Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру жолындағы бағыттарын анықтаңыз



бет27/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

36. Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру жолындағы бағыттарын анықтаңыз
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Осы орайда Президент Н. Ә. Назарбаев "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналган негізгі бағыттары" Жолдауында мәдениетті дамытудың айкын жолдарын "Мәдени-тарихи мұраны сақтау" деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Ондағы басты қағидалар:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соныц ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше манызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, емірбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы Қазақстанның экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрыкша назар аударатын кез келгендігін, елдің болашағы мәдениетпен астасып жататындығын тағыда қадап көрсетеді. 2003 жылы республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өскен. Соңғы екі жыл ішінде бұл салаға бөлінген қаржы екі есеге дейін көбейді. Бұл қаржы мәдени саланы түгел қамтып, едәуір аяғынан тік тұрып кетуіне әсер етеді. Сондықтан үкіметтің басшылығымен мәдениет салалары алдағы уақытта да өзінің дұрыс шешімін тауып, одап әрі дами беретініне зор сенім білдіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет