Лекция 5 Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үдерісінде баланы тәрбиелеу 1.Мектепке дейінгі баланың тұлғасын әлеуметтендіру және тәрбиелеу.
2.Тұлғаның базалық мәдениеті.
3.Мектепке дейінгі кезең – баланың бастапқы тұлғасын қалыптастыру және әлемге гуманисттік бағытта қатынасын тәрбиелеу.
1. Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру мектеп¬ке дейінгі мекемеде мектепке дейінгі балалық шақ түсінігі адамның өмірінің негізін қалаушы және басты кезеңі ретінде байланыстырылады; қарым-қатынасты гуманизациялау жүйесі «бала-қоршаған әлем»; білім беруді мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық даму жағдайларын қамтамасыз етуге бағдарлау, олардың бұл сатыда жеке тәжірибе алуы.
Мектепке дейін білім беруге әлеуметтік сұраныс пен жүйенің бүгінгі жайының арасындағы, мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі жағдай мен ол жөніндегі балалардың, педагогтар мен ата-аналардың идеалды түсінігінің арасындағы қайшылықтар мамандарды балалар¬ды әртүрлі іс-әрекет субъектісі ретінде дамытуға жетектейтін мектеп¬ке дейін білім беруді жүзеге асыру технологияларын іздестіруге себеп болды.
Бұл ізденістер контекстіндегі маңызды аспект мектепке дейінгі ме¬кемеде, жанұяда, бүтін социумда баланы дамыту ортасын оңтайландыру проблемасын шешу болып табылады. Баланы дамытуға әжептәуір деңгейде тұқым уалаушылық, орта, тәрбие және басқа да факторлар әсер етеді. Дегенмен бала өмірінің алғашқы күнінен бастап қоршаған ортасы ынталандырады, тежейді немесе физикалық, психикалық, әлеуметтік, тұлғалық дамуы бейжай дәрежеде болады.
Психологтардың (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) деректерінше, орта адам дамуының күшті факторы болып табылады, адамды қоршаған кеңістік, индивидтің да¬муы мен ісінің тікелей белсенділік аймағы деп қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сөздік ортаға мынадай анықтама береді: «Орта – адамды қоршап тұрған және онымен организм мен тұлға ретінде өзара ықпалдастықта болатын жағдайлардың жиы¬ны». Орта ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қоршаған орта – адам¬ды қоршап тұрған ортаның түрі, ол физикалық және әлеуметтік болып бөлінеді. Ішкі орта организмнің күйімен анықталады және организмнің, жеке тұлғаның түрлі жүйелерінің өзара тәуелділігінде көрінеді. П.И.Пидкасистый, тұлғаның ортамен өзара әрекетінде оның өзгерістері ортаның өзгерістеріне тәуелді екендігін, тәрбие процесінде ескеруді та¬лап ететіндей қайшылықтар туғызатынын атап көрсеткен.
Дамытушы орта дегеніміз не? Осы ұғымның мазмұнын ашайық.
В.А.Петровскийдің анықтамасы бойынша дамытушы орта – ар¬найы ұйымдастырылған баланың өздігінен білім алуына және дамуына жағымды әсер етуге қабілетті баланы қоршаған кеңістік.
М.Н. Полякова дамытушы орта – табиғи, өте жайлы, ыңғайлы, тиімді ұйымдастырылған, әртүрлі сенсорлық қоздырғыш және ойын материалдарымен толтырылған жағдай деп көрсетеді.
«Дамытушы заттық орта, - деп көрсетеді С.Л.Новоселова, - бұл баланың рухани және физикалық бейнесінің даму мазмұнын функционалды модельдейтін іс-әрекетінің материалдық объектілер жүйесі. Байытылған орта баланың түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етудің әлеуметтік және табиғи құралдарының бірлігін көздейді». Бұл ортаның негізгі элементтеріне С.Л.Новоселова архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілерді; көркемдік студияларды, ойын, спорттық алаңдарды және олардың жабдықтарын; ірі габаритті, баланың бойына сай конструкторларды; ойыншықтардың тақырыптық жиынтықтарын, құралдарды; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалдық және ақпараттық құралдарын жатқызды.
Р.Б.Стеркина баланы дамыту ортасын материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, эргономикалық (эргономи¬ка – адам іс-әрекетін затта жобалауды қамтамасыз ететін және және оның функционалдық қасиеттері туралы ғылым) кешені ретінде қарастырады; эргономиканың деректерінің негізінде мектепке дейін білім беру мекемесінде балалар мен үлкендердің өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды дизайнерлік жобалау жүзеге асырылады. Айтылған жағдайлар адамның өмірлік сұранысын қанағаттандыруға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Одан басқа олар рухани және әлеуметтік сұраныстарына – танымдық, эстетикалық, жал¬пы мәдениеттік, басқа адамдармен қарым-қатынастағы сұраныстарына бағдарланған.
В.А. Ясвин, баланың оқуы мен дамуына ортаның әсерін тал¬дай келе, «білім беру ортасы» ұғымына осы біз айтқан пікірге ұқсас түсінікке келеді. Ол: «Білім беру ортасы – бұл тұлғаның берілген үлгі бойынша қалыптасуына әсер мен жағдайлар, сол сияқты оның дамуы үшін әлеуметтік және кеңістіктік заттық ортада болатын мүмкіндіктер жүйесі» деп жазды. Бұл анықтама «дамытушы орта» ұғымымен мөлшерлес келеді. Бірақ тұлғаның әлеуметтік берілген «үлгі бойын¬ша» даму мағынасы көбінесе бұл ортаға енген субъектінің өзіндік даму мағынасының айырмашылықтарын жояды. Дамытушы ортаның мағынасы оның баланың іс-әрекетін ынталандыруда, белсенділендіруде тұлғаға заттардың, ойыншықтардың, жағдайдың және т.б. қосалқы әсерінде. Бұл ортаның мақсаты (динамикалық, белсенді, тәрбиелеуші, үйретуші) – баланы өзіне тән іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамы¬ту, айналасындағы адамдармен және айналаны танып білу үшін өзін қоршап тұрған заттар әлемімен өзара ықпалдастық субъектісі ретінде дамыту. Ол әсердің тура, «көзге ұрып тұрған» пайдасын бермейді, жағдай жасау арқылы түрлі іс-әрекетті жеделдендіреді. Бұл мектепке дейінгі баланың физикалық, психикалық және тұлғалық дамуы үшін басты шарт болып табылады. П.Ф. Лесгафтың зерттеулері ортаның баланың жеке ерекшеліктеріне қарай генетикалық көрсеткіштерін реттейтін іргелі жүйелі фактор ретінде жүретіндігін көрсетті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді белсенділендіру білім беру мекемелері мен жанұяда дамытушы орта құрудың теориясы мен практикасы саласында 20 ғасырдың 60-шы жылдарымен байланысты. Әрине, неғұрлым ертерек кезеңде оқытуды, тәрбиелеуді және дамыту¬ды оңтайландыру жағдайларын негіздейтіндей мектепке дейінгі педа¬гогикада зерттеулер болған жоқ деу қате болар еді (К.Д.Ушинский, Е.И.Тихеева, Е.И.Флерина, Е.В.Водовозова, Н.К.Крупская, А.В.Запорожец, А.П.Усова).
Мектепке дейін білім берудегі заманауи жағдаяттар мамандардың мектепке дейінгі жаста баланы дамыту ортасын құрудың маңыздылығын жеткілікті түрде түсінуімен сипатталады, оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен принциптері анықталған (О.Артамонова, С.Л.Новоселова, В.А.Петровский, Н.Н.Поддьяков, М.Н.Полякова және т.б.). 20 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында дамытушы заттық ортаның тұжырымдамасы жасалды, ол оны жасаудың маңыздылығын және мек¬тепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі жас кезеңдері үшін жобалау мүмкіндіктерін негіздеді. Бұл бағыттағы ғылыми ұсыныстар мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жанұя және тұлғаны әлеуметтендірудің басқа да институттары жағдайында бұл проблеманың практикалық шешу жолдарын іздестіруді өзекті мәселе етіп қойды.
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар. Ортаның дамытушы сипаты. Ол объективті, өзінің мазмұны мен қасиеттері арқылы, баланың шығармашылдық іс-әрекетіне жағдай жасауы керек, физикалық және психикалық даму мақсаттарына қызмет етуі, ақпаратты және мектеп жасына дейінгі баланың жуық арадағы даму зонасына бағытталған болуы керек. Ортаның дамытушы функциясы баланың қарапайым іс-әрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне көшуіне ықпал ететін дәстүрлі және жаңа,өзгеше компоненттердіесебінен қамтамасыз етілуіне тиіс.
Ортаның бала іс-әрекетінің когнитивтік (танымдылық) құралымына сәйкес болуы, яғни ортада балаға белгілі және зерттеуге жататын проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның нұсқалығы. Мектепке дейінгі мекеменің типіне, мақсаттары мен білім мазмұнына, мәдени дәстүрлеріне қарай орта бейнелік шешіммен, оның компоненттерінің ауқымдылығымен қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік және қауыпсіздік деңгейінде жайлы болуы керек. Орта компонентері – молшерлес маштабты және балалар мен үлкен адамдардың іс-әрекетінің макро- және микрокеңестігімен өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-әрекетінің объектілері мен құралдары, олардың эстетикалық және гигиеналық көрсеткіштері ғалыми негізделген сипатта болуы қажет.
Іс-әрекеттің көшпелі және тұрақты құралдары мен объектілірінің болуы әрбір балаға іс-әрекетті, оны орындаудың қарқынын, мерзімін және шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі мекемені архитектуралық-жоспарлау шешімі әртүрлі жастағы және әрекетті меңгеруде әртүрлі деңгейдегі балалардың біріккен іс-әрекеті үшін жағдай туғызуды,жергеліктіэтнопсихологиялық, мәдени-тарихи және табиғи-климаттық жағдайды ескеруді қарастырады.
Білім беру мекемесінде заттық орта жүйесі отбасы, тұрғын мөлтекаудан жағдайларымен сәйкес болуы тиіс.
Заттық ортаның барлық компоненттері мазмұны, масштабы, көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық орта бала іс-әрекетінің объектісі мен құралы ғана емес, педагогикалық процесс мәдениетін жеткізуші болып табылады, педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кәсіптік өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамытушы заттық ортаның жеткілікссіздігінен іс-әрекетті депривация жасауға жол берілмеуі керек. Заттық вакуум жағдайында баланың жаңаны білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі балалық шаққа балалардың ойындарымен басқа да іс-әрекет арқылы ентін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің дамытушы ортасын жобалау мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасылуы керек [10. б.187-91].
2. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейiн ие бола алмайды. Өйткенi кiсi болып, ержету үшiн бала оңы мен солын, өзiнiң «менiң» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата бiлуi тиiс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектердi кiсi, тұлға деп айту қиын. Есейiп, ер жетiп, өз бетiнше әрекет ете алатын адамды ғана кiсi, не тұлға деймiз. Қандай да болмасын бiр iспен айналысатын, азды-көптi өмiр тәжiрибесi, бiлiмi мен дағдысы, икемi, дүние танымы, сенiмi мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мiнез, қабiлетi бiр сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзiнiң iс-әрекетiн тiзгiндей бiлетiн, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшiн жауап бере алатын адамды да кiсi, не тұлға деймiз. Тұлғаның түрлерi сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерiмен қатар жауыз, керiтартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкiлдерi болады.
Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшiн ең алдымен оның әлеуметтiк жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесi, қандай таптың өкiлi екендiгiн, нақтылы кәсiбiн, бiлiмiн, iс-тәжiрибесiн бiлуiмiз қажет. «Әлеуметшiлiксiз,- дейдi X. Досмұхамедов (1883- 1939)- қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекетi болуға мүмкiн емес... Оңды әлеуметшiлiк құру үшiн елдiң өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек». Осы айтылғандар бiзге оның психиологиясы туралы белгiлi пiкiр айтуға мүмкiндiк бередi. Жеке адамның өмiр бағытын көрсететiн компоненттер көп. Олардың бастылары: себептер мен қажеттер, бейiмдiлiк пен қызығулар, дүниетаным мен сенiм, мұрат пен талғам.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қоғамдық тәрбие беру ісінің өзіндік тарихы бар.
Қоғамдық тәрбие жайлы идеяны алғаш көтеріп жетілген адамзат қоғамын кұрудың жолын іздеушілер - Маркске дейінгі утопист-социалистер: Томас Мор, Томмазо Кампонелла, А. Сен-Симон, Шарль Фурье, Роберт Оуэн еді. Роберт Оуэн адам бойындағы теріс қылықтар мен жаман мінез-күлыктар әлеуметтік құрылыстың кемшіліктерінен туады, оны туғызатын жеке меншікке негізделген қоғамдық құрылыс екенін дәлелдеген. Бұдан құтылудың жолы - жеке меншікке негізделген қоғамды жойып, барша байлық жалпы жұрттыц игілігіне айналатын қоғам орнату, халықтың материалдық, саяси-экономикалық, тұрмыс жағдайларын, тіршілік күйін өзгерту керек, сонда адамның өзі де өзгереді деп қорытынды жасаған [11. б. 35].
Біраз уақыт бұрын ғылымда адамның дамуы, индивидтің тұлғаға айналуы қандай факторлардың әсерінен болатыны туралы даулар туындады. Бүгінде ғалымдар өз ұстанымдарын біріктіретін көп дәлелдер тапты. Бірақ фактор дегеніміз не? Латын тілінен аударғанда factor— жасаушы, өндіруші. Қозғайтын күш, кез-келген үдерістің, құбылыстардың себебі. Егер осы анықтамаға сүйенсек, онда ғалымдардың даулы мәселесі жеке тұлғаның қалыптасуына негіз болатын себептерді түсіндіру болды (және шын мәнінде). Үш фактор бөлініп шығады: адамның дамуы тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің әсерінен болады. Оларды екі үлкен топқа біріктіруге болады — дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары.
Тұқым қуалаушылық ата-анасынан балаларына беріледі, гендерге енгізілген. Тұқым қуалаушылық бағдарламасы тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді. Тұрақты бөлігі адамды адам болып, адамзат өкілі болып туылуын қамтамассыз етеді. Өзгермелі бөлігі адамды оның ата-анасымен туыстандырады. Бұл сыртқы белгілері болуы мүмкін: дене құрылысы, көзінің, терісінің, шашының түсі, қан тобы, нақты ауруларға биімділігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі. Бұндай даусыз фактілер ешкімнің күдігін туғызбайды: балалар өз ата-аналарына, өз тегіне ұқсайды. Олай болмаған жағдайда таңданыс тудырады, өйткені сыртқы ұқсастықты адамдар бір тектің міндетті белгілері ретінде қабылдайды.
Бірақ түрлі көзқарастың мәні моральдық, интеллектуалдық қасиеттердің, арнайы қабілеттердің (қандайда бір іс-әрекетке қабілеттіліктер) тұқым қуалауы туралы мәселе болып табылады. Қабілеттілігі немесе бейімділігі беріледі ме екен? Көптеген шетел ғалымдары (М.Монтессори, Э. Фромм, К.Лоренц және т.б.) интеллектуалдық қана емес моральдық қасиеттер тұқым қуалау арқылы берілетініне сенеді. Отандық ғалымдар ұзақ жылдар бойы қарсы көзқарасты ұстанды: тек биологиялық тұқым қуалаушылықты мойындады, ал басқа санаттар – мораль, интеллект - әлеуметтендіру үдерісінде иелінеді деп есептеген. Алайда академиктер Н.М. Амосов және П.К. Анохин адамгершілік қасиеттерді мұралану немесе кез келген жағдайда баланың агрессияға, қатігездікке, еріксіздікке тұқым қуалаушылық биімділігі пайдасына өз ойын білдіреді. Бұл күрделі мәселе әлі күнге дейін бір жақты шешімін таппаған.
Сонымен, баланың дамуына тек тұқым қуалаушылық қана емес орта да әсер етеді. «Орта» ұғымы кең және тар мағынада қарастырылуы мүмкін. Кең мағынада орта дегеніміз – бала өсіп келе жатқан климаттық, табиғи жағдайлар. Бұл - мемлекеттің қоғамдық құрылымы, және баланың дамуы үшін ол жасайтын жағдайлар, сондай-ақ халықтың мәдениеті мен тұрмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы.
Осындай ұғымдағы орта әлеуметтендірудің жетістігі мен бағытына әсер етеді.
Бірақ орта ұғымына және оның адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етуіне тар түсінік те бар. Осы тәсілге сәйкес орта - бұл тікелей заттық қоршаған орта.
Бала дүниеге келген сәттен бастап оны көптеген заттар қоршайды. Заттар оған әлеуметтік әлемді тануға және дамуға көмектеседі. Профессор Брунер Америкада мынадай тәжірибе жасады: жаңа туған балалар тобын төбесі мен қабырғалары ақ, сыртқы шудан оқшаулаған бөлмеде бірнеше айға орналастырды. Басқа жаңа туған балалар тобы осы уақытта қарапайым жағдайда – түсті қағаз жапсырылған, түрлі-түсті төбесі, ойыншықтары бар және т.с. бөлмеде өмір сүрді. Тәжірибенің соңында баланың инталлектуалдық даму деңгейін зерделеуге тест жүргізілді. Ақ, бос бөлмедегі балалар өз дамуында қарапайым топтағы балалардан 3 айға артта қалып қойғаны белгілі болды, бұл осы жас үшін айтарлықтай көп.
Бұл тәжірибе баланың жан-жақты даму деңгейіне ортаның айтарлықтай әсер ететінін сенімді дәлелдеді. Заманауи педагогикада «дамытушы орта» деген түсінік бар (В.А.Петровский). Дамытушы орта астарында тек заттық толықтыру түсіндірілмейді. Ол балаға анағұрлым тиімді әсер етуі үшін ерекше түрде құрылуы қажет.
Педагогикада орта тәрбиелеу факторы ретінде сөз болғанда, бұл дегеніміз сонымен қоса адамның ортасы, ондағы өзара қарым-қатынастың және іс-әрекеттің қабылданған нормалары. Көбінесе ортаның (көшенің) теріс әсері байқалады, бұл оның еліктеу үшін теріс үлгілірімен қанықтылығына байланысты.
Орта тұлғаны дамыту факторы ретінде айтарлықтай маңызға ие: ол балаға әлеуметтік құбылысты әр тараптан көруге мүмкіндік береді. Әдетте оның әсері педагогикалық басқаруға көп берілмейтін стихиялық сипатта болады, әрине, бұл тұлғаны қалыптастыру жолында көптеген қиындыққа әкеледі. Бірақ оны ортадан оқшаулауға болмайды. Үлкендердің «баланы қатаң бақылауда ұстауға», әлеуметтің ортадан шектеуге кез келген ұмтылысы, ол қандайда бір көрініс алғанымен (бөтен адамдармен әңгімелесуді шектеу, таным нысандарын тарылту және т.б.) әлеуметтік дамуының арта қалуына ұрындыруы мүмкін
Ортаның тұлға қалыптасуына әсері адамның барлық өмір жолында тұрақты түрде болады. Айырмашылық тек осы әсерді қабылдау дәрежесінде ғана. Жылдар өткен сайын адам оны сүзгіден өткізіп, интуитивті бір ықпалға беріліп, және басқа әсерлерден жалтару мүмкіндігін игереді. Кішкентай бала үшін нақты жасқа дейін мұндайсүзгінің қызметін үлкендер атқарады. Орта дамуды тежеуі мүмкін және де оны белсенді етуі де мүмкін, бірақ дамуға қатыспауы мүмкін емес.
Сонымен соңғы, тұлғаның қалыптасуына әсер ететің үшінші фактор – бұл тәрбиелеу. Алғашқы екі факторға қарағанда ол әркез мақсатты, саналы (тәрбиелеу тарапынан болса да) сипатта болады. Тұлғаны дамыту факторы ретінде тәрбиелеудің екінші ерекшелігі даму жүріп жатқан халықтың, қоғамның, әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әркез сәйкес келуі болып табылады. Бұл тәрбиелеу туралы сөз болғанда, әркез оң ықпал туралы сөз деген мағына. Сонымен, тәрбие тұлғаға әсер ету жүйесін ұсынады - дара әсер ету сезілетін нәтижелерге әкелмейді [4. б.70-75].
Педагогикалық тәрбиелеудің мақсаттары тұлғаны тәрбиелеудің соңғы нәтижелерінің моделі түрінде ашылады. Сонымен бірге тұлғаны тәрбиелеудің аяқталғандығы шартты жағдай, өйткені, адам өмір бойы өзгереді, дамиды. Тәрбиеленгендіктің, білімділіктің, дамығандықтың нәтижесі әрбір жас кезеңімен және бұл процестің нәтижелігінің жас ерекшелік критерийлерімен байланысты болуы мүмкін. Тәрбиелеу мақсаты аның мазмұнына, түрлеріне, әдістеріне, құралдарына бағдарлық әсер береді, тәрбиелеу бағдарламаларының бағытын анықтайды, процетің қажетті нәтижесін көрсетеді.
3. Ересек адамсыз (жақын және алыс) бала тірі организм ретінде өмір сүре алмайды және әлеуметтік тұлға ретінде дамымайды. Ересек адам баланың тұлға болып қалыптасуына екі негізгі функцияны атқаратыны белгілі: ол өзі құндылықтар мен адам тәжірбиесінің тасымалдаушысы болып қызмет етеді және үлгі ретінде «пайдаланады»; тәрбиелеу және оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы болып табылады.
Баланың қасында қандай ересек адам болғанына, «оны кімнің өмірге жетелегеніне» (В.А.Сухомлинский) көп нәрсе байланысты. Егер бала кішкентайынан мейірімді, қайырымды, ұстамды адамдар жанында болса, егер олар бір-бірімен құрметпен қарым-қатынас жасай алса, егер олар еңбексүйгіш және жайдары болса, - оның әлеуметтік тажірибесі дәл осындай адам әрекетінің үлгілерімен толығады. Бұл адамдар әлемінен алғашқы әсерлер болғандықтан, олар нағыз мықты болады. Егер бала қобалжу, қатыгездік, дөрекілік жағдайында өмір сүрсе, онда ол тиісті әлеуметтік тәжірибеге ие болады. Әрине, бұл тек осы тәжірибеге сүйене отырып, баланың өмір сүретіндігіне көз жеткізбейді. Қарақшы отбасы міндетті түрде қарақшыны өсірмейді, бірақ мұндай жағдайда бейәлеуметтік болу ықтималдығы басқа эмоционалдық климатқа ие отбасынан жоғары. Сондай-ақ, өкінішке орай, бақытты отбасында тәрбиенің толықтай табысты нәтижесіне кепілдік берілмейді. Адам болу үдерісі өте күрделі және көптеген кейде көрінбейтін немесе бейсаналық әсерге ұшырайды.
Бірінші функция - ересек - құндылықтар иесі - іске асырылуы мүмкін және мақсатты түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ата-аналар, тәрбиешілер балаға өзінің бағалауларын, қарым-қатынастарын, әрекеттерін әдейі көрсетіп, өзін еліктеу үлгісі, ерекше «көрнекі құрал» түрінде көрсеткен жағдайда болады. Мұндай көрсету, әсіресе іс моральдық құбылыстарға қатысты болған кезде, үлкен әдептілікті, шамасын сезуді талап етеді.
Педагогика мен психология тұрғысынан бұл бірінші функция дамушы тұлға үшін өте маңызды. Балаға әсер ету механизімінің негізінде еліктеу және ересектер әлеміне араласу қажеттілігі сынды балалықтың ерекшеліктері жатыр. Бұл функцияны мақсатты түрде жүзеге асыруға көмектесетін жетекші әдіс, бала үшін - бақылау, ал ересек адамдар үшін - бірлескен қызметті ұйымдастыру, педагогикалық жағдайлар, көрсету.
Балаға арналған бірінші функциядағы әлеуметтік тәжірибені берудің өздігінде, байқау маңызды болып қала береді, ересек адам үшін бұл ішкі әлеуметтік және моральдық әлемнің иллюстрациясы. Тәрбиелеуші баланың оны үнемі бақылап отырғанын, бала әркез елітеуге дайын екендігін есте сақтауға міндетті және бала оны бақылап, қабылдай алатынды, сондықтан ересек адамның оның алдындағы жауапкешілігі зор.
Бала тұлғасын қалыптастырудағы ересек адамның екінші функциясы- ересек адам әлеуметтік тәжірибені беру үдерісінің ұйымдастырушысы болып табылады. Және бұл функция мақсатты түрде, стихиялық түрде де іске асады.
Бұл функцияны педагог өз кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында мақсатты түрде іске асырады. Педагогтың біліктілігі жоғары болған сайын, ол өз мамандағын терең меңгерген сайын, ол балаға оның дамуында үлкен көмек көрсетеді. Ата-аналар да өз балаларының тәрбиелеу және оқыту үдерісін мақсатты түрде ұйымдастыра алады, ол арқылы баланың әлеуметтік тәжірибесін жетілдіреді және кеңейтеді. Бұл ата-аналар өз балаларын қалай тәрбиелеу жөнінде ойлана бастаған кезде, саналы түрде психиологилық-педагогикалық әдебиеттерді оқығанда, мамандардан кеңес алған жағдайда мүмкін. Шындығында, өкінішке орай, көбінесе ата-аналар мұндай қадамдарды баланың дамуында қандайда бір ауытқуларды бақылаған кезде қолданады, ал баланың даму үдерісі дұрыс, тыныш жүріп жатқанда олар бұл үдерісті қалыпты жағдай деп санайды және балаларды әлеуметтендіруде оларға стихилық түрде көмектесуді ұйымдастыруға биім келеді.
Алайда, әлеуметтік тәжірбиені беру үдерісін стихилық түрде ұйымдастыру тәрбиелеуші оған педагогикалық импровизациядақажеттілік болған жағдайда, күтпеген жағдайда тез шешуге және т.б. жүгінген кезде, жемісті болады. Бұл форманы стихилық деп шартты түрде атауға болады, өйткені қандай да бір педагогикалық импровизация педагог кәсіби шеберлікті меңгерген кезде мүмкін болады - дәл ол ерекше жағдайдан дұрыс жолды «көрсетеді».
Бала тәрбиесі мен оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы рөлінде ересек адам да өзін әртүрлі көрсете алады. Барлығы оның біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты. Ересек адамның үйретуінсіз бала өмірлік іс-әрекет тәсілдерін игере алмайды. Ересек адам балаға жеке шығармашылығы үшін және сайып келгенде, адамзаттың үдерісі үшін уақытты бөліп, ол үшін әлемді игеру үдерісін тиімдірек етеді.
Егер әр ұрпаққа барлығын жаңадан жасау, табиғаттың заңдарын қайта ашу керек болса, егер адамдар жиналған тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беретін ұлы мүмкіндіктен айырылатын болса не болады?
Сонымен, ересек адам бала мен оны қоршаған әлеуметтік әлем арасындағы жетекші, дәнекер болып табылады [4. б. 75-78].
Тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Әртүрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастырылуына олардың типтері, дамтылатын балалардың жас мелшері, мақсат-міндеттерді, бағдарламалары (білім мазмұны), әдіс – тәсілдері өзіндік ерекшеліртері бола тұра, мақсаттары мен көздейтін нәтижелерінің бағыттастығы мен үндестігін көруге болады [12. б. 22].
Бақылау сұрақтары:
1. Орта дегеніміз не?
2. Ішкі орта және сыртқы орта туралы ситпаттаңыз.
3. Баланың дауына ықпал етуші фактортар туралы баяндаңыз.
4. Тұқымқуалаушылықтың тәрбиеге әсері неде?
5. Ортаның баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсері қандай?