Байланысты: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы лекциялар жинағы
2.Палеолит; оның кезеңдері,ерекшіліктері Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық-экономикалық формациялар: алғашқы тұрмыстық-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуынан таптық қоғамдар мен мемлекеттердің тууына дейінгі орасан үлкен уақыт кезеңін қамтитын осы формациялардың алғашқысы болып саналады. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады. Алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының аса маңызды ерекшелігі, оны зерттеудің тек танымдық ғана емес, сондай- ақ үлкен дүниеге көзқарастық және практикалық маңызы зор. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адам пайда болғаннан таптық қоғам туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің төменгі шежірелік шегі шамамен бұдан 1 млн. жыл бұрын деп саналады, ал біз төменде көретініміздей, кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, тіпті әлдеқайда ерте заман деп белгіленеді. Жоғарғы шегі соңғы 5 мың жыл шегінде ауытқиды: Азия мен Африкада алғашқы цивилизация біздің эрамызға дейінгі ІVжәне V мың жылдықтардың өлі арасында, Европада-б. э.-ға дейінгі 1 мың жылдықтарда, Америкада б. э.-ға дейінгі ( мың жылдықта) эйкумендердің басқа аймақтарында бұдан да кейІнірек пайда болды.Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын дәуірлеу(кезеңдеу) күрделі де, әлі де болса ақыр аяғына дейін шешілмеген ғылыми проблема болып табылады. Алғашқы тұрмыстық шаруашылық дамуының комплексті сипаттамасына негізделген неғұрлым жетілдірілген дәуірлеуді 1870 жылы көрнекті американ этнографы Люис Генри Морган жасады. ХVІІІ ғасырда орныққан тарихи процестердің тағылық, варварлық және цивилизация дәуірлеріне мүшеленуін пайдалана отырып, Морган алғашқы тұрмыстық тарихты бұлардың өзінің әрқайсын үш сатыға тарата отырып, шаруашылық пен материалдық мәдениет дамуының белгілі бір белгілерімен сипатталатын тағылық және варварлық дәуірлерге бөлді. Морган бойынша тағылық дәуірді-иемденуші жинап-терушілік және аң- балық аулау шаруашылығының уақыты; оның төменгі сатысы ең көне адамның пайда болуынан, ортаңғысы – балық шаруашылығы туып, отты қолданудан, жоғарғысы-садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады. Варварлық заманы-егіншілік-мал шаруашылығы өндіретін уақыт, оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан, ортаңғысы-мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден, жоғарғысы-темірдің пайда болуынан басталады. Морган ұсынған дәуірлеуді Ф. Энгельс қабылдаған, бірақ ол әзірге материал едәуір кеңейіп, өзгерту енгізуге мәжбүр болғанша ғана мұның күшінде қала беретіндігін атап көрсеткен.1880 жылдардан кейінгі ғылымның дамуы оның заманында алғашқы тұрмыс тарихының нашар мәлім кездеріне қатысты Морган дәуірлеуіне бірқатар нақтылаулар енгізілді. Атап айтқанда тағылықтың төменгі және орта сатысы арасындағы шекті ең көне адамға сол кезде-ақ мәлім от қолдануды, әрі шамамен садақ және жебелермен бір кезде тараған балық шаруашылығының пайда болуын санамай, антропогенез процесінің аяқталуы мен қаруларды өндіру үшін, арнаулы тас қаруларды қолдан жасап шығарудың кеңінен таралуын санау дұрыс екендігі анықталды Оның түрлі өзіне тән белгілеріне сүйене отырып, бір тарихшылар (С. П. Толстов, М. Г. Косвен), мұны соғыс демократия дәуірі, екіншілері (А. И. Першиц, Ю. В. Кнышенко)-алғашқы тұрмыстың іргелес қауым дәуірі деп атайды. Археологиялық жағынан бұл дәуірге энеолит, қола немесе ерте темір дәуірі, Морган дәуірлеуінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді.Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының бұл дәуірленуі қазіргі совет ғылымында ең көп таралып отыр, бірақ жалпылай қабылданған емес. Мәселен, П. П. Ефименко алғашқы тұрмыстық табын заманын орта палеолиттік алғашқы тұрмыстық қауым және рулық қауым деп ажыратады. Ю.И.Семенов алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық адам қоғамының таптық қоғамға айналуы деп мүшелейді, бірақ жартылай биологиялық - жартылай әлеуметтік адам табыны әлі де болса алғашқы тұрмыстық қауым формациясынан тыс жатқан еді деп санайды.1871 жылы Дарвиннің «Адамның шығуы және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегі шықты, мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның, зоогеографияның, алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының іс жүзіндегі деректерін өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығын, мұны Т.Гексли жасағаннан гөрі анағұрлым көп, жеріне-жете егжей-тегжейлі негіздеп берді, екіншіден осы заманғы адам тәрізді маймылдар эволюцияның бүйір бұтақтары екендігін және адам шығуын қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті. Бұл кітап жарыққа шыкқаннан кейін, адамның хайуаннан шыққан тегі туралы материалистік қағида антропогенездің негізгі арқауына айналды. Бұл жағдай жыныстық сұрыптау гипотезасына байланысты бүтіндей бірқатар сын пайымдаулары мен көптеген жаңа гипотезалардың пайда болуын тудырды, оның үстІне Фридрих Энгельс «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» деген мақаласында баяндаған антропогенездің еңбек теориясы ол кезде әлі жарияланбағанболатын.