Тарихи түсініктерді, ұғымдарды меңгеру, талдау элементтерін үйрену;
Тарихи құбылыстар арасындағы заңдылықтар мен себеп - салдарлық байланыстарды ашып көрсету, тарихи құбылыстарға, тарихтағы қайраткерлер қызметіне баға беру талап етіледі;
Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелерін талдап, ескере ерекше мән беру;
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу, даму жолдарын түсіне білу;
Әр түрлі түбегейлі өзгерістерге толы тәуелсіздіктің сара жолын тарихи тұрғыдан зерттеу, еліміздің ертеңі мен болашағын айқындауға машықтану;
Орыс тілі пәнінен қойылатын талаптар: Оқушы өткен тақырыптар бойынша ережелерді білу керек.
Фонетика тарауын қайтала, дыбыстардың ерекшелігін аңғар. Орфология бөлімін қайтала.
Сөздердің жасалу жолдарын еске түсір. Түбір мен қосымшалардың байланыстарын дұрыс жаз.
Лексика тарауын қайтала.
Морфология тарауын қайтала.
Математика пәнінен емтиханға қойылатын талаптар: Тапсырмаларды сұрақтарды , жаттығуларды шығара отырып, мына талаптарды жүзеге асыруға болады:
1. Сабақта өтілген тақырыпты тереңдетіп, толықтыра меңгеру.
2. Теориялық білімді қолдануға оқушыны дағдыландыру, әдістемелік ақпараттың тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану.
3. Оқушыларды салыстыра білуге, саралай білуге, қорытынды жасай білуге үйрете білу.
4. Оқушының дамыта ойлануға дайындалуы.
5. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.
6. Оқушы геометриялық фигураларды дұрыс сыза білуі, сызу құралдарын пайдалана білуі тиіс.
7. Оқушы өзі орындаған жұмыстың жетістігін, кемшілігін байқап, саралап талдап отыруы тиіс.
Берілген тапсырмалар, сұрақтар, жаттығулармен жұмыс жасаған кезде осы талаптарды ескеру керек.
10 «Б» сынып бойынша емтиханға қатысатын оқушылар тізімі: Амантай Дидар