44.1955, 1962 жылдарда шетелдік қандастардыңҚазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз 1950 жылдардағы КСРО-ның саяси өміріндегі алғашқы әділетті өзгерістер тұсында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі ерікті және мәжбүрлі түрде Отанына қайта бастады. 1955 – 1962 жылдары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстардың қайта оралып, олардың негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына тұрақтануы байқалды.
1954 жылы КСРО мен Қытай арасында жасалынған 10 жылдық келісім-шарт “кеңес азаматтарының” КСРО-ға қайтуына жол ашты. Олар заңды түрде 1955 жылы Қазақстанға жаппай өте бастады. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” Қорғас стансасынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор стансалары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды.
Көшіп келген “кеңес азаматтарына” көмек ретінде отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.
Сонымен, 1955 жылы Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның ішіндегі еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшіп келді. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған “кеңес азаматтары ” саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сі еңбекке жарамды, 1261 – еңбекке жарамсыздар мен қарт кісілер, 8 жасқа дейінгі балалар 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар 2515 адам ) болды. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” негізінен, жұмыс қолы жеткіліксіз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жіберілді.
Бірқатар мұрағат құжаттарында 1954-1959 жылдары, Қытайдан келген немесе келетін “кеңес азаматтары” жайлы толық емес деректер кездеседі. Алайда, жалпы саны көрсетілмеген. Барлығы 1955 жылдары Қытайдан 250 мыңнан аса адам келді деп жобалаймыз. 1955 жылы Қазақстан халқының саны 8 млн. 421 мың адам деп есептелді. Сонда 1955 жылы Қытайдан келген “ кеңес азаматтары ” республикадағы халықтың 2,8 %- ын құрады деген сөз. Яғни, Қытайдан келген “кеңес азаматтарының” республика халқының құрамының өзгерістеріне тигізген әсері болды.
1958 – 1962 жылдарғы “ұлы секіріс” кезінде Қытайдан қайтқандар саны көп болды. Тек, 1962-1963 жылдары Қазақстанға 24202 отбасы, яғни 118926 адам көшіп келді. Олардың басым көпшілігі Семей (38993 адам ), Алматы (38604), Оңтүстік Қазақстан (15209), Қарағанды (9842), Жамбыл (7657) облыстарында орналасты. Ондағы “мәдени революция” жылдары (1966–1969 жылдары ) Шыңжаң өлкесінде мешіттер мен ұлттық мектептер қиратылып, мұсылман дегендерді қудалау күшейген кезде де бұл көші-қон тыйылған жоқ.
1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4×5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО азаматтығы туралы » Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың адам көшіп келді.
Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды.
1954-1962 ж.ж. жасанды миграциялық шаралар нәтижесінде халық саны күрт артты. Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды. Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. КХР дан КСРО ға 350 000 адам келсе, Қазақстанға оның 200 000 келді. Бұл үрдіс 1963 жылы тоқтатылды.
Олардың көпшілігі ауылдық жерлерден шыққандықтан, оларға жер және фермер қожалығын құруға қажетті құрал-сайман бөлінді. Шағын несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда оралмандардың бәрі бірдей алғашқы тоқтаған жеріне тұрақтап қалмады, Моңғолиядан келген оралмандар Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарын қолайлы көрсе, Ираннан келгендер — Алматыға, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына орналасуға тілек білдірді.