Тарих және педагогика факультеті


Лекция 3 Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық процестің негізі



бет4/14
Дата19.05.2023
өлшемі313,97 Kb.
#94955
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция 3
Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық процестің негізі
1. Тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
2. Белсенді шығармашылық тұлғаны қалыптастыруда оқу ойын және еңбек әрекетінің рөлі.

1. Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де педагогтар қандай да мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуы, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.


Тәрбиешінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әр түрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда балалар мен ата – аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
б) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
в) қол жеткізетін нәтижені алдын – ала жобалау бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Тәрбиеші мен баланың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.
Тәрбиешінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:
1. Педагогикалық процесті алдын – ала болжау.
2. Өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау.
3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
4. Мақсатты анықтауда балалар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін топтағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық үдерістің нақты жағдайын, балалардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс – қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.
Балалардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай тәрбиешінің педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де анықталады. Оны жобалау негізінен мынадай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді.
2. Ұжымы мен мектепке дейінгі ұйым және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар.
3. Мектепке дейінгі ұйым немесе топтағы жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.
4. Ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді.
5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады.
Тәрбие жоспары – тәрбиешінің шығармашылық зертханасы. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдай тәрбиешінің ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Тәрбиешінің тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі принциптер жиынтығын ескеруі керек:
1. Мақсат
2. Балалардың жас ерекшеліктері
3. Ұжымының қызығушылығы
4. Жоспарланатын істің жүйелілігі
5. Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану
6. Жоспарлаудың шығармашылық сипаты
Тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып және әр түрлі формада іске асырылуы қажет.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда сол білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, формаларын, оқушылар мен ұжымның тәрбиелік деңгейін ескеруі қажет.
Жоспарға қойылатын талаптар:
1. Жоспар қоғам талабына, мақсатына сәйкес құрылуы керек
2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын, нақты болуы шарт.
3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.
4. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында балалардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
5. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.
6. Балалардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
7. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
8. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
9. Жоспар құру барысында тәрбиешінің балалардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
10. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
Нақты жоспар негізінде балалар белгілі тәртіпке үйренеді, ертең, арғы күні не болатынын біледі.Алайда жұмыс мазмұны өзгертіліп отырады.
Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады:
1. Балаларға мінездеме.
2. Тәрбиелік міндеттер.
3. Саяси мәдениетін қалыптастыру.
4. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
5. Ұлттық мінез – құлық пен әдет – ғұрпын негізінде тәрбиелеу.
6. Халықтық салт – дәстүр негізінде тәрбиелеу.
7. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.
8. Өз еліне, ата – мекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын
құрметтеуге тәрбиелеу.
9. Еңбекке, іскерлікке баулу.
10. Әсемдікке тәрбиелеу.
11.Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
12. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу [7. б. 15-18].
2. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жұмысты жоспарлау үлгісі жалпы әдістемелік нұсқаулар арқылы ұйымдастырылады. Бала-бақшада жылдық жоспар, айлық жоспар, күнделікті жоспар болып бөлінеді. Жоспарлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі жастағы кіші топпен жұмыс істеуде мыналарды ескеру қажет:
- Балаларға ұсынылатын барлық шаралар олардың жағымды көңіл күйін оятып, педагогтермен әрекеттесу ынтасын тудыруы керек;
- Кішкентай бала үшін қайталау ұстанымы маңызды, сондықтан жұмыс барысында көптеген шараларды қайталауға болады және қайталау керек те, оларды дәстүрлі шаралар қатарына жатқызуға болады;
- Қоршаған дүниенің заттық мазмұны (қолдан жасалатын дүние заттары) көптеген шаралардың танымдық негізі болып табылады;
- Сәбидің танымдық дамуында, топтың алуан түрлі және ауысып отыратын заттық ортасы мен жақын төңірек үлкен орын алады;
- Таным нысадарының бәрі де белгілі бір көрнекілікпен берілуі керек (ең тиімдісі шынайы түрінде). Өйткені, сәби «көріп тұрмын-әрекет етемін» деген ұстаным бойынша таниды;
- Танымдық дамуды тек сабақта ғана жүзеге асыру мүмкін емес; танымдық белсенділікті дамытуда дұрыс жоспарланған, сабақтан тыс кезде балалардың күнделікті өмірінде жүргізілген шаралардың орасан зор маңызы бар.
Балабақшада міндетті түрде жылдық жоспар жоспарланады. Ол ГОСО, типтік бағдарламаға негізделе отырып жоспарланады. Жылдық жоспарда мектепке дейінгі мекемеде жүргізіллетін жыл бойынғы жұмыстар мен әр топта өтілетін сабақ жоспарларының тақырыптары бекітіледі. Тәрбиешілер сол жоспар бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиешілер жоспарға негізделе отырып, күнделікті сабақтарын өткізіп отырады.
Қыркүйек:
Сабақтар 1.Мен жазды қалай өткіздім.
2.Топпен танысу.
3.Топтың үлескісімен танысу.
4.Біздің топ (біздің үлескі).
Сабақтан тыс Топпен және үлескімен танысуды жалғастыру.
Балалардың «қазынасы».
Жылжымалы жұмбақтар.
Жаз туралы ұжымдық және жеке-жеке әңгімелер.
Серуен кезіндегі күнделікті бақылаулар.
«Күздің сыйы» жинағын жасау.
Топтағы бөлме өсімдіктерімен танысу.

Топтағы бөлме өсімдіктерімен танысу.


Қыркүйек балалар мен педагогтердің өміріндегі ерекше ай. Жұрттың бәрі жазғы демалыстан кейін жиналады. Бәрінің де бала-бақшаның тіршілік ырғағына жайбарақат кіруі керек. Жаз бойы балалар өскен, өзгерген. Сондықтан педагогтер өздерінің тәрбиеленушілеріне қайта қараулары керек.
Педагогтар қыркүйекте бірқатар шаралар жүргізеді, ол шаралардың негізгі мақсаттары – балалардың жаз кезінде немен толығып көркейгендігін анықтау, педагогикалық шаралардың дәстүрлі негізін қалау.
Бүкіл ай бойы түрлі жұмыстар атқарылады, оларды өткізудің кезектілігін педагогтер топтың толығу қарқынына, балалардың жаздан кейінгі мінез-құлқына және т.с.с. қарай өздерінің қалауынша жоспарлайды.
Жоспар жылдық, айлық. Күнделікті жоспар болып бөлінеді. Айлық жоспар жылдық жаспарға негізделе отырып құрастырылады. Айлық жоспар әр айға байланысты бөлінген тақырыптардан тұрады. Жылдық, айлық жоспардың құрылу мақсаты бала-бақшада берілетін білім мен тәрбие белгілі бір жүйе арқылы яғни белгілі бір рет арқылы беріледі. Тілді деп кезінде және сапалы меңгерту балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезінде дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әр бір жас кезеңіне қарай тілдік меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Айлық жоспарда алғашқы жас сатысында баланың тілдің дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметтің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады. «тіл үшін – деп жазды профессор М.М.Кольцова, - дамудың мұндай «қиын-қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетелеуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмаса, кейін олқылықтың орнын толықтыру үшін қыруар күш-жігер жұмсауға тура келеді».
Күнделікті жоспар айладық жоспарға негізделе отырып жасалады. Тәрбиешілердің күнделікті жоспарын күнде әдіскер тексеріп, сабақ өтуге өз рұқсатын береді. Күнделікті жоспар жасамаған тәрбиеші сабақ өтуіне рұқсат ала алмайды. Тәрбиеші кері байланысты да есте ұстауға тиіс: егер тілдік қарым-қатынас процесінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, осы тыңдаса, ми дамиды. Бала дыбыстарды неғырлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикулдеудің үйренсе, ол соғырлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қажетті болады, өйткені іштей сөйлеуқозғалысы, сөйлеу мүшелері, бұлшық еттерінің жұмысы.
Бала алғашында өзімен сөйлескен адамның анасы немесе тәрбиешінің бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.
Мысалы: -У-у-у, біз қандаймыз!-десе. Бала да у-у-у деп сол айтылған дыбысты қайталайды.
Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде осымен өмір құбылысының шындығын байланыстыруды үйрегенде де ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинг бола бермек [6. б. 52-53].
Бақылау сұрақтары
1. Тәрбие үдерісінің талаптарын атаңыз.
2. Тәрбие үдерісінде мектеп жасына дейінгі баланың іс-әркеті туралы сипаттаңыз.
3. Ойынның рөлі неде?
4. Баланы шығармашылыққа тәрбиелеуде ойынның маңыздылығы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет