Тарих пәнін оқытуда көрнекіліктер жасау технологиясы technology of making highlights in teaching history ермекұлы Б., Есенкулова З. З



бет2/2
Дата13.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#56948
1   2
Кілттік сөздер: Көрнекілік, көрнекілік шарттары, көрнекілік түрлері, LearningApps.org, оқыту, мұғалім, платформа
Keywords: Visualization, visual conditions, types of visualization, LearningApps.org, teaching, teacher, platform
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға болмайтын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға ғылымдар, ұлы ойшылдар мен атақты педагогтар зор көңіл бөлген. Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин: «Қазақ жастары ғылымды, оқу мен өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп, қолымен ұстап ажырата білулері керек», -деген.
Орта ғасырлардың атақты ұстазы Әл-Фараби «оқытудың негізгі әдісі-көрнекілік»-деп оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.
Ал белгілі педагог Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды ұстап, байқаудан бастау керек деген. 
Жалпы зерттеуші-ғалымдар көрнекіліктерді төмендегідей түрге бөледі:

  • Жаратылыс көрнекілігі - оқушыларды өмірде бар обьектілермен таныстыруды көздейді;

  • Көлемдік көрнекілік- шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатын көздейді (фотосурет, картина, портрет, диафильм т.б.);

  • Дыбыстық көрнекілік - дыбыс құралдарын пайдалана отырып көрсету (кино, электронды оқул. телебағдарлама, спектакль т.б);

  • Символикалық және графикалық көрнекілік - схема, тірек-сызба, диаграмма, сөзжұмбақ, ребус т.б

Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға байланысты. Көрнекілік оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданбалы және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Көрнекілік оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндіргенде білім білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берілген тапсырманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде т.б. Көрнекілікті орынды-орынсыз пайдаланбай, оған қойылатын шарттарын дұрыс сезіне білу керек.
Көрнекілік шарттары:

  • Көрнекіліктің оқушы жасына сәйкестігі;

  • Көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;

  • Көрсетілетін көрнекілікті барлық оқушының көруі;

  • Көрнекілік оқу материалдарымен сәйкес келуі тиіс;

  • Көрнекіліктен керекті мәліметті табуға оқушыларды қатыстыру.

Осындай көрнекіліктер жасау үшін LearningApps.org интерактивті модульдердің көмегімен жасауды көрсетейік. Мысалы, Сәйкестендіру тапсырмасы төмендегідей:

1-сурет. Сәйкестендіру тапсырмсын құрастыру 2-сурет Сәйкестендіру тапсырмасын орындалуы


Тапсырманың орындау нәтижесін дұрыс дп тапса «Жасыл», қате болса «Қызыл» түске боялады.


Бұл модульдерді тікелей материалдарды оқыту процесінде, сондай-ақ өз бетінше зерттеу үшін пайдалануға болады. Платформа білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін ашық: балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, техникумдар және т. б. Пайдаланушылар үлгі ретідегі модульдерді қолдана алады, оларды өзгерте алады және ұсынылған конструктор мен шаблондарды қолдана отырып жаңа модульдер жасай алады. Интерактивті тапсырмалар тақырып категорияларына сәйкес ұйымдастырылады. Орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, итальян және басқа тілдердегі веб-сайттар мен тапсырмалар (модульдер) бар.



3-сурет. Сөзжұмбақ тапсырмасын 4-сурет. Сөзжұмбақ тапсырмасын
құрастыру орындалуы



5-сурет. Сөзжұмбақ жауаптары

Қорыта айтсақ, оқушының пәнге деген қызығушылығын осындай тапсырмалар беру арқылы ынталандырсақ болады.




Әдебиеттер
References



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші /негізгі/ деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж.

  2. Рахимбаева Қ.С. «Дүниетану сабақтарында АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту», 2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет