Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қыш құмырашылар. Қазақстан жерін мекендеген тайпаларда құмыра жасаумен 
көбіне əйелдер айналысты. Əр отбасы өздері үшін ыдыстар жасап алды. 
Ыдыс  жасау  үшін  ең  алдымен  балшық  өте  мұқият  таңдап  алынды.  Одан  кейін 
балшық  жібітіліп,  иленетін  болды.  Ақырында,  иленген  балшықты  қолмен  жапсыру 
арқылы  əр  түрлі  ыдыстар  жасады.  Ыдыстардың  көпшілігі  таспалық  əдіспен  жасалған. 
Сонымен қатар құмыраларды қалыпқа салып пішіндеу əдісі болды (б.з.б. ХҮІІ-ХҮІ ғғ.). 
Мұндай қалып ретінде аттың қылынан тоқылған немесе жүн матадан тігілген дорбалар 
пайдаланылды.  Дорба  ылғал  құммен  толтырылып,  тиісті  пішінге  келтіріледі.  Содан 
кейін  оны  балшықпен  айналдыра  жапсырып,  түбін  бекітеді.  Балшық  кепкеннен  кейін 
дорбаның  ауызы  шешіліп,  ішіндегі  құмы  төгіліп,  босаған  дорба  ыдыстың  ішінен 
алынды.  

Ыдыстардан су ақпас үшін күйдіруден бұрын, көбі сырт жағынан, кейбіреулері іш 
жағынан қызған кішкене таспен тегістеді. Содан кейін күйдірілетін болды. Күйдірілген 
ыдыс сұйық затты жақсы ұстайтын болып шығады.  
Қола  дəуірінің  алғашқы  кезеңіндегі  ыдыстардың  көпшілігі  –  бүйірі  тік  немесе 
біраз  шығыңқы,  мойыны  сыртқа  қайырылған,  түбі  жайпақ  ыдыстар  болып  келеді. 
Өрнектер  ыдыстың  өн  бойына  түсірілетін  болған.  Бұл  кезеңдегі  ең  көп  кездесетін 
өрнектер – «шырша», шаршы жəне үш бұрыш өрнектері. 
Орта қола дəуірінде мойыны мен бүйірінің арасы жіңішкеріп келген, түбі жайпақ 
ыдыстар басым болды. Өрнек ұсақ тісті қалыппен түсірілді. Бұл кезеңге тəн өрнектер – 
үш  бұрыш,  иірімді  сызық,  сынық  жəне  ирек  сызықтар.  Өрнектер  ыдысқа  үш  қатар 
болып салынды. 
Ал  қола  дəуірінің  соңғы  кезеңіндегі  ыдыстардың  дені  дөңгелек  пішімді,  бүйірі 
шығыңқы  болып  жасалды.  Олардың  ернеуіне  балшықтан  таспа  тəрізді  жəне  сиырдың 
емшегіне ұқсас бүршік бұдырлар жапсырылып, əшекейленді.  
Əшекейлер. Андроновтықтардың сəндік бұйымдарының ішінде жиі кездесетіні – 
екі  жағы  бірігіп  келген  сақина  тəріздес  дөңгелек  сырғалар.  Олар  мыстан  жасалып, 
алтынмен қапталды. Содан соң түкті терімен ысқыланды. Жартылай бұралған сырғалар 
мен  салпыншақ  алқалар  болды.  Андроновтықтардың  əшекейлері  Шығыс  Жетісудағы 
Мыңшұңқыр қабірінен табылды.  
Ежелгі кеншілер. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға – кенге бай. Бүгінгі күндегі 
көптеген кен орындарына – Жезқазған мен Зыряндағы мыстың, Атасу тауы мен Қалба 
жəне нарым жоталарындағы қалайының, Степняк, Ақжал жəне Балажалдағы алтынның 
кен  орындарында  жүргізілген  геологиялық  зерттеулер  бұлардың  адам  баласы  үшін 
б.з.д. ІІІ мыңжылдықта да қызмет еткендігін дəлелдеп отыр. 
3.  Андроновтықтардың  көлемді  үйінде  үлкен  отбасылық-қауым  өмір  сүрді,  яғни 
онда  əкесі  мен  шешесі,  ересек  ұлдары  əйелдерімен  бірге  тіршілік  етіп,  ортақ 
шаруашылық қарекеттерін жүргізді. 
Қоныстар  материалдары  бойынша  айтарлықтай  əлеуметтік  жəне  мүліктік 
теңсіздік  байқалмайды.  Бірақ  көмбелерді  зерттеу  байлық  дəрежесіндегі  айырманы, 
сондай-ақ  адамның  қоғамдағы  орнын  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Ерте  қола  дəуірінің 
өзінде-ақ жалпы жекелеген обалардан үлкен ауқымды жəне қабірі терең, күрделі ағаш 
құрылыстары  бар,  қабірге  тамақ  салынған  ыдыстары  көп  жерлеу  орындары  шыға 
бастайды.  Бұл  обалардан  арба  қалдықтары  мен  жылқылар,  мүрде  жағынан  –  қола 
пышақтар, қола жəне тастан жасалған садақ ұштары. Тас түйреуіштер табылған.  
Мұндай  көрініс  орта  жəне  кейінгі  қола  дəуірлерінде  де  байқалады.  Бұл 
уақыттардағы  қорымдарда  қатардағы  жерлеу  орындарынан  диаметрі  4  м-ге  дейін, 
биіктігі 2,5 м-ге дейін бірнеше ірі обалар мен монументальды тақта тастан соғылған екі 
немесе  үш  қатар  қоршаудан  тұрғызылған  құрылыстар  көзге  айқын  түседі.  Осындай 
обаларда  мөлшері  3,2х2,5  м,  тереңдігі  2,  3  м  қабірлер  жатты.  Қабырғалары  қима 
бөренемен  тұрғызылды,  төбесі  еңіс  етіп  жасалды,  кейде  екі  қатар  бөренелермен  де 
жабылды.  Бұл  қабірлердің көпшілігі  ертеде-ақ  тоналған,  бірақ  сақталып  қалған заттар 
мүрдемен  бірге  арнайы  сойылған  мал,  алтын  бұйымдар,  қола  пышақтар,  түйреуіштер, 
жылқы əбзелдері, садақ ұштарының жиынтығы қойылғандығын айғақтайды. 
Обалар  мен  қабірлердегі  құрылыстарға,  мұнда  қойылған  заттар  құрамы  мен 
санындағы өзгешеліктерге қарағанда, андронов қоғамы біркелкі болмады, онда ерекше 
пұрсатты  жағдайға  ие  ақсүйектер  мен  байлар  өмір  сүрген,  бұлар  қайтыс  болғаннан 
кейін  руластары  кететін  шығынды  есептемей-ақ,  олар  үшін  ерекше,  басқаларға 
ұқсамайтын жерлеу құрылыстарын тұрғызған.  

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1). Қоланы игеру тəсілі қандайболды? 
2). Қола дəуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз? 
3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді? 
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1-том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
4 апта 
7, 8 кредит сағат  
№7, 8 дəріс 
Тақырып: Темір дəуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.  Көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығына  өту.  Жеке  меншік 
қатынастары.  2.  Жер  өңдеу  жəне  ирригация.  3.  Қол  өнер.  4.  Сауданың  дамуы.  Дала 
жолының маңызы. 
Дəрістің  мақсаты: 
Көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығы  туралы 
толыққанды  мағұлұмат  беру.  Жеке  меншік  қатынастарыдың  пайда  болуыныңдағы 
өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дəлелдеу.  
Дəрістің мазмұны: 
1,  2.  Көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығы  мен  қоғамдық 
қатынастар.Темiр  дəуiрiнде  (б.з.б.  7  ғ-дың  басы)  адам  еңбегi  анағұрлым  өнiмдi  бола 
түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде 
жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал 
ш-ның  негiзгi  үш  түрi:  көшпелi,  жартылай  көшпелi  жəне  отырықшылық  дами  түстi. 
Темiрден ер-тұрман əбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа 
түрлерi  жасалды.  Көшпелi  тұрмыста  киiз  үй,  арба,  күйме  кеңiнен  қолданылды.  Малға 
жəне  жерге  отбасылық  меншiк  нығайды.  Қауымдар  арасында  жайылым,  мал  үшiн 
қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дəуiрiнде (б.з.б. 1 - мыңжылдық ортасы) 
Қазақстандағы  тайпалық  одақтар  қалыптасты.  Қазақстанның  оңт.,  шығыс  жəне  орт. 
аудандарын  мекендеген  тайпалар  сақ  тайпалар  одағына  (қ.  Сақтар),  ал  батыс,  солт. 
аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер 
бұл  бiрлестiктерде  мемл.  нышандардың  болғандығын  аңғартады.  Сақтардың  оңт. 
өңiрлердегi  Бесшатыр,  Есiк  обасы,  Түгiскен,  Ұйғарақ,  т.б.  ескерткiштерi  олардың 
мəдениетi  мен  өнер  жетiстiктерiнiң  бiрегей  туындылары  болып  табылады.  Шығ. 
Қазақстандағы  тайпалар  материалдық  мəдениетi  майəмiр  (б.з.б.  7  - 6  ғасырлар),  берел 
(б.з.б. 5 - 4 ғасырлар), құлажорға (б.з.б. 3 - 1 ғасырлар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майəмiр 
кезеңiндегi  Шiлiктi  обасы,  Берел  кезеңiндегi  осы  аттас  обалардан  алынған 
мағлұматтардан  сақтардың  əлеум.  жағдайын,  тұрмысқа  қажеттi  заттардан  олардың 
шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола 
мəдениетiн  қалдырды  (жазба  деректерi  бойынша  бұлар  массагет  тайпалары  не 
исседондар).  Мұны  тастардың  тiзбектеле,  мұртқа  ұқсай  орналасуына  байланысты 
“мұртты  обалар”  деп  те  атайды.  “Мұртты”  обалардың  архит.  кешенi  қола  дəуiрi 
тайпаларының  табынушылық  құрылыс  өнерiнiң  дəстүрлерiн  айқын  бейнелейдi. 
Савромат-сармат ескерткiштерi, əсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы 
Бесоба  қорымы,  Целинный  қорымы,  Сынтас  қорымы,  т.б.  ескерткiштердiң  құрылысы 
мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын 
көрсетедi.  Ертедегi  көшпелiлердiң  дiни  нанымында  отқа,  күнге,  от  басы,  ошақ  қасы, 
ата-баба  аруағына  табыну  орын  алды,  пұтқа,  керемет  күшке  сенушiлiк  сақталды. 
Қолданбалы  өнерде  скифтiк-сiбiрлiк  аң  кескiнiн  бейнелеу  нақышы  кең  тарады.  Бат. 
жəне Солт. Қазақстандағы савромат мəдениетi тайпалары - аландардың арғы тегi, Шығ. 
Қазақстанды  аримаспылар,  Жетiсу  мен  Оңт.  Қазақстанды  тиграхауда  сақтары,  Арал 

маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дəуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi 
жазба  деректемелердi  екi  топқа  бөлуге  болады:  1)  көне  деректермелер  (Геродот, 
Ксенофонт,  Птолемей,  т.б.);  2)  ахамен  əулетi  (ежелгi  парсы)  сына  жазбалары.  Соңғы 
деректемелерде  сақтардың  үш  тобы:  хаумаварга  сақтар,  тиграхауда  сақтар,  тиай-
парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары).  
Бір-біріне  көрші  тұрған  бұл  мал  шаруашылығымен  айналасушы  тайпаларды 
ежелгі  авторлар  “шөбі  шүйгін,  суы  мол”  жер  таңдап  жүреді  деп  бір  қалыпта  ғана 
баяндайды. Бірақ, табиғи-географиялық жəне əлеуметтік-экономикалық мəліметтер мен 
археологиялық мағлұматтар жиынтығы Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының 
бір типті, яғни жылқы өсіруші ғана болғандығын айқындап берді. Оңтүстік Қазақстан 
сақтарының  тіршілігі  Алтай  мен  Сарыарқаны  мекендеген  сақтар  тіршілігінен 
өзгешелеу болды. 
Жетісудағы  табиғи  жағдайлар  халықты  қыстаудан  жайлауға  көшуге  мəжбүрледі. 
Бұл  отырықшылықтың  дамуына  əсерін  тигізді  не  болмаса  қыстауларды  ұзақ  уақыт 
бойы мекендеуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, мал шаруашылығының “жартылай көшпелі” 
тұрпаты қалыптасты. 
Археологиялық материалдарға қарағанда Жетісу сақтары өз заманы үшін күрделі 
құрылыстарды  ағаштан,  тастан  жəне  қамыстан  тұрғызған.  Əрине,  ағашты  қолдану 
тұрақты баспана тұрғызудан алынған дағды еді. 
Отырықшылық  жер  өңдеудің  дамуына  жағдай  жасады,  оған  кейбір  қабірлерден 
табылған дəнүккіштер, сақтардың мыс қазандарынан алынған дəн қалдықтары куə бола 
алады. 
Мұндай жағдай Шығыс Қазақстанда да байқалады. Отырықшылық пен жер өңдеу 
əсіресе  Қазақстанның  оңтүстігінде  өте  қарқынды  дамыды.  Мұнда  сақтар  ормен  жəне 
қабырғамен  күшейтілген  бекіністерде  тұрды.  Қабір  құрылысы  осында  күрделі  сəулет 
құрылысын  шикі  кірпішпен  тұрғызу  ісінің  дамығандығынан  хабар  береді.  Оңтүстік 
сақтарының қоныстарынан көшпенділерге қажетті дəнүккіштер мен түрлі қыш ыдыстар 
табылды. Осыған қарағанда, Арал өңірінің сақтары жартылай көшпелі жəне отырықшы 
күй кешсе керек. 
Мал  шаруашылығымен  айналысқан  тайпалармен  қатар  мұнда  жер  өңдеумен 
айналысқан  отырықшы  тайпалар  да  өмір  сүрді.  Бұл  туралы  Шірік-рабад,  Бəбіш-молда 
мен Баланды қоныстары жанындағы ежелгі ирригациялық жүйелердің қалдықтары мол 
мəлімет береді. 
Орталық Қазақстан табиғи жағдайлары мұнда қыстаудан жазғы жайлауларға ұзақ 
уақыт бойы көшіп-қонуға жүруге негізделген жылқы шаруашылығының дамуына алып 
келді.  Тасмола  мəдениеті  обаларын  қазған  кезде  негізінен  қой  мен  жылқы  сүйектері 
кездеседі.  Мұндай  құрам  көшпелі  мал  шаруашылығына  тəн.  Жылқы  өсіру  жоғарғы 
дəрежеде  дамыды.  Жылқы  көшпенді  өмірде  маңызды  орынға  ие.  Жылқы  сүйектеріне 
жасалған  талдау  Орталық  Қазақстанда  қола  дəуірінен  бастап  асыл  тұқымды  жылқы 
өсіру дəстүрі болғандығын анықтап берді. 
Қойлар  ет  тағамдарының  негізін  құрады,  одан  сонымен  қатар  сүт  пен  жүн 
алынды. Сақ қойларының бас сүйегіне жүргізілген зерттеулер, оларда қазіргі қазақтың 
құйрықты қойларына ұқсас мал өсіргендігін айқындады. Жүргізілген қазба жұмыстары 
барысында таутеке, арқар мен елік сүйектері де табылған болатын. 
Бұл кезде тайпааралық жəне де халықаралық сауда қатынастары дамыды. Қытай, 
Иран,  Кавказ  төңірегімен,  Рим,  Мысыр  елдерімен  сауда  қатынасы  жүргізілді.  Мұндай 
мəліметтерді  археологиялық  қазба  жұмыстары  барысында  табылған  қытай  жібегі, 
парсы кілемдері, маржан моншақ, лазурит, шыны ыдыстар секілді заттар растай түседі. 
Ертелі көшпелі тайпалардың шаруашылық  жəне заттай мəдениетінің тарихы бұл 
қоғамда  өндірістік  қатынастар  үнемі  дамып  отырғандығын  көрсетіп  берді;  оның 

барысында  қатынас  кеңістігі  кеңейді  жəне  жаңа  материалдар  игерілді.  Бұған 
байланысты  сұраныстың  артуы  ерте  отырықшы  өркениеттермен  жақындасуға 
мүдделілікті арттыра түсті. 
3.  «Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда сақталған адамның əр түрлі 
жануарлардан  шыққандығы  туралы  түсініктермен  байланысты.  Адам  өз  тегін 
табиғатпен байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп есептеді. Əрбір ру не тайпаның 
шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті, т.б. аңдар болып есептеліп, 
сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды. 
Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, 
жеңіске бастайды деп сенді.  
Көркемдік  шығармашылықтың  бұл  түрі  дамудың  шегіне  жетіп,  б.з.д.  ІІІ-ІІ 
ғасырлардың  өзінде-ақ  шынайылық  негізін  жоғалтып,  ою-өрнектік  кескінге  айналды. 
Полихромдық стильдің скифтік-сібірлік аңдық стильді ауыстыруының ең басты себебі 
Монғолиядан, Орта Азия аймағынан ғұндардың көптеген бірлестіктерінің ағылып келуі 
болды. 
Полихромдық  өнерге  бұйымдарды  əшекейлеудің  əр  алуан  техникасы  тəн.  Жиі 
кездесетіндері  түрлі-түсті  тастармен  безендіру  (инструкция),  зерлеу  (түрлі  алтын 
домалақтарын  жапсыру),  оқа  жүргізу  (алтын  жіптермен  кестелеу,  алтын  жалату), 
заттың  бетіндегі  ойыстарды  бағалы  заттар  қосылған  арнайы  сұйықпен  толтыру,  т.б. 
тəсілдері болды. 
4. Б.з.б. VI-III ғ.ғ. сақтар Үндістанмен, Қытаймен, Персиямен сауда байланысын 
жасаған. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.  Көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығына  өту.  Жеке  меншік 
қатынастары.  
2. Жер өңдеу тəсілдері қанада йболды? 
3. Ирригация – бұл ненің тəсілі?  
4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды?   
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1-том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
5 апта 
9, 10 кредит сағат  
№9, 10 дəріс 
Тақырып: Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы. 
Қарастырылатын  сұрақтар:  1)  Ертедегі  Қазақстан  территориясын  мекендеген 
тайпалардың  егіншілік  мəдениеті.  2)  Орта  ғасырдағы  Қазақстан  территориясындағы 
егіншілік шаруашылығы. 3) Қазақтың дəстүрлі егіншілігі. 
Дəрістің  мақсаты:  Орта  ғасырдағы  Қазақстан  территориясындағы  егіншілік 
шаруашылығының мəдениетімен таныстыру. 
Дəрістің мазмұны:   
Ортағасырлық Қазақстанда негізгі шаруашылық түрі көшпелі мал шаруашылығы 
болды.  Сонымен  бірге  мал  саласындағы  шаруашылықтың  түрі  бірнеше  нұсқалар  мен 
реңктерден  тұрды.  Бұл  кезеңде  тұрақты  бағыты  жоқ  жаппай  көшуден  жартылай 
отырықшылыққа,  тіпті  отырықшылыққа  өту  байқала  бастайды.  Сонымен  қатар  бұл 
үрдістің  соңғы  нəтижесі  əрдайым  алға  ілгерілеушілік  бола  қойған  жоқ.  Көшпеліліктің 
белгілі  бір  сатысында  болу  тек  экологиялық  аймақтағы  игеру  дəрежесіне  байланыты 
бола  қоймады,  мұнымен  бірге  табиғи  орта-  жем-шөп  қоры,  тіпті  саяси  жағдайлар 
ерекшелігіне тəуелді болды. 
Толыққанды  көшу  кезеңі  -  бұл  өмір  сүру  мəжбүрлігінен  туындаған.  Мысалы, 
печенегтердің  көшуі  мəжбүрліктен  туындаған  болатын,  олар  жауларынан,  табиғи 

апаттардан  қашып,  жаңа  территорияларды  бағындырған  жəне  игерген  еді.  Біршама 
уақыт  өткеннен  кейін  көшпелілер  жайылымдық  жерлерді  өзара  бөлісті,  көшу 
бағыттарын  анықтап,  белгілі  бір  шаруашылық  отбасымен  көшіп  -  қонып  жүрді. 
Осындай  көшпелі  шаруашылықтар  көп  болды.  Отырықшылыққа  негізінен  көшіп-
қонуға  малы  аз  кедей  шаруашылықтар  өтті.  Жұттан,  күшті  көршілер  тарапынан 
жасалынған тонаушылық пен қарақшылықтардан кейін көшіп-қонуға малы аз көптеген 
отбасылардың  маусымдық  жайылымға  баруға  мүмкіндігі  болмады.  Оғыздар  бұл 
санаттағыларды “ятук”, қазақтар “жатақ’ деп атады. Олар қыстаулардағы қоныстардың 
негізін  салды  немесе  қала  айналасына  орналасып,  қолөнермен  айналысты,  бай 
шонжарларға  қызмет  етті  немесе  егіншілікпен  күнелтті.  Бірақ  өз  малын  көбейтетін 
мүмкіндік  бола  қойған  жағдайда,  олар  уақытша  жұмыстардың  бəрін  тастап  қайтадан 
кшіп-қона бастады. 
Отырықшылықтың  Ферғана  алабында  тұрақтап  қалған  қарлұқтар  түріндегі  тағы 
бір  феномені  бар.  Мұндағы  демографиялық  өсу  климаттың  ылғалдануына  жəне 
егіншілікке  көшуге  өте  қолайлы  жағдайлардың  қалыптасуына  сай  келді.  Мұнымен 
көшпенділердің жаппай отырықшылыққа көшу үрдісі тікелей түсіндіріледі, олар таулы 
жайылымдар үшін күрескеннен гөрі бақташылықпен, егіншілікпен айналысқанды жөн 
көрді. Көшпенділер малының құрамындағы қатал қысқа төзімді жылқы мен қой ерекше 
бағаланды.  Сондай-ақ  оларда  ешкі,  сиыр,  түйе  де  ұсталды.  Құйрықты  қой  өсірді. 
Оларда жылқының екі түрі болды: біріншілерінің-басы үлкен, бойы аласа, мойны қысқа 
болса,  екіншілерінің-басы  шағын,  тұрқы  биік,  аяқтары  сымбатты  еді.  Соңғылары 
негізінен ақсүйектердің бейіттерінен кездеседі. 
Түрік  жылқылары  жергілікті  табиғат  жағдайларына  көнбіс,  сүтті-етті  келді. 
Шөлді  жəне  шөлейтті  жерлерде  түйе  ең  қолайлы  мал  болды.  Жартылай  отырықшы 
немесе жайлауға көшу сатысында күнелткен көшпелілердің бір бөлігінде қолда сиыр да 
ұсталды.  Ілкі  замандарда  олар  киіз  үйлерді  тасымалдайтын  көлік  ретінде 
пайдаланылды. 
Аңшылықтың  ақсүйектер  үшін  ғұрыптық  маңызы  болды.  Қағандар  аң  аулауға 
шыққан  кезде  барлық  беделді  адамдар  оған  қатысуға  жəне  көмекке  қызметкерлерін 
шығаруға тиіс еді. Бұқара халық өзінің азық мөлшерін толықтырып тұру үшін жайран, 
құлан секілді дала аңдары мен құстарын аулап отырды. Ілкідегі дерек көздері оғыздар 
ислам  дінін  қабылдағанға  дейін  тышқан,  түрлі  жəндіктер,  жыртқыш  құстың  егін  жай 
бергендігін  хабарлайды.  Сан  алуан  жебе  ұштары  белгілі  бір  аңды,  не  болмаса  құсты 
аулауға арнайы жасалды. Балық аулаумен қимақтар айналысқандығы белгілі, ал басқа 
халықтар  туралы  мəлімет  жоқ.  Печенег,  оғыз  бейіттерінен  балық  сүйектері  табылған, 
бірақ олар Поросья ескерткіштерінен шыққан болатын. 
Ілкі  замандардан  кемеңгер  тілшісі,  түрік-араб  сөздігінің  авторы  Мұхаммед 
Қашқари өз кітабында отырықшылыққа көшкен көшпенділер өсірген көптеген мəдени 
дəнді-дақылдар  атауы  туралы  мол  мəлімет  қалдырды.  Олардың  арасында  арпа,  бидай, 
тутарған(күріш),  “маржамақ”  бар.  Бірақ  ең  бастысы  ретінде  көп  күтім  мен  аса  ауыр 
еңбекті қажет ете қоймаған “тары” аталарды.  
Орта ғасырларда қала мен сауда маңызды рөл атқарды. Көшпелілерде қалалар мен 
бекіністі құрылыстар пайда бола бастайды, алайда негізгі күрес Сырдария мен Ташкент 
жазираларындағы  ежелгі  қала  орталықтары  үшін  үнемі  жүріп  отырды.  Түрік 
қағанатының бүткіл тарихы-Ұлы Жібек жолына ықпалын жүргізу болса, оғыз, қарлұқ, 
печенегтер Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді. Тек ортаазиялық рыноктарға шыға 
алатын көшпенділер ғана өздерін бай- бақуатты санап, қажеттілігін қанағаттандыратын 
тауарларын  алып  отырды.  Қытай,  Орта  Азия  мен  Үндістанға  қой,  сəйгүлік  жəне  ат 
жерлік  құлдар  далалық  өңірлерден  əкелінді.  Моңғол  дəуірінде-аққыпшақтар  ішкі 
далалық рыноктарды қалыптастыра бастайды, жекелеген аймақтарда мамандандырылу 

күшейеді,  қолөнер  мамандықтарының  саны  артады.  Бұл  уақытқа  дейінгі  көшпелілер 
шаруашылығы  нағыз  кешенді  əрі  жоғарғы  өнімді  болды.  Қауымдағы  кедейлердің 
еңбегін пайдалану арқылық рынокқа мал шаруашылығы мен қолөнер өнімдерін көптеп 
шығаруға  мүмкіндіктер  жасалынды,  өз  кезегінде  олар  өздеріне  қажетті  егіншілік 
өнімдерін, жоғарғы сапалы қолөнер мен бата бұйымдарын алып отырды. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1) Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік 
мəдениеті? 
2) Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы?  
3) Қазақтың дəстүрлі егіншілігін қалай түсінесің? 
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1-том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
 
6 апта 
11, 12 кредит сағат  
№11, 12 дəріс 
Тақырып:  Ұлы  Жібек  жолы  жəне  Қазақстан  аумағындағы  ортағасырлық 
мемлекеттердің экономикасы. 
Дəрістің  мақсаты:
 
Ұлы  Жібек  жолының  қазақстан  даласындағы  экономикалық 
дамуымен қалалардыңөсуіне тигізген маңызын ашып көрсету. 
Қарастырылатын  сұрақтар: 
1.  Тайпа  құрлымы  жəне  көшу  түрлері.  2. 
Отырықшы-жер  өңдеу  шаруашылығы.  3.  Біртұтас  əлеуметтік-экономикалық 
мəдениетте көшпелі жəне отырықшы мəдениеттердің интеграциясы. 
 
Дəрістің мазмұны: 
Б.з.д.  ІІ  ғасырдың  орта  шенінде  Жібек  жолы  елшіліктің  жəне  сауда-саттықтың 
тұрақты  желісі  ретінде  қызмет  атқара  бастайды.  Ұлы  Жібек  жолының  бір  тармағы  - 
Египет  пен  Вавилонда,  Иранда  өте  қымбат  бағаланатын  əдемі  көк  тас  лазурит 
тасымалданған  «лазурит  жолы»  д.а.  Екінші  тармағы  -  Қытайдағы  императорлар  мен 
ақсүйектердің  сүйікті  заты  болған  əшекейлер  жасау  үшін  əдемі  нефрит  тасын 
тасымалдайтын «нефрит жолы» болған.  
Б.з.  ІІ-Ү  ғасырларында  егер  шығыстан  жүре  бастасақ,  Жібек  жолы  Қытайдың 
ежелгі астанасы Чанваннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, 
одан  əрі  Нань-Шаннің  солтүстік  сілемдерімен  жүріп  отырып,  Ұлы  Қытай  қамалының 
батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге 
айырылып,  Такла-Макан  шөлін  солтүстік  жəне  оңтүстік  жағынан  айналып  өтетін. 
Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы  Іле алқабына 
жететін: ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыстық 
көлдің  оңтүстік  жағалауынан  шығып,  Дунхуан,  Хотан,  Яркенд,  Бактрияларды  басып 
өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін, бұл оңтүстік жолы деп 
аталды.  Ал,  солтүстік  жолы  Қашғардан  Ферғанаға,  одан  əрі  Самарқанд,  Бұқар,  Мерв 
арқылы Хамаданға, Сирияға баратын. 
ХІ-ХІІ  ғасырларда  Қытайдан  шығып,  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  арқылы 
Батысқа  қарай  өтетін  жол  бəрінен  де  жанданып  кетеді.  Жолдың  бұлай  ауытқуын 
бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін 
жолдарын  бақылайтын  Түрік  қағандарының  ордалары  болатын.  Екіншіден,  Ферғана 
арқылы жүретін жол ҮІІ ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, 
үшіншіден,  аса  бай  түрік  қағандары  мен  олардың  айналасындағы  адамдар,  теңіздің 
арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын. 
Егер  Жібек  жолымен  батыстан  шығысқа  қарай  жүрсек,  оның  Қазақстандағы 
учаскесі  Шаштан  (Ташкент)  шығып,  Тұрбат  асуы  арқылы  Исфиджабқа,  Сайрамға 

келеді.  Исфиджабтан  шыққан  керуендер  шығысқа  қарай  бет  алып,  Шараб  жəне 
Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. 
Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз ҮІ ғасырдан бұрын белгілі болған. 
586  жылы  түрік  қағаны  Дизабұл  Византия  императоры  Юстианның  стратег  Земарх 
бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы 
деп  атаған.  Мұның  үстіне  ол  түргештердің,  содан  кейін  қарлұқтар  мен 
қарахандықтардың тарихи орталығы болған. 
Тараздан  шыққан  жол  шығысқа,  Құлан  қаласына  қарай  асатын  еді.  Тараз  бен 
Құлан  аралығындағы  территория  қарлұқтарға  жататын.  Құланға  бара  жатқанда  жол 
Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан əрірек шығыста бір-
бірінен  төрт  фарсақтай  жерде  Меркі  мен  Аспара  қалалары  барды.  Сосын  сауда 
керуендері  Нұзкент,  Харраджуан,  Жол  қалаларына  соғып  өтетін  жолдан  кейін  ол 
Сарығ, «түрік қағанының қыстағына», Қырмырауға баратын. 
Қырмыраудан  жол  салдырып  отырып,  Жетісудың  ең  ірі  қалаларының  бірі  – 
Наукентке (қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады.  
Жол  Наукенттен  шыққасын  Пенджикент  арқылы  Жетісудың  аса  үлкен  қаласы, 
Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлұқтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл 
қала  туралы  араб  саяхатшылары  Х  ғасырға  дейін  жазып  келген.  Соңынан  астана  рөлі 
Баласағұнға  көшеді,  тегі  оның  ертеректегі  аты  Беклиг  немесе  Семекна  болса  керек. 
Оны  ХІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  қарақытайлар  қиратады.  Қала  содан  қайта  салынады, 
бірақ ХІҮ ғасырда тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. 
Суяб  қаласынан  керуен  жолдың  не  солтүстік,  не  оңтүстік  тармақтарымен  жүріп, 
Ыстық  көлдің  жағалауына  шығады.  Ыстық  көл  қазан  шұңқырынан  Санташ  асуы 
арқылы  Қарқара  жайлауына  барып,  төмендеп  Іле  алқабына  түседі  де,  өзеннің  оң 
жағалауын  бойлай  отырып,  Үсек  пен  Хоргос  алқаптарынан  өтіп,  Алмалық  қаласына 
барады,  ал  сосын  Такла-Макан  шөлінің  солтүстік  жиегін  айналып,  Хами  мен  Тұрфан 
көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған. 
Жібек  жолы  əуелде  Қытай  жібегін  батыс  елдеріне  тасу  үшін  салынған.  Ал 
шығысқа  Римнен,  Византиядан,  Үндістан,  Иран,  Араб  халифаттарынан,  кейінірек 
Еуропа  мен  Русьтен  осы  елдерде  өндірілетін  тауарлар  тасылды.  Осынау  таңғажайып, 
жат  жерлік  тауарлардың  тізімі  шексіз  мол.  Бұлар-хош  иісті  дəрілік  шөптер,  кілемдер 
мен  маталар,  бояғыш  заттар  мен  минералдық  шикізаттар,  алмаздар  мен  яшма,  янтарь 
мен маржандар, піл сүйегі, алтын мен күміс құймалары, аң терілері мен тенгелер, садақ 
пен жебелер, семсер мен найзалар т.б. көптеген заттар. 
Жібек  жолымен  сатуға  таза  қанды  Ферғана,  араб  сəйгүліктері,  түйелер,  пілдер, 
мүйізтұмсық  пен  арыстандар,  сілеусін  мен  қарақұйрықтар,  қаршыға  мен  бүркіттер, 
тауыстар мен тотықұстар, түйеқұстар əкелінді. 
Жібек жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дəм-татымдық 
шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды.  
Алайда  саудадағы  басты  тауар  жібек  болды.  Жібек  алтын  сияқты  халықаралық 
валютаға  айналды,  оны  патшалар  мен  елшілерге  сыйлық  ретінде  ұсынды,  жалдамалы 
əскер ақысына жəне мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды. 
Ұлы  Жібек  жолындағы  мəдениеттердің  өзара  ықпалы  мен  бірін-бірі  байытты. 
Орта  ғасырлардың  басында  Азияда  кең-байтақ  аймақтар  мен  елдерді  қамтитын  төрт 
“дүниежүзілік патшалық” болды деген тұжырым бар. Бұлар Ганг бойындағы Канауджа 
қаласы  орталығы  болған  үнді  билеушілерінің  патшалығы-пілдер  патшасы,  батыстағы 
құнды байлықтар патшасы (Иран мен Византия), солтүстіктегі жылқы патшасы (Түрік 
қағанаты),  шығыстағы  адамдар  патшасы  (Қытай)  империялары.  Бұл  тұжырым 
Самарқан  төңірегіндегі  Кушания  елді  мекеніндегі  құрылыстың қабырғасына  салынған 

суреттерден  байқалды,  мұнда  қытай  императорлары,  түрік  хандары  мен  үнді 
брахмандары, үшіншісінде-парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген. 
Талас  аңғарындағы  Жамукетке  ұқсас  Қостөбе  жұртын  қазғанда  ашылған  діни 
үйдің  қабырғасы  (ҮІІІ-ІХ  ғ.ғ.)  қалың  сылаққа  ойып  салынған  суреттермен 
əшекейленген. Ою мəнері, өрнектің кейбір элементтері, стилі Афрасиаб пен Варахши, 
Самгарр мен Фустани сарайларының қабырғарларының əшекейлеріне ұқсас. Бұл Бағдат 
(Ирак) шеберлерінің өнері мен Бағдаттың астаналық стильдік сəні Жібек жолы арқылы 
таралып, мұсылман елдеріне берік орныққандығын көрсетеді. 
Жібек  жолы  арқылы  заттар,  мəдени  үлгілер  мен  қолданбалы  өнер,  сəулет  өнері, 
қабырға  суреті  мəдениетімен  қатар  Батыс  пен  Шығыс  елдері  арасында  саз  жəне  би 
өнері, түрлі ойын-сауық түрлері де таралды. Өнер иелерін Греция басилевсі, Киев князі, 
Түрік қағаны, Қытай императоры тамашалады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет