Тарих кафедрасы



бет19/28
Дата11.11.2022
өлшемі482 Kb.
#49541
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
7-тапсырма.
1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақбаев, Т. Нұрекенов т.б. белсене атсалысты. Петициядағы маңызды мәселелердің бірі Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын қатыстыру талаптары болды.

Қарқаралы петициясы.


1905 ж. Император ағзамға Қарқаралы - Семейлік қазақтардың тарабынан Омбыда әр түрлі мекемелер өкілдерінің жиналысында қырғыздырдың (қазақтардың) өкілдерін земствоның жиынына жібермеу жөніндегі жек көрінішті министр А.Т.Булышинның жобасына жақын шешім қабылданыпты: «Бұндай жағдай Дала өлкесінің басты тұрғындары (қазақтардың) жағдайын білмеудің салдары бізді қатты алаңдатуда. Қандай әділет бар. Қазақтарды құқықсыз, заңсыз топқа енгізген қайдан шыққан. Иә, біз мал шаруашылығымен айналысамыз, бірақ ол қаңғу емес қой. Мал шаруашылығымен айналысу неге біздің сайлау құқығымызды шек қоюға себепші болмақ? Қазақтар қоғамдық және мемлекеттік мақсатты орыс шаруаларынан кем түсінеді деп кім қорытынды жасай алады, тіпті басқа отырықшы “бұратаналармен” салыстырмай-ақ қояйық. Кім қазақтардың мүддесін қорғамақ, кім біздің мұқтаждығымызды дұрыс түсіндіреді?».
Қазақ Мемлекеттік орталық мұрағаты,
64-қор, 1- тізім, 322-іс, 116-парақ.

Бұл петицияның қандай саяси маңызы болды?


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8-тапсырма. Қоныс аудару саясаты - қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді шиеленістірді, ара-жік ұлғайды.
Қоныс аудару саясатының басталу себебі?
Қоныс аудару саясатының кезеңдері?
Қоныс аудару саясатының негізгі облыстары?
Орыс, украин шаруаларына жер қалай берілді?
Ұйғыр, дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы?
Қоныс аудару кезінде қанша халық келді?
Қоныс аудару саясатын жүзеге асыру үшін қандай экспедицияляр жұмыс істеді?
Қоныс аудару саясатының зардаптары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет