Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасын сипаттап жазыңыз



бет8/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасын сипаттап жазыңыз

Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…» .[9] Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.
Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бекейханов бас болып) мұндай екі ұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау керек.

  1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.


Ресейдегі патша билігіне қарсы екінші көтеріліс ретіндегі 1917 жылы 24 ақпанда Петроградта болған буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Россия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет