Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негіздерін сипаттаңыз



бет31/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
42. Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негіздерін сипаттаңыз
Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Еліміз адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конферессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін , жарастық пен келісімді қастерлеп сақтап отыр. Осы тұста аталған жұмысты іске асыру мақсатында 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды рөл атқарды.Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.
Қазіргі уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.
Барлық қазақстандықтарел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты.
Жалпы, ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші.
Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет