Қалалар құрылымы: қала махалласы, қоғамдық құрылыстар, бекіністер.
Қаланың сұлбасын құрайтын көшелер жүйесі едəуір күрделі болған. Мысалы,
Отырарда оңтүстік жəне солтүстік кіреберістерді жалғастыратын орталық
магистральдан басқа, меридиан бағытта созылып жатқан, оны тағы да кесіп өтетін 6
көше болғандығы анықталды. Кейінгі орта ғасырлық қаланың махалласы бұрынғыдай
негізгі құрауыш болып қала берді.
Отырар махалласы бір-біріне жапсарластырыла əрі тығыз салынған жоспары тік
бұрышты, трапеция тəрізді жəне көп бұрышты тұрғын үйлерден тұрды. Əдетте, үйдің
есігі магистраль немесе махалла ішіндегі көшеге қаратылды, ал кіріс-шығыс шағын
көшелер арқылы жүргізілді, қажет жағдайда ол үлкен қақпалармен жабылса керек.
Махалла 6-20 үйден тұрды жəне аумағы 1500 шаршы метрден аспады.
Қаратаудың теріскей беткейіндегі мерзімі XVI-XVIII ғасырлар деп белгіленген
Раң жəне Күлтөбе қала жұрттарының құрылымына да осылайша махаллалар етіп салу
тəн, Саураннан, Қотаннан, Бұзықтан нақ осындай құрылым ағңарылады.
Махалла қаланың аумақтық жағынан бөлшегі ғана емес, сонымен қатар əкімшілік
бөлінісі де болатын, махаллалардың ақсақалдары арқылы жұмыс істеген қаланың билік
орындары онымен іс жүргізіп отырды.
Махаллалардағы археологиялық материалдар негізінде жаңғыртылған əлеуметтік
көрініс ( неғұрлым ерте кездер үшін де атап өтілгендей) біртектес болмаған. «Байлар»
жəне «кедейлер» махаллалары болып бөлінбеген. Əрбір махаллада көп бөлмелі екі-үш
үлкен үй, бір, екі жəне үш бөлмелі бір-екі үй болды, қалғандары – көлемі жағынан
деңгейлес үйлер еді.
Махаллалардың, онда тұратын адамдардың қызметі бойынша мамандандырылуы
туралы мəселе назар аударуға лайық дүние. Отырарда бір махалланы ғана «қыш-
құмырашылар махалласы» деп сипаттауға болады. Басқа махаллалардың бəрі
тұрғындарының кəсіптік құрамы жөнінен əртектес. Оларда қыш-құмырашылардың,
темір ұсталарының, тас өңдеу мамандарының, тоқымашылардың үйлері де кездеседі.
Жазбаша дерек көздеріне қарағанда Оңтүстік Қазақстандық кейінгі ортағасырлық
қалаларда культтық – мешіт, кесене, медресе, ханака секілді құрылыстар болған. XVI
ғасырдағы Сауран медресесін əспеттеп сипаттаған деректемелер бар. Қазіргі таңда
олардың болғандығын археологиялық мəліметтер де растап отыр, мəселен, алғаш рет
зерттеулер нəтижесінде XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдағы Отырар мешіті
аршылды.
Өз құрылысы бойынша моншаның ерте кездердегі отырарлық моншадан еш
айырмасы болмады, мұны да зерттеушілердің нақты зерттеулерге негізделген пікірі
айқындап отыр.
Дала билеушілерінің Сырдария қалаларын иелену жолындағы қиян-кескі күресі
кезеңінің барысында бірінші кезекте қалалардың өздері зардап шекті, бұл кезеңде
олардың əрқайсысында күшті бекініс жүйесі болуға тиіс еді. Соңғы орта ғасырлар
тарихшыларының шығармаларында қала қабырғаларының биіктігі мен беріктігінің,
орлар тереңдігінің мейлінше əдемі суреттелетіні тегін емес. XVI ғасырдың соңғы
ширегіндегі Сауранның қалалық бекіністерінің сипаттамасын жасаған сол замандағы
автордың бірі «кіретін жəне шығатын есіктері» бар бекіністі қорғандарды, бекіністі
дуалды (баре), орларды (хандак) атайды. «Бекіністік ор жағасының сырт жағынан биік
болғаны сонша, - деп жазады ол, - өзенге ұқсайтын... Осы ордан қорғанның басына
дейін елу гяздай болатын...».
Сауранның бекініс құрылыстарының қалдықтары осы кезге дейін керемет əсер
қалдырады. Сауранның дуалы шикі кірпіш араластырып қаланған күйдірілген балшық
блоктармен салынған. Оның сақталып қалған биіктігі қазірдің өзінде 6 метрге жетеді.
Қалалық тұрғын үй. XVI-XVII ғасырлардағы тұрғын үйлер алдыңғы уақыттағы
даму бағытын жалғастырды.
Бірақ, XVI ғасырдың екінші жартысы - XV ғасырдың бірінші жартысындағы
тұрғын үймен салыстырғанда үй-жайлардың ішкі безендірілуінде кейбір жаңа
элементтердің пайда болуын атап өткен жөн. Тандыр түпкі бұрыштан есікке
жақындатылады. Ташнауға арналған орын екінші кезектегі жайды, ауланы, не айуанды,
не тұрғын жай мен қойманы “жинақтайтын” тəрізді. Ташнаудың тек тұрғын жайларға
қажетті болуы міндетті емес,олар қоймалар мен аулаларда да болған. Орталық тұрғын
үй бөлмесінің көп бөлігін алып тұратын сыпалар (сəкілер) еденнен 30-40 см жоғары
болған. Оған аузы сəкінің шетіне шығып тұратын тандыр орнатылған. Мұржа
тандырдың қабырғасыдағы дөңгелек тесіктен басталады, ол сəкі астынан қабырғаға
немесе бұрышқа дейін ең қысқа жолмен салынған. Мұржа үйдің қабырғасындағы тік
қуысқа қосылған.
Тандырдың тұсындағы сəкінің (сыпаның) бұрышына көлемі 0,5-1,0х0,5-1,0м.
болатын төрт бұрышты дөңгелектер орнатылған.
Оның мақсаты айқын, ол көмір шоқтарына арналған жер. Үй-жайдың жалпы
безендірілуінде тандыр мен оның алдыңғы ташнау алаңшасы шаруашылық істер
атқарылатын жер болып табылады. Мұнда сыпа үстінде, тадырдың жанында əдетте
қыштан жасалған ыдыс тұрады. Ташнаудың жиегінде немесе алаңшада диірмен
тастары жатады. Тұрақты пайдаланатын диірмен тасы ретіндегі арнаулы дөңгелек
дөңбектер де кездеседі.
Тұрғын жайлардың бұрыштарына ұралар жасалып, көзе,құмыра түріндегі
ыдыстары көмілген. Ал кейде бөлменің ортасында, бұрышына жақын жерде саңылау
тəріздес ұра болған. Бөлменің қабырғаларында керек-жарақтарды сақтауға арналған
сөрелер жасалған. Сəкілерге қамыстан немесе шиеден тоқылған төсеніштер төселіп,
олардың үстінен киіз, мақта салынған көрпе жайылған. Қазба жұмыстары кезінде
шиелердің іздері мен шірінділері, сондай-ақ киіздер мен мақта салынған көрпелердің
қалдықтары табылды. Қоймалар астық қорларын, сұйық жəне үгітілмелі өнімдерді
сақтауға арналған.
Үйлердің бір бөлігінде шағын аулалардан басқа, махалла ішіндегі шағын көшеге
қаратылған албар бар. Ол тегінде, мал ұсталатын қаша ретінде пайдаланылса керек.
Сəті түсіп анықталғанындай, мал сонымен бірге үйлердің арнаулы орындарында немесе
үйлер арасындағы қашаларда ұсталған.
Тұрғын үйлер тік бұрышты шикі кірпіштен тұрғызылды. Шаршы тəріздес, жан-
жағы 24-25 cм,қалыңдығы 4-6 cм күйдірілген кірпіштер еденге, сыпа (сəкі)
бұрыштарына, пештің аузына пайдаланылды. Сондай-ақ саз балшықтан өрілген
қабырғалар мен далда (қалқа) кездеседі. Құрылыс ісінде каркас конструкциялары да
қолданылады
Соңғы орта ғасырлардағы тұрғын үйлерге талдау жасау оның алдыңғы кездегі
тұрғын үйлермен байланысын көрсетеді. Мəселен, ортадағы жай, бұрынғысы сияқты,
тұрғын үй жəне шаруашылық міндеттерін біріктірген. Онда əр түрлі орындар-бүкіл
сыпа бетін алып жататын тұрғылықты жер, тандырмен қатар жəне бөлменің
бұрыштарындағы ташнау алаңы шегінде орналасқан шаруашылық бөлімі айқын
аңғарылады.
Алайда, соңғы орта ғасырлардағы тұрғын үйдің жоспарлануы мен тұрғызылуында
дəстүрлі сипаттардың сақталуымен қатар жаңа белгілер пайда болады. Үйлерде
бөлмелердің саны ( 5-6 бөлмеге дейін)
Егер Қасым хан тұсында (16 ғ.бас кезі) халықтың санын 1 миллион адам деп
есептесек, онда кейінгі ортағасырлық қалалық тұрғындардың саны 7 пайыз болады.
Қалалар функциясы. Бұрынғы кезеңдердегідей қыш ыдыстар қалалардан коптеп
кездеседі. Өндіріске мамандану өріс алғандығы байқалады. Ірі шеберханаларда су
таситын құмыралар, екі ұстағышты ыдыстар мен хумдар секілді бұйымдардың белгілі
бір түрлері жасалды.
Ашық аулаларда орналасқан пеші бар шағын шеберханалардан да
мамандандырылу сипаты байқалады. Олар ұсақ жəне сырланбаған пиала, кесе,
тостақша түріндегі ыдыстарды өндірді.
Ұсталық жəне металлургия бұрынғыдай қалаларда кең таралған. Қала
жұрттарынан табылған крицтер мен темір балқытатын пеш қалдықтары өте көп. Жер
жыртатын құралдардың екі жалпақ темірден жасалған түріндегілер табылған. Соғылған
құралдармен қатар құйма құралдары да ұшырасқан.
Қолөнершілер
шойыннан
қазандар
да
құйып
шығарған.
Шойыннан
дөңгелектердін төлкесі де жасалған, əдетте, олар құйып істелген. Бірнеше темір кетпен
табылды. Темірден одақтар мен балта- шоттар дайындалған.
Темірден орақ, балта-шот, т.б. тұрмысқа қажетті үшкір сымдар, шынжыр
сақиналар, ілгектер, шегелер дайындалды.
Этнографиялық байқаулар темір өндіру мен одан бұйымдар жасау ісінде
мамандану болғанын дəлеледейді. Ең көп мамандану темір ұсталығында байқалды.
Мыс ісі қаланың қолөнер кəсіпшілігінде бұрынғысы сияқты зор рөл атқарды. Ол
жөнінде қола ыдыстың табылуы бойынша мəлім. Қоладан құйылған бұйымдардың
саны көп тобы көлемі үлкенді-кішілі əр түрлі қоңыраулардан құралады. Отырардағы
қазба жұмыстары кезінде қоңыраулармен басқа да бұйымдар құюға арналған кішкене
қалыптар табылды.
Білезіктерден сынақ бөліктері коп табылған, бірақ өсімдік жəне нүктелі қақтаумен
безендірілген бүтіндері де бар. Білезік ұшы кейде жыланның басы тəрізді етіп жасалды.
Зергерлер кəсіпшілікте түрлі-түсті тастарды: сердоликті, қызыл тасты, яшманы,
көк тасты, жұзақты, агатты, серпентиндерді, мөлдіртасты кең пайдаланған. Тастар
моншақтар, жүзіктердің көздерін дайындау үшін, сондай-ақ жүзіктердің өздерін
өндейтін материал ретінде қолданылған.
Серпентиндерден, яшмадан, көк тас пен лағылдан жасалған ромб тəрізді алқалар
тобы да ерекшеленеді. Сондай-ақ түрлі- түсті тастарды қарсы ілгіштер, қапсырмалар
жəне басқа да заттар жасалған.
Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардың дəлелдеп отырғанындай,
зергерлік өнер жоғары даму деңгейінде болған. Шеберлер əр түрлі техникалық
тəсілдерді: қақтау, құю, соғу, қалыптау, оймалау, қаптап ширату, алтын жалату, күміс
ойып орнату əдістерін білген жəне қолданған. Олар күміс жəне қола сымдар дайындау,
түрлі-түсті тастарды қырлау мен тегістеу, тесу əдісін білген.
Жоғарғы дамыған зергерлік өнер дəстүрі Қазақстанда 19- 20 ғасырдың басында да
сақталып, дами түсті. Зергерлер басқа да қолөнершілер бұқарасынан ерекше болды.
Олардың өнімдері сырттан əкелінген бұйымдармен бəсекеге ойдағыдай төтеп берді.
Көптеген əшекейлердің өзіндік ерекшелігін, олардың пішімін, өрнектердің үлгілерін
атап өту маңызды, олардың арғы үлгілері Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары
қолөнершілерінің өнерінде жатыр.
Қола құюшылар белбеулерге айылбастар мен қапсырмалар, көшпенділерде зор
сұранысқа тұймелер мен жоқ сақиналар дайындалды. Құюмен қатар металл өңдеудің
басқа да əдістерін: қалыптау, оймалау, т.б. пайдаланды. Сірə, мыс пен қоладан
бұйымдар жасау техникасына мамандану орын алса керек.
Шыныдан ыдыс-аяқ пен əшекейлер (моншақ, алқа) жасалған. Ыдыстар арасында
саптаяқ, тостағандар, бокалдар, графиндер бар. Жасыл, сары, қызыл жəне қызғылт
шыныдан жасалған маржан кезіккен.
Сүйек өңдеу Қазақстан қаласындағы дəстүрлі қолөнер болған. Жабайы аңдар мен
үй жануарларының мүйізі мен жілік сүйектері өңдеу материалы ретінде пайданылды.
Жылқы мен сиырдың үзынша сан жіліктерінен жүн өңдеуге арналған
жылтыратқыштар, балалар бесігіне арналған жабдық (сувак) жасалған. Кəрі жіліктін
көп мөлшерде тескіштер мен біз жасалған.
Құмтас пен граниттен жасалған қол диірмендер қазба жұмыстары кезінде ең жиі
кездесетін олжалардың бірі болып табылады. Қол диірмендермен қатар диаметрі 1
метрден 1,5 метрге дейін жететін диірмен тастарының қалдықтары табылды, олар
жегілген мал күшімен айналдырылған.
Еркебулан
XVI ғасырмен мерзімделінетін мыс теңгелердің басым болуы бұл кезенде мыс
кала рыногында маңызды рөл аткарады деп пайымдау жасауға мүмкіндік береді.Бұл
сол замандағы бүкіл Орта Азияға тəн құбылыс еді.
XVII-XVIII ғасырлардағы мыс мəнеттердің айналымдағы сауалдары Орта
Азиялық нумизматикадағы аз зертелген мəселенің бірі болып табылады. Кейінгі орта
ғасырлық мыс теңгелердің нақты айқын белгісі жоқ. Ең көп аниэпиграфтың теңгелер
құрайды. Олардың бір жағында аң, екінші жағында құс бейнеленген,аң бейнеленген
кейбір теңгелердің екінші жағы тегіс.
Мыс көмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович
патшаның есімі кездесетін 1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс тиынның болуы
негіз береді.
Қалалардың аты қойылмай соғылуында іс жүзінде алде бір саяси жəне фискалдық
мақсаттар көзделмеген,қалалар өмірінде рөл атқарған рыноктық саудвны қамтамасыз
етуге ғана арналған.
XVII ғасырдың аяағынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ, Аққорған,
Үзгент өмірінің бітуімен байлынысты, бұл қалалардың жұрттарынан табылған
нумизматикалық олжалардан да көрініс табады.
Егіншілік. Орта ғасырлардығы қала тұрғынын өміріндегі қосалқы егіншілікпен
айналысу маңызды өмір атқарды. Олардың қала сыртында өңделетін жер телімі болып
жазда соған көшіп барған. Бұл тұрмыс белгісі Қазақстанда бүкіл орта ғасрлар бойында
сақталып қалды. Егіншілік пен мал шарашылығы ауылдық қоныс тұрғындарының
негізгі кəсібі болды. Жазбаша деректемелерде, бірінші кезекте халықта сумен
жабдықтаған жəне егістікті суаруға падаланылған арналар аталады.
Түркістан қаласы кең байтақ жəне бай егіншілк өңірінің орталығы болды.
Уассифидің жазғанындай,Сауран төңірегінде XVI ғасырда суландырудың тəріздік
жүйесі болып жұмыс істеген,оның қалдықтарын археологтар тапты.Отырар, Отырар
жазирасы XV-XVII ғасырларда суы темір арық жүйесінен алып отрған, оның басы
қазіргі Шəуілдерден 10 км жоғарыдағы Арыстан басталған. Орта ғасырлық дерек
көздерінде түрлі суармалы арықтар аталып отырды.
Осы деректердің бəрі қалалар мен ауылдар өміріндегі егіншіліктің зор рөл
атқарғанын далелдейді.
Қала өмірін зерттеушілер шығыс деректерінің мəлімкттеріне сүйеніп
келіп,қалалрдың жартылай аграрлы сипатта болғанын тура көрсетеді,олар қала
халықтарына жер салығы-хараж саланғанын жəне егіншілік кəсіппен байланысты
алымдар:суландыру жүйесін салу мен тəртіпті ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған
салық-мардикар жəне əскер үшін астық пен салт мінетін жəне жүк артатын көлікке
арналған жем түрінде берілгетін азық-түлік тағар төлегенін ерекше атап өтеді.
Сонымен,соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының аграрлануы арта
түскен жазбаша деректер мəліметтері де, археологиялық материялдарда дəлелдеп отыр,
көшпелілерде астық пен мақта-мата сатуда делдалдық рөл атқару ғана емес , сонымен
қатар осы өнімдерді-мақтаны да, астықты да, басқа егіншілік өнімдерді де өндіру
олардың міндеттерінің біріне айналды. Егер қалалық қана емес отырықшы-егіншілік
аймақ өнімінің күрт қысқаруын, көшпелілер рыногы ауқымының қысқармағандығын
ескерсек, бұл жағдай түсінікті де.
Қалалық мəдениеттің даму жолы. Бұл уақыттағы қалалық мəдениеттің маңызды
белгісі оның дəстүрлілігі болып табылады. Қалаларда ертеректегі жоспарлар сақталды.
Магистраль көшелердің тығыз торабындағы махалла ішіндегі көшелер тұйық көшелер
жүйесі өзгермейді. Махаллалар өз кескінімен шекарасын сақтап қалды.
Интерьердің өзгеруі айқын байқалады. Күйдірілген кірпіш көп көлемде
пайдаланылған үйлерде бар;
Тандырдың аузын əрлендіру үшін арнайы керамикалық плиткалар қолданылады.
Қалаға көрік беріп тұрған қоғамдық құрылыстар арасындағы мешіттер дəстүрлі
түрде салынды. Моншалар жұмыс істеді. Сонымен, XV ғасырдың екінші жартысы –
XVIII ғасырлыр мəдениетінің ерекшелігі оның дəстүрлілігі болып табылады. Бұл
дəстүр қазақтардың өзіндік мəдениетінің дамуында ерекше маңыз алдыю орта
ғасырлардағы қалада жасалынған сан алуан заттардың көбі қазақтар мəдениетінің етене
бөлігі болып табылады.
Көпжылдық археологиялық зерттеулер Қазақстан аумағындағы адамзат
қоғамының тарихи дамуының негізгі кезкңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. Оның өз
кезкңдерін палеолит пен неолит дəуірлерінен бастайтындығы анықталған. Ежелгі
тайпалардың тарихи дамуындағы келесі кезең республиканың барлық аудандарынан
ашылған қола дəуірінің жойқын мəдениеттерінен көрінеді. Бұл кезең тығыз
қоныстанған жəне аз игерілген өзіндік мəдениеттің жетекші орталықтары айқындалып,
бақташылық мал шаруашылығы дами түсті, Жезқазған, Қалба мен Нарым, Степняктағы
көптеген мыс,қалайы, алтын, кен орындары игеріле бастайды. Дəуірдің соңында мүлік
теңсіздігінің алғашқы белгңлері пайда болды, бұрығы біртұтас рудан отбасылық жеке
меншіктің бастауы – патриархалды отбасы бөлініп шығады.
Қола дəуіріндегі тайпалар мəдениеті көшпелі мал шарушылығы мен темірді
өндеуге көшудің алғы шарттарын қалыптастырды.
Республика аумағындағы тайпалық одақтардың қалыптасу тарыхы мен
отырықшы-егінші қала мəдениетінің дамуы жөнінде сақ, савромат, үйсін, сарматтар
мен қаңлылардың ескерткіштерінен алынған металл, тас пен сүйектен жасалған еңбек
құралдарының, қару-жарақтың мол жиынтығы көп жайтты баяндайды. Сан алуан əрі
əркелкі қыш ыдыстары тұрмыстық мəдениет дамуын айғақтаса, көркемдік бұйымдары,
асыл металдар мен жарқырауық тастардан жасалған əшекейлер қолданбалы жəне
бейнелеу өнерінің жанданғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл тайпалар Қазақстанның
заттық жəне рухани мəдениетінде өзңндік ізін қалдырды.
Орта ғасырларда, шамамен VI-VIII ғасырлардан бастап Қазақстандағы жетекші
мəдени орталық Оңтүстік Қазақстан болды, мұнда ерекше əрі əсем отырықшы
мəдениет өалыптасып, қала құрылысы өркендейді, қолөнер өнеркəсібі дамиды, керулен
саудасы жанданады. Сырдария, Шу, Талас өзендері алабында бірқатар отырықшы-
егінші қоныстар мен қалалар пайда болады. Өнім өндіруде феодалдық тəсіл жетекшілік
орынға шыққан X-XII ғасырларда қалалық мəдениет мейлінше өркендейді. Осы
уақыттарда феодалдық дəуірге тəн биік саз балшықты қабырғалары, орлары мен
күшейтілген қорғаныс мұнаралары бар қалалар толығымен қалыптасады. Талас өзені
алабында «көпестер қаласы» Тараз, Сырдарияда Отырар, Сығанақ, Сауран, Жетісуда
Суяб, Баласағұн, Алматы қалыптасады. Қалалық тұрмыс-салт XIII-XVIII ғасырларда да
өз жалғасын тапты. Қалалар бұрынғыдай Қазақ хандығы тұсында да қолөнер мен сауда
орталығы ретінде белгілі болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар өз жалғасын
табуда, олар ғылымды жаңа ашылуларымен толықтырып, ежелгі Қазақстан тарихының
беттеріне жаңа леп əкеледі деген сенімдеміз.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалаларды атаңыз?
2. Қалалар жəне қала тұрғындары саны
3. Қалалар құрылымы туралы не білесіз?
4. Қалалардың болуы нені білдіреді?
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. –
Алматы: «Атамұра», 2010. – 640 бет.
9 апта
17, 18 кредит сағат
№17, 18 дəріс
Тақырып: XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дəстүрлі
шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары.
Дəрістің мақсаты: XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дəстүрлі
шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептеріні мен алғышарттарын деректер
негізінде көрсету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1) Қазақ-жоңғар соғыстырының негізгі себептері.
2) Ресейдің отаршылдық саясатының басталуы.
3) Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауы.
Дəрістің мазмұны:
1. ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік жəне солтүстік-батыс территорясын
орта жəне кіші жүз қазақтары қоныстанды. Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік
– шығыс жəне орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер
бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай жəне башқұрттардың Оралдағы
солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі
батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі жəне Арал теңізі жағалауына
Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді жəне солтүстікте Ор, Елек, Жайық
өзендерімен шекаралас жерлерді қоныстанып жайлаған. Жоңғар шапқыншылығы
зардаптары отра жүз, кіші жүз қазақтарының ата қоныс аумақтарына өзгерістер
еңгізуіне мəжбүр етті. Орта жүз Жайық өзенінің жоғарғы ағысына Тобыл, Есіл, Ертіс
өзендерінің төменгі ағысы сағаларына ие болып қалған. Ал, кіші жүз Каспий теңізіне
жəне Жайық, Еділ өзендеріне қарай қоныстарын жылжытты. Сол кезде Қазақ даласы
Ресей мен Қытай сияқты екі мықты алпауыт мемлекеттердің назарында болды. Бұл
мықты мемлекеттер Еуразия контингенті орталығында өз территорияларын ұлғайту
саясатына ХVІІ – XVIII ғасырларға дəл келді.
ХVI ғ. Ресей Қазақ жерінің есебінен территорияларын бірте-бірте кеңейте берді.
Ал ХVIII ғ. басында əскери линиялық бекіністер. Қазақ жеріне бекініс салып шекара
ішіне сыналай кіруі арқылы жерімізді иемдене бастады. Қазақтарда жаңа линия
жүргізуіне байланысты 70000 шаршы шақырым жер алынды. Жаңа линия ескі
линиядан оңтүстікке қарай 200 шақырым ішкері, яғни Қазақ жерінің шекарасы ішке
қарай ығыстырылды. Тек қана Ертіс бойында ескі линиядан оңтүстікке қарай 50
шақырымға ығыстырылып жаңа линия жүргізілді.
Жер жоғалтуымен қатар өзгерістер енді көшпенді қазақтардың дəстүрлі көшу
маршруттарының көп жылғы қалыптасқан жүйесі бұзылды. Мал жайылымы тарылды.
XVIII ғ. ортасында басталған жаңа линия құрылысы ресей империясының қазақ
даласын отарлаудың ашық жүргізген отарлық саясатының іс-əрекетінің жүзеге асуы
болды. Солтүстік Қазақстанда жаңа линия бекініс құрылысының салынып бекуіне
байланысты. Солтүстік Қазақстандағы Орта жүз қазақтарының көп жерлері Ресей
империясына кетті. Звериноголовская - Петропавловск – Омск. Горькая линия
бекіністері қазақ жеріне енудегі алаңға айналды.
1762 ж. 6 тамызында Сенат бұйрығы бойынша линия бойын жераударылғандар
мен қоныстандыру жарлығы бойынша 60 жылдары XVIII ғ. Сібірден жераударғандар
мен Польшадан шығарылған помещик-крестьяндар жəне қашқындар мен Ресейден
келген еріктілер мен қоныстандырылды.
Солтүстік Қазақстан аумағына бекініс салу “тарту ” арқылы Ресей империясы екі
мəселені шешті. Бірінші Қазақ даласына əскери күшін еңгізді жəне орыс келімсектері
мен қоныстандыру арқылы қазақтың ұлттық тұтастығын бұзып дəстүрлі – Орта жəне
Кіші Орда деп аталатын географиялық территориялық атауды өзгертіп.
Орынборлық жəне батыс Сібірлік губернияға бөлініп атауында өзгертті.
Осылайша Қазақ даласында Орынборлық жəне сібірлік қырғыздар (қазақтар Ө.И.)
атауы пайда болды. Жайықтың жоғарғы (Верхне яицкая) линиясы. Ойыл өзені
бекінісі.Красногорская (Қызыл жар) жəне Ор дистанцияларын қосатын Жоғарғы
Жайық линиясы. 9 бекініспен 16 редут қашықтығы. 561,5 шақырым Орынбордан
шығысқа жəне оңтүстік шығысқа.
Орскіден Троицкі бекінісіне дейінгі жер аралығында қазақтар тығыз қоныстанған
болатын Патша үкіметі арғын жағалбайлы, қыпшақтар рулары жазғы жайлаулары
қоныстарының үстінен тікелей Ор дан Троицкіге тікелей жаңа бекініс тартты. Ескі
бекініс пен жаңа бекініс аралығындағы жерлер қоныстанған қазақтардың иелігіне
қалды. Қазақтар ол жерлерге енді бара алмады осылайша. Оның үстіне патша
үкіметі.1832 ж. бұйрық бойынша əскери казактар бекіністен 15 шақырым жерлерге
дейінгі аралыққа олардың пайдалану құқын берді. Мұндай жерден айырылу. Мал мен
тіршілік етіп, жанбаып отырған қазақар наразы болып қарсылық жасаған жағдайда.
Қарулы əскери дайындығы бар казак əскерлерін қарсы пайдалану үшін ұстаған
болатын.
Жаңа линия салынуы нəтижесінде қазақ халқын жерден қысты. Шеген би, Тархан
Шақшақ батыр ұрпағы арғын руының рубасының бірі былай деген. Арғындар Тобыл,
Тоғызақ, Аят өзендері бойындағы малға жайлы құнарлы қоныстарынан айырылып
қалды . Біздің байларымыз мал кəсіпшілігімен айналысуға дəрменсіз болып отыр деп
Ресей əкімшілігіне шағым хат жолдаған. Осыдан кейін шекараға казактарды
қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін иемденіп қалды. Қазақ жеріне шекаралық
бекіністерді салу жұмысын патша үкіметі 1836 жылға дейін қысы жазы жүргізді. Қатты
боран болып жол болмай қалған күндердің бəрінде жұмыс істеді (59 бетте)
1843-1847 жылдары Аманқарағай бекінісінде (Құсмұрын), Орынборлық (Торғай)
өте ірі форпостылары салынып болды.Бұл бекіністерді Жаңа (Новый) линия мен
Горький линиялар арқылы жабдықтап отырды. (67) Солтүстік Қазақстан жеріне
осылайша шетінен сыналай кіріп төріне шығып, жергілікті қазақтардың қарсылығын
басып жаныштайтын арнайы əскери үлкен топтарын бекіністерге түпкілікті
орналастырып үлгерген.Аманқарағай бекінісінің негізі 1843 ж. қаланды. Орынбор жəне
Сібір Қазақтарының территориясына салынды.Бұл жердің қазақтары Торғай өзеніне
қарай қоныс аударып көшіп кетуге мəжбүр болды. Осылайша жергілікті қазақтар
малдың жазғы жайылымы жайлауларынан айырылды. 1849 ж. əскерилер мен қазақтар
қоныстандырылды. 4,5 млн. десятина құнарлы жерлерден айырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |