Ключевые слова: Ходжа Ахмет Ясави, Мавзолей Ясави, дверь усыпальницы, дверные
молотки, Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани, Эрмитаж.
Кіріспе
Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі түркі мемлекеттері басшыларының бас
қосқан онлайн саммиті болғаны белгілі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің
мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық
кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Ясауи мұрасы мен
қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті бүгінгі саммит
«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталып отыр» [1], – деп көне шахардың
мәртебесін ғана емес, тарихын да көтеруге шақырды
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер қатарынан
саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ғажап архитектурасы, биіктігі қазіргі он қабатты
үймен тең келетін оңтүстік порталдың алып көлемі, бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен
құрылыс бөренелері келушілерді әрдайым таңғалдырып келеді.
Оңтүстік фасадта орналасқан кесенеге кіретін бас есік өзінің көлемімен және
көркемдігімен ерекшеленеді. Ғажап өрнекті ағаш есіктен Орта Азия аумағындағы ең үлкен
күмбезбен көмкерілген кең залға – қазандық бөлмесіне көрініс ашылады. Алып портал,
орталық жамағат залы – қазандық бөлмесі және әулие қабірханасы бір қатарда орналасуымен
де көз тартады. Кесененің ғажап көрінісін Жүсіпбек Аймауытов былай деп тамсана жазады:
«...Мешіттің қарсы алды (күншығысы) – жалғыз есік. Бірақ есік деуге тым зор, дарбаза
(қақпа) демесек. Әзіретті бұрын көрмеген болсаңыз, аспанға қарамай, алақтамай, ішіне тез
кіріп кете алмайсыз. Биік тауды қақ жарып, бір бетін алып тастап, қалған бетін төбесіне
дейін үңгіп жіберсе, қандай зор айбынды боп көрінер еді. Дарбазаның айбыны да содан бір
кейін емес, жоғарыдағы сонау заңғар маңдайшаға, шұрық-шұрық тесіктерге, діңгектей
жұмырлап соққан алып босағаға, оның ішкі беттеріндегі көлденең сорайған дөңбектерге, қақ
төбедегі түймедей салбыраған қола допқа еріксіз қарайсың; еріксіз бір айбын бойыңызды
билейді. Бытқыл-шытқыл жартасты, құлазыған қия шыңдарды, түбіне қарасаң бас айналатын
түпсіз құздарды көріп таңырқаған қазақ: «Құдай құдіретін көрем десең, тауға бар деген осы-
ау!» деп таңдайын қағады» [2, 72-б.]. Әмір Темірдің заманынан, кесененің алғашқы құрылыс
кезеңінен бізге дейін сақталып жеткен, XIV–XV ғасырлардың шеберлері жасаған көркем
дүниелер тобы қатарында алып тайқазан, қола шырағдандар, қола лаухасы бар ту мен
|