ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ҚАБІРХАНАСЫНЫҢ ЕСІГІ
ЖӘНЕ ЖОҒАЛҒАН ТОҚПАҚШАЛАР
Аңдатпа. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Әмір Темір кезеңінен жеткен құнды
жәдігерлер оларды жасаған шеберлердің есімдерінің жазылуы, тапсырыс берушінің Әмір
Темір екендігі және жасалған уақыты көрсетелген жазбалармен де аса құнды. Мақалада
осындай бірегей туындылардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының есігі және оның
жоғалған тоқпақшалары талданады. Қабірхана есігі және жақтаушаларындағы жазулардағы
аят үзінділері және хадистер мен даналық сөздердің аудармалары берілумен қатар, қабірхана
есігінің ондағы жалпы сипаттары қарастырылады.
Қабірхана есігінің жоғалған тоқпақшалары туралы жазылған мақалалармен бірге,
Эрмитажда сақталған тоқпақша суреттері, ондағы жазбалар сарапталады. Тоқпақшадағы
жазбалар жөнінде ғалымдардың зерттеулері салыстырылып, талданады. Тоқпақшаның
бетіндегі жазулар кесене порталындағы қақпа есік тоқпақшаларының жазу мәтінімен бір
екендігіне мән берген. Тоқпақша сөзі шартты түрде алынғанын, зерттеулерде қабірхана
есігіндегі тоқпақшалары түрлі атаулармен беріліп жүргендігін жазады. Б. Тұяқбаева,
М. Тұяқбаев, А. Иванов өз еңбектері мен мақалаларында «балғаша (балға, молоток)» атауын
қолданса, Ә. Муминов, М. Қожа мақаласында «тоқылдақша», Міржақып Дулатов «болат
тұтқа» деп атаса, «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» кітабының авторлары «алқа» сөзін
қолданған.
1959 жылы жоғалған тоқпақшаны сақталып қалды деген В.И. Кесаевтың фото суреті
мен А. Гуржиенконың қалам сызбасынан бөлек, жаңадан табылған 1947, 1949 жылдардағы
еңбек пен ғылыми есепте анықталған жоғалған тоқпақшалардың суреттері сипатталады.
Мақалада бірқатар ұсыныстар мен өзіндік тұжырымдама ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |