Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


-70-шы жылдарға қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлін («жас тұлпар») көрсетіңіз



бет35/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

46. 1960-70-шы жылдарға қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлін («жас тұлпар») көрсетіңіз.


ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Кеңес Одағы құрамындағы Одақтас республикалар құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ мемлекет ретінде дамыды. Яғни ұлттардың шын мәнінде өзін-өзі билеуі ic жүзінде ұмыт болды. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Интернационализм – кеңестік мағынада орыс халқының, яғни бip ұлттың төңірегіне топтасып, былайша айтқанда сол елдің көлеңкесі сияқты өмір сүру болды. Кеңестік қоғам жастар санасына интернационализм ұғымын қанша насихаттағанымен 1960-70 ж. ұлт тағдырын ойлаған қазақ жастары жер-жерде жасырын ұйымдар құрды. Мәскеуде «Жас тұлпар», Қарағандыда «ЕСЕП», Алматыда «Сарыарқа», «Жас қазақ» ұйымдары құрылды. Олардың бағдарламасында Қазақстанның тәуелсіздігі, мемлекеттік тіл мәртебесі және ұлттық мәдениетті өркендету міндеттері қамтылды.
«Жас тұлпар» ұйымы 1963 жылы қарашада Мәскеу қаласында ресми құрылды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын біліп, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін дамытып, жаңғырта отырып оларға қарсы ұмтылыс жасады. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысының көш басында Мұрат Әуезов,Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев тағы басқалары болды.
Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын білімді жастар болды. Жастар тарихқа «Мен қазақпын!» деп атойлап кірді. 1964-65 жж. Ресейдің қазақ жастары оқитын қалаларының бәрінде және Рига, Киев, Харьков қалаларында «Жас тұлпардың» бөлімшелері ашылды.
Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады.
Бірінші: Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету.
Екінші: қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралау, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату.
Үшінші:бұл – ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды оқып,зерттелді.
Бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы мақсаттар қоя алды.
Жастұлпарлықтар мақтануға тұрарлық, мәртебесі биік аға буын. Біз тарихымызға сол «жастұлпарлықтар», «сарыарқалықтар», «желтоқсандықтардың» көзқарасы, іс-әрекетімен қарасақ қателеспейміз. «Жас тұлпар» ұйымының жүріп өткен жолы Қазақстандағы Тәуелсіздік үшін күрес жылдарының үлкен бір тарихи кезеңі екенін естен шығармаған абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет