Тарих кафедрасы



бет22/28
Дата11.11.2022
өлшемі482 Kb.
#49541
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
4-тапсырма. Толықтыру.
_______жылы әкімшіл-әміршіл үкімет ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылдады. Заң жобасы бойынша ____ бай қожалық тәркіленуге тиіс еді, алайда қазақ өлкесінде бұл уақытта ірі байлар осыншама көп болмаған. Сондықтан тапсырған міндетті орындау үшін жергілікті органдар орташа шаруаларды да тәркілеуге кірісті.
Жемшөп азығының жоқтығы бір орынға жинастырылған мемлекеттік колхоз меншігіндегі малдың қырыла бастауына әкеп соқты. 1929 жылы ұжымдастыру науқаны басталғанда Қазақстанда _____млн. бас малы болса, 1933 жылы _____млн. ғана қалды. Мал басы саны ___ есе азайды. Шаруашылықтар күйзеліске, халық аштыққа ұшырады. Республика халқының саны ____млн. адамнан ____ млн адамға кеміді. Халық саны қайта қалпына келтіру үшін елімізге әлі ____ жыл қажет болды.

Тәркілеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді. 1932 ж. 7 тамызында қандай заң қабылданды, бұл заң бойынша айыпты деп танылғандарға қандай жаза қолданды және бұны кімдер шешті.




5-тапсырма. Дерекпен жұмыс.
Ақмола округі бойынша астық дайындау мен ұжымдастыру науқанында орта шаруаға қатысты бұрмалаушылықтар орын алғаны анықталды. Орта шаруаларға тұтқында ұстау, ұрып-соғу, өз еркінен тыс ауыр жұмысқа салу, мал, дүние-мүлкін тәркілеу жазалары қолданылған. Салынған салық көлемінің ауырлығы соншалық, орта шаруа қолындағы бар дәулетінен айырылған. Оның үй-жайын тартып алған, колхоздан қуып, жер аударып жіберген.
Қалыбекова М.Ш. Қазақстанға арнайы қоныс аударылғандар:
құжат тар мен материалдар (1930–1956). – Алматы, 2011,
50-бет.
1. Мұндай жазалау шаралары басқа округтерде де орын алды ма?
2. Ұжымдастырудың бұл әдісін орта шаруаларға қолдану қажет па еді?


6 тапсырма. Білгеніңізді ортаға салыңыз. БК(б)П-ның XIV съезі 1925 ж. желтоқсанда белгіленген елді индустриаландыру бағытын жүзеге асыру Қазақстанда бірсыпыра елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы республиканың әлеуметтік- экономикалық мешеулігі еді. Тағы қандай қиыншылықтар болды?
1) ____________________________________________________________
____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
____________________________________________________________
3)___________________________________________________________
____________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет