдықоянды  деген  жерде  ашылды.  Қарқара 
жəрмеңкесі,  негізінен  Қытаймен  сауда  жасайтын  ірі  орталық  болды.  1880  ж. 
Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жəрмеңке) болған. 
ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы 
дами  түсті.  Екі  ел  арасындағы  ірі  сауда  орталықтары:  Бұқтырма,  Кереку,  Өскемен 
бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.  
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1. Самодержавиенің аграрлық саясатытың мəнін айтыңыз? 
2. Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді? 
3. Капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды? 
4. Қандай өдірістер пайда болды?  
5. Банк – ақша қатынастары қалай жүрді? 
6. Столыпиндік реформалардың салдары неге əкеп соқтырды?  
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  3-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет. 
13 апта   
25, 26 кредит сағат  
№25, 26 дəріс 
Тақырып: 
ХХ ғ. 20-40 ж.ж. экономикалық жаңартулар. 
Дəрістің  мақсаты: 
Кеңестік  “Əскер  коммунизм  саясаты”  мен  ЖЭС-
экономикалық 
бағыты 
либерализациялау, 
индустриализация 
саясатының 
қорытындыларын деректер негізінде ашып көрсету. 
Қарастырылатын сұрақтар:  
1.  Кеңестік  «Əскер  коммунизм  саясаты».  2.  ЖЭС-экономикалық  бағыты 
либерализациялау.  Қорытындылар,  Қазақстандағы  маңызы.  3.  20-шы  жылдардағы 
республика  ауыл  шаруашылығындағы  жағдай. 4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 
жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық.  
Дəрістің мазмұны:   
1921-1922  жылдарда  патша  өкіметінің  жер  мəселесіндегі  отарлау  саясатының 
зардапты  мұраларын  жойған  Қазакстан  Түркістандағы  аграрлық  реформалардың 
жергілікті  ұлт  еңбекшілері,  сондай-ақ  қоныс  аударған  еңбекші  шаруалар  үшін  елеулі 
маңызы  болды.  Ол  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  ауылдардағы  кедейлердің  
салықтан  босатылып,  жеңілдіктер  алуына  жол  ашты.  Сонымен  бірге  оларда 
ұжымдандыру  алғашқы  қарапайым  түрлері:  сауда-саттық  жасау,  жабдықтау,  несиені 
пайдалану,  кейде  мəдени  ағарту  жұмысстарының  басын  біріктіретін  қарапайым 
кооперативтендіруді дамытуға жол салды. 
Мемлекеттік  кооперативтік  сауда  жүйесін  құрумен  бірге  даласында  сауда 
құрылысының  жаңа  мазмұнымен  байытылған  ескі  түрлері:  жəрмеңкелер,  сауда 
керуендері  болды.  Міне,  осының  нəтижесінде  1923  жылы  баяуырақ  болса  да,  ауыл 
шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар 
жəне құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл 
шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты. 
1924  жылы  сəуірде  РКФСР  үкіметі  Қазақ  АКСР-  інің  көшпелі  жəне 
отырықшылыққа  көшкен  халықтарын  жерге  орналастыру  туралы  жарлық  шығарды. 
Жерге  орналастыруға  байланысты  барлық  шығынды  мемлекет  өз  мойнына  алды. 
Отырықшыланған  шаруашылықтарға  салық  жөнінен  жеңілдіктер  берілді.  Ауыл 
кедейлері  мен  шаруаларына  қаржылай  көмек беру  ұйымдастырылып,  оның көлемі  1,5 
млн.  сомға    өсті.  Осы  жылдың  қазан  айында  ұжымдастырылған  шаруашылықтардың 
жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і 

жай  серіктестіктер  болды.  Ал  20-жылдар  аяғында  Қазақстанда  1250  мындай  жеке 
шаруа  қожалықтары  колхоздарға  ұйымдасты.  Мемлекет  техника  жəне  қаражат  беріп, 
еңбекші  шаруаларға  жеңілдіктер  жасап,  колхоздарға  көмек  көрсетуге  пейіл  қылды. 
Бірақ  көп  жерлерде  бұл  шаралар  тиісті  нəтиже  берген  жоқ.  Бұл  кезде  республикада 
совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мəселесін 
шешуге көмектесуге тиіс еді. 
Аграрлық  саясатты  іске  асыру  барысында  ірі  байлардың,  "жартылай 
феодалдардың"  ең  əуелі  малын,  сосын  еңбек  құралын,  одан  кейін  олардың  тұратын 
үйлерін  тартып  алып,  жер  аударып  жіберу  бағыты  алынды.  1927  ж.  желтоқсанында 
Республика  өкіметінің  жоғарғы  буындарында  ірі-ірі  байлар  шаруашылығын  тəркіге 
салу  жөніндегі  заң  жобасын  əзірлеу  үшін  комиссия  құрылды.  Комиссияның  төрағасы 
болып  Е.  Ерназаров  тағайындалды.  Оның  құрамына  О.  Исаев,  Н.  Нұрмақов,  Ғ. 
Тоқжанов,  О.  Жандосов  т.  б.  кірді.  1928  ж.  27  тамызында  Орталық  Атқару  Комитеті 
мен  Республика  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  мəжілісінде  тəркілеу  жөніндегі  Заң 
жобасы  қабылданып,  жарлық  қаулы  түріндегі  құжатқа  айналды.  Республика 
округтерінде  тəркілеуді  өткізу  жөніндегі  өкілдер  тағайындалды.  Ауыл-ауылға  тікелей 
мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді. 
Қаулыға сəйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі 
қараға  шаққанда  700  шаруашылықты,  жартылай  көшпелі  аудандарда  300  жəне 
отрықшы  аудандарда  150  шарушылықты  төркіге  салу  белгіленді.  Бұл  науқанды  1928 
жылдың  1  қарашасында  аяқтау  жоспарланды.  Науқанның  қорытындысы  бойынша  іс 
жүзінде  696  шаруашылық  тəркіге  салынды,  олардың  619-ы  тұрған  округінен  тыс 
жерлерге айдалды. Тəркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал жəне ауыл 
шаруашылық саймандары тартып алынды. 
Қазақ  байларын  тəркілеу  барысында  заңға  қайшы  көптеген  бұрмалаушылықтар 
орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дəулетті шаруалар 
шаруашылықтары  орынсыз  тəркіге  ұшырады.  Ал  қайсыбір  жерлерде  туысқан 
жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты. 
20-шы  жылдардың  аяғында  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  қазақтарды 
отырықшыландыруға  бағытталған  Шаралар    іске    асырылды.  Мұның    өзі   бастапқыда   
кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, 
ет  тапсырудан  құтқару)  арқылы  бірте-бірте  жүргізілетін  болып  белгіленгенмен, 
шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру əдісі белең алды. Көптеген жерлерде 
көшпелі  шаруашылықтар  бір  жерге  иіріліп,  киіз  үйлерден  көшесі  бар  қалашықтар 
құрылды.  10-15  күннен  кейін  ондағы  адамдар  жан-жаққа  ешкімді  тындамай  қашуға,
 
көшуге  мəжбүр  болды.  1930-31  жылдарда  осындай  зорлап  отырықшыландыру 
зобалаңына  ұшыраған  мал  шаруашылығымен  айналысатын  25  ауданнан  35  мыңнан 
астам  шаруашылықтар  республикадан  тыс  жерлерге  көшіп  кетті.  Маңғыстау  ауданы 
(Батыс  Қазақстан)  халқының  50  пайызы  Қарақалпаққа,  Түркіменияға,  Ресейге  көшіп 
кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы 
бойынша  -  82,2,  республика  бойынша  -  51,8  пайызға  қысқарды.  Жалпы  Қазақстан 
бойынша  1931  жылдың  тамыз  айына  дейін  281  мыңнан  астам  шаруа  қожалықтары 
республикадан  тыс  жерлерге  көшіп  кетті.  Ал  бұл  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі 
шаруашылықтар  жаңа  экономикалық  саясатты  іске  асыру  барысында  өздерінің 
малдарының  санын  көбейтіп,  қалаларға  ет,  жүн,  т.б.  шығарып  сатып,  жағдайларын 
біраз түзеп алған болатын. 
Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық 
шаруашылығын  қалпына  келтіруге,  өнеркəсіп  орындарын  салып,  кəсіпорындардың, 
жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың əрекетін 
тежеп,  əміршіл-əкімшіл  басқару  əдісіне  көшуге  біржола  бетбұрыс  жасалды.  НЭП 

жылдарында  Орташаланып  калған  ауқатты  шаруалар,  қаладағы  жағдайын  біраз  түзеп 
алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына 
бастады.  Саясаттағы  солақайлық  етек  ала  берді.  Халықты  ызғарымен  ықтырып, 
тұманымен  тұншықтырып,  отына  күйдіріп  Сталин  бастаған  əміршіл-əкімшіл  басқару 
жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты. 
20-шы  жылдардың  басында  қабылданған  жаңа  экономикалық  саясат  бойынша 
шаруаларды  ұжымдастыру,  халықтың  материалдық  əл-ауқаты  мен  мəдени  дəрежесін 
көтеру  сияқты  күрделі  мəселелер  шешіледі  деп  есептелінді.  Шаруалар  кооперациясы 
мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау 
арқылы  жүзеге  асатын  шаралар  ретінде  қаралды.  Жаңа  экономикалық  саясаттың 
алғашқы жылдардағы тəжірибесі оның мүмкін екенін дəйектеп берді. 
Алайда,  20-шы  жылдардың  екінші  жартысында  жаңа  экономикалық  саясат 
негізінде  қалыптасқан  шынайы  бағыт  түбірінен  өзгерді.  Басты  міндет  -  ең  зəру 
көкейкесті  мақсат  индустрияландыруды  қызу  қарқынмен  жүргізу  деп  жар  салынды. 
Индустрияландыру  қам-қарекетін  қамтамасыз  ететін  қорды  жинауды  шаруалар 
қауымын  тікелей  жəне  жанамалап  экспроприяциялау  есебінен  жүргізу  көзделді.  Атап 
айтқанда,  бұл  мақсат  мемлекеттендірілген  колхоз  жүйесін  жасау,  яғни  шаруаларды 
ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ 
шенінде  бүкіл  елдегі  сияқты  Қазақстанда  да  колхоздастыру  науқаны  басталды.  Бұл 
шараның  іске  асырылуына  шаруалардың  тілегі  мен  ықыласы  себеп  болған  жоқ,  ол 
жоғарыдан берілген əмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 
1932 
жылдың 
көктеміне 
қарай 
аяқтау 
белгіленді. 
Шаруаларды 
күштеп 
ұжымдастырудың  арқасында  республикада  колхоздар  саны  қауырт  өсіп  1927  жылы 
1072  болса,  1928  жылы  -  2354,  ал  1929  жылы  -  4876-ға  жетті.  Бұлар  колхоздастыру 
саясатын  жүргізудегі  жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізу  үшін  құрылған  жасанды 
шаруашылықтар  еді.  Оларды  құру  барысында  небір  сұмдык  зорлыққа,  күштеуге  жол 
берілді.  Ол  тұста  қабылданған  бірнеше  қаулы-қарарлардың  заңдылығын  тексеру 
барысында  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Кенесінің  Төралқа  комиссиясының  1992 
жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен 
мағлұматтар колхоздастырудың қандай əдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік 
береді. 
Колхоздастырудың  1929  жылдың  орта  шенінен  басталғаны  белгілі.  Оның  құлаш 
жаюы  Сталиннің  сол  жылғы  7  қарашадағы  "Правда"  газетінде  "Ұлы  бетбұрыс"  деп 
аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл 
жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тəркілеу аяқ-
талған  болатын.  Енді  жана  экономикалық  саясат  негізінде  жүргізілген  шаруаларды 
кооперациялау  ісі  мемлекет  бағыттап  отырған  күшпен  ұжымдастыру  шарасына  орын 
берді.  Ал,  бұл  шара  шаруа  қауымының  игілігін  ойлаудан  тумады,  тек 
индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. 
жаңа  экономикалык  саясатын  дамыту  бағыты  тұйықталып  тасталды.  Ондаған  жылдар 
бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік 
етті. 
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың 
ең  басты  шарты  -  əміршіл-əкімшіл  террорға  сүйенген  экономикалық  емес  жарлықтар, 
шаруалар  қауымын  кооперациялау  идеясын  жаманатты  қылып  қоймай,  оның  пайдалы 
жақтарын  да  құртып  жіберді. 
  «
Ұлы  бетбұрыс»  селолық  құрылымдарды  қатігез 
қаталдықпен  аяусыз  қиратып,  қоғамның  болашақта  туатын  проблемаларын  біртіндеп 
əзірлей бастады. 
Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде 
астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері əсер 

еткен,  оларды  кеңес  өкіметін  жек  керуге  итермелеген  екінші  бір  үлкен  шара  болды. 
Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен 
асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мəжбүр болды. 
Мұның  өзі  қойлардың  жаппай  қырылуына  соқтырды.  Егіспен  айналыспайтын 
шаруашылықтардан  астық  талап  етілді.  Салғыртты  орындамаған  қожалықтар  сотқа 
тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары 
сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді. 
Колхоздастыру  осындай  ауыр  жағдайда  басталды  да,  оны  басқару  əкімшілік, 
зорлық,  күштеу  əдістерімен  жүргізілді.  Егер  1928  жылы  Қазақстанда  колхозға  барлық 
шаруашылықтардың  екі  пайызы  ғана  кірсе,  1931  жылдың  күзінде  шаруаларды  70-тен 
100  пайызға  дейін  колхоздастырған  аудандардың  саны  78-ге  жетті.  Бұл  тұста  өлкеде 
122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды 
тап  ретінде  жою  шаралары  іске  асырылды.  Жергілікті  орындарға  жеткізілген  нұскау 
бойынша  жойы-луға  тиісті  бай-кулак  шаңырактары  барлық  шаруашылықтың  жалпы 
санының  3-5  пайызынан  аспауы  керек  деп  ескертілді.  Бірақ,  осыған  қарамастан 
əміршіл-əкімшіл жүйенің асыра сілтеу əрекетімен тəркіге салынғандар саны кез келген 
жерде  ең  жоғарғы  көрсеткішке  жеткізілді.  Нəтижесінде  тек  1930-1931  жж. 
республикадан  тыс  жерге  бай-кулак  деп  "жер  аударылып"  жіберілген  шаруалар  саны 
6765  адамға  жетті.  Ондаған  мың  шаруалар  тұрған  округтерінен  республика  ішінде 
басқа жерлерге көшірілді. 
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия 
комитеті  жергілікті  белсенділермен  бірге  кəсіпорындардан  сегіз  мың  жұмысшыны 
тартты. Мұның үстіне республикаға Мəскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, 
Ленинградтан  партияның  шақыруымен  1204  «жиырма  бесмыңыншы»  келді.  Бірақ 
бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мəні мен механизмін жете түсінбеді. 
Көптеген əкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау 
болды.  Мұндай  топтаудың  салдарынан  шаруалар  мал  өрісінен,  су  мен  шөп  іздеп, 
жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды. 
Əміршіл-əкімшіл  жүйенің  нұсқауымен  Қазақстанның  барлық  аймақтарында 
ұжымдастыру  егіншілік  шаруашылықтарында  да  қандай  қарқынмен  жүргізілсе,  мал 
өсіретін  шаруашылыктарда  да  ол  сондай  қарқынмен  жүргізілсін  деп  талап  етілді. 
Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ. 
Колдағы  малды  қоғамдастыру  нəтижесінде  колхоз  фермалары  құрылды.  Кейбір 
жерлерде  алып  коммуналар  ұйымдастырылып,  олар  өте  көп  шарушылықты  біріктірді. 
Соның  нəтижесінде  фермаларға  жиналған  қисапсыз  мал  күтімнің  кемдігінен,  шөптің, 
жайылымның  жетпеуінен  қырылды.  Колхозға  кірмеген  жеке  шаруашылықтарда  мал 
ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 
6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 
516  мыңнан  316  мыңға,  түйе  1  млн.  42  мыңнан  63  мыңға  азайып  кетті.  Қазақстанның 
осы  жылдары  одақ  бойынша  тауарлы  астық  өндіруден  үлес  салмағы  9  пайыздан  3 
пайызға  кеміді.  Халықтың  тұрмысы  нашарлап,  қайыршылануы  күшейді.  Мұның  өзі 
шаруалар  бұқарасының  наразылығын  туғызбай  қойған  жоқ.  1929-1931  жылдарда 
шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, 
Бұқтырма,  Ырғыз,  Қазалы,  Қармақшы,  Самар,  Абыралы,  Биен-Ақсу,  Шыңғыстау, 
Бөрібаев,  Қастек,  Балқаш,  Шұбартау,  Маңғыстау  т.б.  жерлердегі  шаруалар  көтерілісі 
аяусыз  басылып,  оған  қатысқандардан  5551  адам  сотталды,  олардың  883-і  атылды. 
Жалпы  алғанда  күштеп  ұжымдастыру  кезінде  Қазақстанда  100  мыңнан  астам  адам 
жазаланды. 
Көшпелі  қазақ  мал  шаруашылықтарын  күштеп  отрықшыландыру  жəне 
ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика 

экономикасының  құлдырап  төмендеуі  1932-1933  жылдардағы  қуаңшылықпен  тұстас 
келді.  Осындай  елді  арылмас  сорға  душар  еткен  қолдан  жасалған  қастандық  пен 
табиғаттың  рақымсыздығынан  осы  екі  жылда  республикада  аштықтан  өте  көп  адам 
қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, 
яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да 
сан жағынан кеміді. 
 Қазақстанға  Ф.  И.  Голощекиннің  елкелік  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы 
болып  келуі  қазақ  халқына  адам  айтқысыз  бақытсыздық  əкелді.  Голощекин  əміршіл-
əкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық əдіс қолдану 
арқылы  қазақ  зиялыларын  бір-біріне  айдап  салды,  "халық  жауы"  деп  жала  жауып, 
мындаған  қазақ  азаматтарының  қанын  төкті.  Голощекиннің  тікелей  басшылығымен 
1929  жылы  -  31,  1930  жылы  -  82,  1931  жылы  -  80  жалған  "контрреволюциялық 
ұйымдар"  ашылып,  бұл  ұйымдардың  мүшесі  болды  деген  жаламен  он  мыңға  тарта 
қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. 
Сөйтіп,  тарихшы  ғалымдардың  соңғы  жылдардағы  зерттеулері  көрсеткендей, 
қазақ  халқы  аса  ауыр  шығынға  ұшырады.  Ашаршылықтан  жəне  онымен  байланысты 
туған  эпидемиялардың  салдарынан,  сондай-ақ  өлім-жітімнің  көп  болуы,  халықтың 
басқа  республикаларға,  Қытайға,  Иранға,  Монғолияға  т.б.  елдерге  ауа  көшуі 
нəтижесінде  Қазақстан  бірнеше  миллиондаған  адамдарынан  айырылды.  Қазақстанда 
жіберілген  орны  толмас  қателіктер  мен  бұрмалаушылықтарды  Мəскеудегі  орталық 
аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бəлені соларға жапты. 1933 
жылдың  басында  Ф.  И.  Голощекин  орнынан  алынып,  Өлкелік  партия  комитетінің 
бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді 
жіберілген  кателіктерді  жəне  республикада  қалыптасқан  ауыр  жағдайды  түзету 
басталды. Əсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз 
отырықшыландыру  мəселелеріне  айырықша  назар  аударылды.  Іске  асырылған 
шаралардың  нəтижесінде  тек  1934  жылы  мал  саны  16,4  пайызға  өсті.  Бірақ,  мұндай 
алғашқы  қол  жеткен  табыстар  орасан  бүліншілікке  ұшыраған  республика  өмірінің 
қоғамдық жəне экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына 
дейін  Қазақстаннан  тыс  ауа  көшкен  жүз  мыңдаған  қазақтар  қайтып  оралмады,  өлкеде 
қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. 
басқа  ғана  жетті.  Ал  қазақ  этносының  бұрынғы  санын калпына келтіру  тек  Ұлы  Отан 
соғысынан  кейінгі  жылдары  болған  күшті  демографиялык  өсудін  арқасында,  яғни  40 
жылдан кейін ғана іске асты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет