Тарих, саясаттану


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата17.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#25765
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дверь усыпальницы Ходжи Ахмеда Ясави и потерянные дверные молотки

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№3 (121), 2021

 

ISSN-p 2306-7365 

ISSN-e 2664-0686 

 

 

169 



 

 

деп  жазған  екен.  Біз  уақыт  биігінен  қарап,  62  жыл  бұрын  жоғалғанын  жәдігердің 



табылатындығын сеніммен айта аламыз ба? 

Көңілге медеу, биылғы жыл қуанышты жаңалықтарымен басталып, өз жерімізден Қожа 

Ахмет  Ясауи  қабірханасы  есігінің  жоғалған  тоқпақшаларының  үш  суреті  табылды. 

Алғашқылары  1949  жылы  «Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  инженерлік-архитектуралық 

жағдайын  тексеру  туралы  комиссиясының»  есебі  үшін  түсірілген  суреттердің  [17]  ішінен 

табылған  екі  сурет.  Үшінші  сурет  Т.Қ. Бәсеновтың  «Архитектурные  памятники  в  районе 

САМ»  атты  еңбегі  Алматы  қаласындағы,  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  баспасынан 

1947  жылғы  жарық  көрген    еңбегінен  [18]  анықталды.  Атырау  мен  Ақтөбе  облыстарының 

шекарасында орналасқан аймақтың архитектуралық ою-өрнектері туралы жазылған еңбектен 

«жоғалған  тоқпақша»  суреттерін  байқаған  Мұхтар  Қожа  ағамыз  екендігін  де  айта  кеткіміз 

келеді (4–5-суреттер).  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тұңғыш қазақ архитекторы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Бәсенов Төлеу 

Құлқаманұлының  есімі  «Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  инженерлік-архитектуралық 

жағдайын  тексеру  туралы  комиссиясының»  есебіне  де  қатысты  екен.  Құрамында 

архитекторлар,  инженер-конструктор,  инженер  гидро-геолог  мүше  болып  кірген  комиссия 

Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі  жанындағы  архитектура  басқармасының  басшысының  1949 

жылдың 25 қазанында №88 бұйрығы бойынша құрылған. Ал, Төлеу Құлқаманұлы 1944–1954 

жылдары  Архитектура  басқармасының  басшысы  қызметін  атқарған.  1949  жылғы  комиссия 

есебінде  қабірхана  есігінің  екі  суреті  бар.  Бірінші  суретте  есік  оң  жағынан  түсірілген.  Сол 

себепті есік толық алынғанымен, қиғаш әрі қисық көріністе шыққан. Дегенмен, бұл суретте 

тоқпақша  бейнесі  анық  көрінбегенімен,  қабірхана  есігіндегі  қос  тоқпақшаны  қатар  көруге 

болады.  Екінші  суретте  қабірхана  есігінің  тоқпақша  орналасқан  бөлігін  арнайы 

түсіргендіктен, мейлінше анық түскен. Бұл суретте де екі тоқпақша бейнесі қатар түсірілген. 

Үшінші  сурет  сапасы  орташа  жағдайда  болғанымен  есіктегі  ою-өрнектердің  керемет 

көрінісін байқауға болады. Сурет бір ғана есіктің бөлігін түсіргендіктен мұнда бір тоқпақша 

суретін ғана көреміз.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет