Тарихқа дейінгі адам эволюциясы


Адамның қалыптасу тарихы. Антропогенездің қозғаушы күші



бет3/6
Дата22.03.2023
өлшемі46,28 Kb.
#75681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
3. Адамның қалыптасу тарихы. Антропогенездің қозғаушы күші.
Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын Номо текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан, бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екіншІ дәрежелі белгілерден де көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде, тіпті шетел ғылыми әдебиетінде қаралып жүрген нәсілдік концепцияларға қарсы әлі күнге дейін өмір сүріп отырған нәсілдер толық негізделе отырып, бір түрге жатқызылуы мүмкін. Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып, Дарвин жыныстық сұрыптауға барынша үлкен маңыз берді. Оның теориясына сәйкес приматтармен салыстырғанда, адамның физикалық ұйымдасу ерекшелігі мынада: белгілі бір ерекшеліктері бар индивидуумдарды әйелдердің таңдай алуы салдарында құралған морфологиялық ерекшеліктердің болуында еді. Бұл көбейіп өсу процесінде басымдық алды, неғұрлым көп ұрпақ қалдырды, сөйтіп белгілі бағытта адам тегінің дамуына шешуші ықпал жасады. Ч. Дарвин осы арқылы сол бір заманғы адамның күрт жыныстық диморфизімін, денесінде жүн бүркенішінің толық дерлік жойылуын т. б. түсіндіреді. Алайда жыныстық сұрыпталуда басқа белгілер емес, нақ сол белгілердің шешуші болғандығының айқын еместігі туралы айтпағанның өзінде жыныстық сұрыптау теориясының көмегімен ми көлемінің өзгерістерін, қол бастарының қимылдағыштығын, дененің пропорциясын түсіндіру қиын еді, ал нақ осылар адамға анатомиялық ерекшелік берді ғой. Дарвин теориясы тұрғысынан алғанда адамның нақтылап сөйлейтін сөзінің шығуы мен жетіле түсуін түсіндіру қиынға соғады. Мұның өзінің теориясын ақиқатқа тек алғашқы таялу, ықтимал гипотездердің бірі деп санаған Дарвиннің өзі де анық түсінген еді. Антропогенез еңбек теориясының маңызын Энгельстің өзінің бір сөз тізбегімен алып: еңбек адамның өзін жасады деп тұжырымдауға болады. Шынында да еңбек, ең алдымен, тамақ тауып, жаулардан қорғануда олардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың еңбек қызметі 4 дәуірі кезінде адамның түр-тұрпатын өзгерткен және қоғамды жасаған қуатты стимул болды. Ф. Энгельс теориясы-адамның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік іс шешуші роль атқарғанын атап көрсеткен-қоғамсыз адам бола алмайтындығына көз жеткізген, барлық қолда бар антропогенез теорияларынан бірден бір айырықша теория болды, ол ойлау мен сөздің шығуын түсіндіріп берді. Сонымен, алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының алғашқы жартысын қамтитын ерте палеолит дәуірі дегеніміз табиғи сұрыптаудың да, әлеуметтік тарихи заңдылықтардың да дәуірі болды. Осы дәуір бойы табиғи сұрыптау ролі бірте-бірте азайды, олар ақыр аяғында жетекші жағдайды жеңіп алғанша, әлеуметтік моменттердің ролі бірте-бірте арта берді. Қазіргі кезде Ескі Дүниенің әр түрлі салаларында үштік дәуірдің аяғындағы қазылып табылған адам тәрізді маймылдардың қазындылары ерте кезден белгілі болып отыр.2. Адамға ең жақыны дриопитекті  маймылдар тобы болып шықты. Батыс Европаның, Африка мен Азияның әр түрлі облыстарының кейінгі үштік жіктерінде дриопитектердің қалдығы табылды. Дриопитектер орташа көлемі жағынан осы заманғы повиандар мен шимпанзені еске түсіретін приматтар болып келеді.Диастема күшті дамыған сойдақ тіс ретінде де,приматтар құрылысының ажырамас ерекшелігі. Сондай-ақ антропоморфты приматтардың ұқсас формалары Батыс Үндістан мен Грузияның палеонтологиялық бай мекен-жайларының кейінгі үштік қабаттарынан табылды. Гоминид семьялығының тікелей арғы тектері туралы нақтылы ұғымды жасау үшін Африкада антроморфты маймылдардың бес қазбалық түрі ашылды,бұлар үш австралопитектерді, парантроптар және плезиантроптарды біріктіреді.Олар бойы жағынан, дриопитек маймылдардан айнымады, бірақ миының біршама ірілігімен (500-600 см3) және екі аяқты локомациясымен, яғни артқы аяқтарымен жүру арқылы сипатталған. Соңғы ерекшелігі ашық жерде тіршілікке бейімделушілігі болып табылады. Австралопитектік маймылдармен бірге табылған фаунаны зерттеу олар жыртқыштық өмір сүргенін және хайуанаттарды аулағанын көрсетеді. Сонымен австралопитектерді зерттеу адамның қалыптасуында етті тамақтардың үлкен ролі туралы Ф. Энгельстің пікірін генеалогиялық байланыстары туралы мәселені қалай шешкенмен, оларды зертгеу, адамның тікелей арғы ата-бабаларының құрылысы мен тіршілігіне меңзеу жасайды. Олдувей тауларының ерте төрттік қабаттарында (Танганьика) 1959 жылы төтенше маңызды олжа табылды. Приматтың «зинджантроп» деп ат тағылған осында табылған бас сүйегі, зинджантроп туралы жеткілікті белгілі бір ұғым құрауға мүмкіндік береді. Ол горилланың құрылысындағы ұқсастықты өзіне тән кейбір ұқсастықтары бар белгілермен өзгеше етеді, бірақ екінші жағынан екі аяғымен жүретін үлкен миы және тіс системасының морфологиясында адамдық ерекшеліктері болған. Зинджантроптың жасы шамамен бір жарым миллион жыл болып анықталады. Зинджантроппен бірге табылып отырған тас индустрия белгісіз формадағы дөрекі өңделген қарулардан тұрады. Бірақ бұлардың зинджантропқа тиісті екендігі мейлінше даулы болып қалып отыр.
1960 жылдың аяғында зинджантроп қалдықтарының сол бір геологияпық қабаттарында басқа тіршілік иесінің қалдықтары табылды. Бұдан бізге келіп жеткені бас сүйектері, төменгі жақ сүйек, бұғана, табан мен қол басының сүйектері болатын. Табан сүйегінің морфологиясын талдау, бұл тіршілік иесі тік жағдайда жүріп-тұрғанын, яғни австралопитектер сияқты екі аяқты тіршілік иесі болғанын көрсетеді. Оның қол басының сүйектері мен бұғаналары осы заманғы адамның бұғанасы мен қол басына ұқсас болған. Бірақ бас сүйек қорабының сыйымдылығын анықтау нәтижелері ерекше қызықты еді. Бұл шамамен 670-680 см3-ке тең, яғни австралопитектерге және сол заманғы адам тәрізді маймылдардікінен үлкен болып шықты. Бұл тіршілік иесінің қалдықтарын сипаттап жазған зерттеуші Ф.Тобайас мұны Homo habilis шебер адам деп атаүды ұсынды. Homo habilis табылған қабаттардан тұрпайы қашалып жасалған малта тастар-сөзсіз алғашқы қарулар табылған. Homo habilis өмір сүрген уақыт калийаргонов әдісінің көмегімен 1750000 жыл деп анықталады, Сонымен кейінгі үштік және ерте төрттік дәуірлердің антропоморфты приматтардың палеонтологиялық олжаларын, тіпті үстірт санап өтудің өзі-ақ адамзаттың арғы отаны проблемаларының күрделілігін айқын көрсетеді. Гоминидтермен жақындастыруға болатын қазба приматтардың қалдықтары Ескі Дүниенің түрлі материктерінде табылған. Бұлардың бәрі геологиялық замандар шегінде өзара шамамен синхронды келеді сондықтан да палеонтологиялық деректер хайуанаттар дүниесінен адамның бөлініп шыққан территориясын таңдауға мүмкіндік бермейді. Ч. Дарвин азиялықтармен салыстырғанда африкалық антропоидтардың адаммен үлкен морфологиялық ұқсастығына сүйене отырып, адамзаттың арғы отаны Африка материгі болғаны, неғұрлым ықтимал деп санады. Біздің ғасырымыздың бас кезінде жасалған Үндістанда жоғары приматтардың табылған қазбалары таразы табағын шайқалтып, оны Азия материгі жағына аударды. Алайда австралопитектік маймылдар мен зинджантроптың қазба қалдықтарының табылуы адамзаттың бесігі ретінде Африка материгіне тағы да зерттеушілердің назарын аударып отыр. Қалай болған күнде де, қазіргі кезде бұл көзқарас басымырақ болып отыр. Явадағы Сола өзенінің ерте плейстоцендік шөгінділерінде 1890-1891 жылдары тіршілік иесінің қазба қалдықтары анықталды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды, оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қорытынды жасалды, сондықтан да Pithecanthropus erektus немесе тік жүретін маймыл-адам» деген ат тағылды. Бұдан басқа біздің ғасырымыздың 30-шы жылдарында Явада тағы да үш питекантроптың қалдықтары табылды. Питекантроп миының көлемі 900 см3 болды, ал бас сүйегі тұрпайы құрылысы мен маймылдық көп белгілерінің, атап айтқанда, бас сүйегінің шағындығымен және қабақ үстінің қатты дамығандығымен сипатталатын еді. Ерте плейстоцен дәуірі адамы қалдықтарының екінші тамаша олжасы Солтүстік Африкада 1954-1965 жылдары табылған. Бұл Явадағы олжаға қарағанда анағұрлым фрагментарлы болып келеді. Тек үш индивидуумға тиісті болған толық сақталмаған төменгі жақ сүйектері ғана табылды.Питекантроп жақ сүйектерінің және тістерінің фрагменттерімен салыстырғанда, атлантроп шамамен Ява олжаларынікіндей морфологиялық даму дәрежесінде болған деуге болады. Атлантроппен бІрге табылған тас қарулар үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді. Жоғарыда кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жүйесіз өңдеу іздері бар мейлінше едәуір мөлшердегі тастар өте көне дәуірдегі гоминидтердің қарулары болғандығы айтылып та өтілді. Бұл тастарға эолиттер деген ат тағылды. ¤ткен ғасырда-ақ эолиттер туралы таластар туды. Үшкір қырлары бар шақпақ теспелер тастарды бірін-бІріне соғатын және тасқынның түбіне қатты ұратын тез аққан судың тасқа тиген әсерінің нәтижесінен бола алатындығы байқалған едІ. Ең көне қолайлы ыңғайланып жасалған тас қарулар бірнеше ірі бір ұштарында ойындылары бар тесілген малта тастар: осындай малта тастардан опырылған сынықтар болды. Осындай қарулар болып келетін археологиялық мәдениет мүжілген малта тастар мәдениеті деген ат алды. Бұл шелльге дейінгі заманға жатады. Мұндай қарулар Батыс Пенжабта, Қытайда, Африка материгінің түрлі аудандарында табылған. Малта тастар мәдениеті Европада толығымен жоқ. Мұнда малта тас мәдениетіне жақын, бірақ қалайда неғұрлым жетілдірІле түскен біраз кейінгі қарулар белгілі болып отыр.Палеолит заманының келесі археологиялық мәдениеті шелль (осы мәдениетке тән тас қарулар шет аймағында алғаш рет табылған Франциядағы Шелль қаласы бойынша) немесе аббевиль (қала бойынша ең көбірек типі табылған қаруларды жасаған) деп аталған. Қолмен соққан деп аталатын — сол заманның бірден-бІр формасы айқын көрінетін ірі қарулар өзінің атқаратын қызметі жағынан универсалды еді. Европаның көптеген тұрақтарында шелль мәдениетімен бір мезетте және қатар қабат дамыған көне палеолит мәдениетінің түрлері бөлектеледі, бірақ олар кейін де өмір сүре берген. Бұл Англиядағы Клэктон-он-Си қаласы жанындағы тұрақтары бойынша аталған клэктон мәдениеті. Клэктон мәдениеті тұрақтарында қол соққыштар жоқ. Клэктон техникасы шелль шақпақтарынан жаңғышақтап, сынықтардан қарулар даярлап шығаруымен ерекшеленеді. Шелль заманының адамы шағын топ болып өмір сүрген, өзендердің, көлдердің жағаларында және субтропиктік ормандардың ішінде жүретін болған. Тіршілік етудің негізгі көзі, сірә, хайуанаттарды аулау, және жарайтын жабайы өскен өсімдіктерді, сондай-ақ құрт-құмырсқалар мен кесірткелерді жинау болды.Көне гоминидтік морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін, 1927 жылдан бастап солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материалға қол жеткізді, бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың, әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді. Олар питекантропқа қарағанда неғұрлым кейінгі заманға-орта плейстоценге жатады-және пекин маймыл адамы дербес туыс пен түрге бөлінген болады. Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Алайда оның жүрісі неғұрлым орнықты болатын, бұл оның аса қозғалғыштығына жол ашты. Миының көлемі питекантроп миының көлемінен асып түсетін және түрлі индивидуумдарда 900 см3-тен 200 см3 арасында ауытқып, орташа 1050 см3 болды. Дегенмен бас сүйек құрылысында синантропты адам тәрізді маймылдарға жақындата түсетін көптеген тұрпайы белгілер: бас сүйек қорабының шағын биіктігі қабақ үстіндегі көбесінің айқын көрінуі, иек шығындысының жоқ болуы, тістерінің үлкендігі мен құрылысы әлі байқалатын синантроп бас сүйек қорабының ішкі бетінде самай жарнағының артқы бөлігі мен самай-төбе-желке саласында дөңес байқалған еді. Бұл қорытындыны қорғауда синантроптардың еңбек қызметінің біршама жоғары дәрежесі жанама дәлел бола алады. Мәселен, айталық, құралдары сан алуан және шелль тұрғын жерлерінен табылған саймандарының пішіндері тұрақсыз бір типті. Соққыштар аз, әрі бұлар да типологиялық бірыңғайлығымен айырықша болып келеді. Синантроп, енді бұғы, киік, жабайы жылқы және мүйіз тұмсық сияқты ірі жануарларды да өлтіретін. Оның үңгірлерде тұрақты мекені болған. Қазындылар синантроп отты кеңінен пайдаланғандығының даусыз дәлелдерін көрсетті, үңгір ішіндегі күлдің қабаты бірнеше метрге жетедІ. Төменгі палеолиттің тас индустриясының дамуында шелль кезеңінен кейінгісі Франциядағы алғашқы табылу орнына қарай (Сен-Ашель Амьен қаласының маңы) ашелль деп аталған. Германиядағы Дюссельдорф маңынан алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық адам деп аталады. Бұл олжа 1856 жылы табылған еді және питекантроптың олжасы көптеген күдіктер туғызған болатын. Кейініректе ересек неандертальдықтар мен неандертальдық балалардың қаңқа қалдықтары Англияда, Бельгияда, Германияда. Францияда, Испанияда, Италияда, Швейцарияда, Югославияда, Чехословакияда, Венгрияда, Қырымда, Африка материгінің түрлі аймақтарында, Орта Азияда, Палестинада, Иранда, Иракта, Қытайда, Явада табылып отыр. Бұл аймақтарда осы уақытқа дейін жаңа ашылулар табылып жатыр және жыл сайын жаңа олжалар табыла түсуде. Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда көп жақсы жағынан мәлім. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдықтар орта бойлы жә-не барлық жалпақтық көлемдері, сірә, осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді. Көк еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір рельеф бұлшық еттерінің күшті дамығандығын көрсетеді. Неандертальдық өте оңтайлы да, тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді. Бірақ жылдамдық қасиеті, сірә, барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Кейінгі мустьер тұрақтарында қарулардың бұл типтері түрліше өңделген, ұзартылған пластиналармен толықтырыла түсті. Бұл арада біз енді жоғарғы палеолиттік техниканың туғанын көріп отырмыз. Аң аулау неандертальдықтарға сүйек оймыштары үшін мол материал берді. Айта кетсек, жасанды жолмен от табу әдістерін игерген неандерталь адамы үшін отты кеңінен пайдалану тән болып келеді. Неандерталь адамының мәдениеті мен техникасы Европа территориясында, әсіресе жақсы зерттелген, мұнда олардың қанша болса да айтарлықтай жергілікті айырмашылықтары атап көрсетілмеген. Мустьер дәуірінің бастауы Европада әлі жылы да құрғақ климат болып тұрған (рисс-вюрмдік мұздық аралық уақыты) уақытқа жатады, бірақ климаттың нашарлауы бірте-бірте болады да мустьер дәуірінің адамдары өз тарихының кейінгі кезеңінде (неандертальдықтар) мұзды дәуірдің қатаң климаттық жағдайларында өмір сүреді, мамонттардың жүндес мүйіз тұмсықтардың, солтүстік бұғылардың замандастары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет