Лекция 7 Педагог пен тәрбиешінің тұлғасы және кәсіби қызметі.
1. Педагог пен тәрбиеленушілердің ойын, танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік әрекет кеңістігі.
2. Тәрбиешісінің тұлғасы.
3.Тәрбиешінің педагогикалық қызметі мен біліктілігі.
1. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың, жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қарағаны жөн. Бip баланы еркелету басқа балалардың, қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тербиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамнын, жеке басының тікелей тигізетін әcepi арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешіci жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмipгe, еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшлік арасына насихаттау сияқты әрi жауапты, epi қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:
а) балаларды дұрыс тербиелеуді қамтамасыз етеді;
ә) өз тобындағы әpбip баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;
б) балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
в) балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жургізеді;
г) аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады;
д) балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әpбip сабаққа ұқыпты дайындалады.
Балалар тобын тербиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тербиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілікті жоғары, медениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түciндіpe алатын адам болуы керек. Тербиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіш - әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін , ортаға лайықты ұстай білуi, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.
Тербиешінің жеке басының үлгсі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бipi, өйткені балалар тербиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген cөзi мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
1 ) тербиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар ic-epeкетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
2) арнаулы білім , білік пен іскерлік-дағдыны меңгеpyi керек;
3) баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
4) ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
5) жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
6) тербиешінің әpбip қимылы, жүріс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлім-тербие берерліктей болуы тиіс.
Жаңашыл педагог Ш.А.Амонашвили тербиешіге төмендегідей талап қояды: педагог-тербиеші әрштестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игepyi керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әрштестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріртестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Тәрбиеші-педагогтың бейнесі:
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білу, материалдық түсінікті жеткізе білу;
2. Сабақты өткізу әдістемесі. Балалардың оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай біліуі; Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыры білуі.
Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:
- кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
- балалармен дұрыс қарым-қатыныс орнықтыра білуі;
- ата-аналармен тіл табыса білуі;
- сөйлеу мәдениеттілігі.
Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:
- өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;
- байланыстырып сөйлеуге үйрете алуы;
- балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;
- педагогикалық терминдерді дұрыс тиімді пайдалана білу дағдысы.
Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:
- балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білуі;
- балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
- жеке дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.
Жаңа технологияларды пайдалана білуі:
- қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
-білім беруді дамыту бағыттырын айқндай алуы.
Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:
- Сыртқы кескін-келбеті.
- Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі.
- Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
- Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі.
- Педагогикалық талаптарды орындай білуі.
- Әзіл-қалжыңға мән бере білуі.
- Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай, қолдай білуі.
- Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
- Шыдамдылық және төзімділік.
- Басқалардың пікірін сыйлай білу.
- Балалардың құпия-сырларын сақтай білу.
- Басқа адамдарды түсіну және сезіне білу қабілеттілігі.
- Еркіндік, икемділік.
- Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
- Байқампаздығы, бақылампаздығы.
- Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
- Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайырымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, шы,армашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан-жақты қызығушылығы, ұйымдастырушылық қабілеттілігі, зиялылығы, әзіл-қалжыңға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеттілігі, еңбексүйгіштігі, мейірімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеруі, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педагогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шебеллікті үнемі шыңдап отыруы және т.б.
2. Балабақшада балалардың жеке адам ретінде қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты ерте бастауына әдіскер мен тәрбиешінің қызметіне қойылатын негізгі талап. Дидактикалық талаптар осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және мектепке дейінгі топтармен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарының бірі ретінде халық ағарту жүйесінде енгізілген.
Балалар бақшасында әдіскер мен тәрбиешілер балалардың жан-жақты дамуын-дене, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрену процесі кезінде жүзеге асырылады. Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері «балалар бақшасында тәрбие програмасында» анықталған және сол арқылы білім мен тәрбие беру тікелей әдіскер мен тәрбиешіге байланысты.
Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренуге тілінің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмысболып табылатындығы белгілі: оның өзіғ денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула, парк, жақын маңындағы көшелер, қала, адамдардың еңбек процестері, өлі және тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі адамдардың парызын түсінуімен байланысты этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды. Сондықтан «балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тіл дамыту жұмысын балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сонда-ақ көркем әдебиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды. «бағдарламада» тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған: біріншісі-тәрбиешімен, балалар бақшасының басқа қызметкерлерімен еркін сөйлесуі, бір-бірімен әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту жұмысы, екіншісі - тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.
Балалар бақшасындағы баланың еркін сөйлеу: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі жуыну, тамақ ішу т.б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процес кезінде, г) айналамен танысқанда (қоғамдық өмірмен және жылдың барлық мезгілінде табиғатпен танысады), д) еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі, табиғатта еңбек еткенде), е) меркелер мен көңіл көтеру кезінде, ж) мынадай арнайы сбақтар кезінде: математикалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалық сабақтарда қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады.
Болашақ маманның белсенділігінің түрлері ол қарым-қатынас, таным және өздігімен білім алу, зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Әдіскердің және тәрбиеші профессиограммасы сол арқылы анықталып, қалыптастырады. Тәрбиешілер балабақшаларда өткізілетін семинарларға бару арқылы басқа тәрбиешілер мен әдіскерлермен қарым-қатынас жасау арқылы өздігімен білім алады, өзін-өзі тәрбиелейді. Семинардың қорытындысы ретінде өзінше зерттеу жұмысын жасап, қорытындылайды [6. б. 20-21].
Әдіскердің жеке тұлға ретінде қалыптасуы оның педагогикалық шеберлігіне, көрегендігіне кәсіптік қарым-қатынас жасаудың мәдениеті ана тілі үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму поцесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшықеттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті-сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, проблеммаларды модульдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, танысу, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде өзіндік мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Егер әдіскер баланың табиғи сөйлеу неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі соғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Кәсіптік қарым-қатынас мәдениеті, педагогикалық рефлекциясы тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді қолданудың жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.
Балалар бақшасының әдіскерімен тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін менгеру - бұл кәсіби даярлығынның көрсеткіш. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - болашақ әрбір педагогтардың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік менгеруі тиіс.
Сөйлеу мәдениекті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни көздер қалай жазылса, солай айтуына;
Сөз үйлесімін дұрыс құрамынан;
Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
Сөзді, граматикалық формаларды, интонацияны онымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіре, балалармен сөйлескен айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдану мүмкін жиналыста шығып сөйлегенде баяу жылдам түсініксіз сөйлеу мүмкін және т.б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр-түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз.
Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамығандығына байланысты.
Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп, игеруді атайды. Сондықтан болашақ педагогтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни адамдардың қай жерде, кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.
Педагогикалық біліктілік деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін айтады.
Кез-келген тәрбиеші педагог немесе әдіскердің педагогикалық біліктілігі арқылы мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Әдіскер мен тәрбиешілердің ұйымдастырушылық әдісі еліктеу әдісіне үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөздік, бірақ әр түрлі атайды: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендігінен гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дайуыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикуляцичсы мен модулиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұнадай тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.
Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақта арасында (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрету тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезеңде, айталық, баланы шомылдыру кезіңдегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы мүмкін.
Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезенде кез келген ойын үстінде пайдаланылады. Заттармен ойын ойнау кезеңде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын, қимылын айтады [6. б. 22-23].
3. Әдіскер мектепке дейінгі мекеменің ішкі және сыртқы тәртібіне жауап беретін тұлға. Сонымен қатар тәрбиешілердің күнделікті сабақ жоспарын тексеру жұмыстарын қадағалайды. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Әдіскер тәрбиешілердің балалармен ойнайтын ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстыру жұмыстарын қадағалайды. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалынаң мүмкіндігі түрлерімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты, ал оны қадағалап отыру әдіскердің қызметінің түріне жатады.
Нарықтық қатынас жағдайындағы мектеп жасына дейінгі балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол іс-шарада мектепке дейінгі мекеменің ұжымы жұмыла ұйымдастырылып, жүзеге асырады. Іс-шара алдын-ала жоспарланып, уақытылы орындалу басшы тарапынан қадағаланып отырады.
Адам тұрмыста жақын, таныс адамдарымен араласады, сонда оның тілі ауыз екі сипатында болады; қоғамдық өмірде ол басқаша сөйлейді, мұнда ол кітаби стильді, оның - әртүрлі тармақтарын-ғылыми, публистикалық, поэтикалық, іскер сөз стилін пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөнінде түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-құлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мәйрімділігі оның сөйлеу тілінен байқалады).
Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезінік қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасытын тіл құралатын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистика саласыннан да қажетті білімді меңгеруге тиіс. Бұл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оны іріктеп алуына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің синониясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана – үй – пәтер - тұратын жер – тұрақ – бұрыш – ұя – бас сұғатын жер – үңгір); грамматикалық (даламен жүру – егістікпен жүру – егістік арқылы жүру); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интанациялармен айтуға: сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, «отырыңыз!») болады. Тәрбиеші өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдарында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компонентері – лексикасы, граматикасы, фонетикалық синонимдік жағынан бай болуына назар аудару керек. Ол-тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатынын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілемелермен ерекшелетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға иіс. Сөйлеу мәдниетін көругеде талпынғантәрбиеші морфологияның аффико- синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстаған жөн, сондая-ақ өзінің сөзінде синонимдік флекстердің, синонимдердік жалғаулардың, синонимдік сөздерін, жай және күрделі сөйлемдердің құрылысына синонимдердің барлық байлыған қолдану керек [6. б. 24-25].
Әдіскердің балабақша алатын орны ерекше. Себебі. Балабақша өмірінің көп жағдайы мен жауапкершілігі әдіскердің еншісіне берілген. Әдіскер жұмысының ерекшелігі-ол балабақша іс-қағаздарын да, балалардың білімі мен тәрбиесіне, тәртібіне, тәрбиешілердің күнделікті тәртібіне жауап беретін тұлға. Тәрбие-баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейін баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ой. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарам-қатынастармен танысады.
Жас педагогтарға әдістемелік көмек түрлі семинарлар өткізу арқылы, бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы, сонымен қатар балабақша әдіскерінің көмегімен еске алады. Сабақ барысында ұйымдастыруға болатын сабақ әдістерін ұсынып, онымен қандай жұмыс жүргізуін үйретеді. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптыстыру құрал деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие беруінің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы-дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне түйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлетін. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздиді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнымен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсат, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартамдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайып, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнектіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өріс кеңейтіп, сабаққа ынтасын артыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншылармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойнатылатын дидактикалық ойындар - «лото», «домино» және тағы басқа.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланың ойнай білуге баулып, ақыл ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құрал болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Бала бақшада әрбір тәрбиеші және әдіскер әр бес жылда атестациядан өтіп тұрады, оның өткізілу себебі, олардың білім беру тексеру және толықтыру. Атестация тест түрінде өткізіледі. Төрт пән бойынша тест сұрақтарын жауап беру арқылы тәрбиешілер мен әдіскерлердің білімі тексеріледі [6. б. 26-27].
Бақылау сұрақтары:
1. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешінің рөлі қандай?
2. Жас маман өзінің білімін қалай жетілдіреді?
3. Педагогикалық біліктілік дегенді қалай түсінесің?
4. Қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінесің?
5. Дидактикалық ойын қандай ойын түріне жатады?