Байланысты: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы лекциялар жинағы
4. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Архантроптар мен палеонтроптарда ойлаудың дамуы жөнінде шетелдік ғылымда екі концепция тараған. Бұлардың бірінің өкілдерінің (эволюционист Э. Тэйлор мен Г. Спенсер) ежелгі адамдардың ойлауы мен дене бітімі қазіргідей адамдардың ойлауының арасындағы айырмашылықты мойындамайды. Екінші бір концепцияның өкілдері (Л. Леви-Брюль тұжырымдаған) алғашқы тұрмыстық адамдардың бәрінің ойлауы «логикаға дейінгі», яғни логика заңына бағынбайды деп санайды. Совет зерттеушілері алғашқы тұрмыстық адамдардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуын екі сатыға бөледі. Бірінші сатыны архантроптармен және палеонтроптармен, екіншісін homo sapiens- пен байланыстырады. Бірінші сатыда сезіп-көргенді ойлау, сараланбаған сөз, екінші сатыда абстракты ойлау, анық сөз басым болғандығын советтік барлық ғалымдар мойындайды. Алайда, абстракты ойлау мен анық сөйлеудің қай уақытта шыққандығы жөнінде совет әдебиетінде бірыңғай пікір жоқ. Кейбір ғалымдар (Л. О. Резников, А. Г. Спиркин) абстракты ойлау және анық сөйлеудің бастамасы мустье дәуірінде, неандертальдықтарда пайда болды,-дейді. Екінші бір ғалымдар(В. В. Бунак, В. 3. Панфилов) абстракты ойлаудың элементтері питекантроптар мен синантроптарда пайда болды деп есептейді. Кейінгі палеолитке дейін сөз сараланбаған болған, бірақ палеонтроптардың сөзі архантроптарға қарағанда едәуір дамыған еді. Неандертальдықтарда көп мағына білдіретін және белгілі бағыттағы мазмұны бар жаңа сөз-сөйлемдер шыққан. Тым ежелгі адамдарда бірі мен бірі байланыспайтын, өзгермейтін атау ретіндегі сөздер болған. Маймыл тәріздес адамдар бірлесіп жүріп қоректерін тапқан, жауларынан корғанған. Осындай жағдайда, еңбек процесі үстінде адамдардың бірігіп қимыл жасау үшін келісіп алуы және тәжірибе алмасуы қажет болды да, сөйлеу дамыды. Сөйлеудің дамуы үшін қажетті шарт еңбек процесінде тіке жүруді үйренумен және адамның бүкіл организмінің қалыптасуымен бірге жетілген кейбір органдардың (көмекей, өкпе, тіл т. б.) ерекше бітім құрылысы болып табылады. Дыбыстық сөйлеудің қосымша элементі ым қағу, қол сермеу болды.Адам сөзінің әуел бастан-ақ жануарлар дыбысынан айырмасы болды, адам өзінің бейімді сөйлеу органдары арқылы әр түрлі алуандаған дыбыстардың тіркесін шығарып, оларды бір тұтас дыбыстар топтарына біріктірді, бұларды біз сөз деп атаймыз. Тіл баяу дамыды. Ол әрқашан да адамдардың тәжірибе алмасу және қатынас жасау құралы болды. Тілде адамның өне бойы қатысы бар заттар белгі берді. Жағдай әр қилы болған сайын тіл де байи түсті. Алғашқы тұрмыстық тілде бар заттан гөрі атау көп еді, өйткені әр адамның ойға байланысты руының өз дыбыс тіркесі болды. Атаулар келісіліп койылмады. Сондықтан да тілдің алғашқы даму сатысында синонимдер өте көп болған. Алғашқы тұрмыстық сөздердің ішінде жалпы есімнен гөрі жалқы есім көп еді. Ол кезде сезімді, қатынасты, қимылды білдіретін сөздер болмады. Бұның бәрі эмоционалды түрде ыммен, үнмен қатты дыбыс шығару арқылы білдірілді. Кейінірек барып, адам өзінің сезімі мен ойын білдіру үшін тілді пайдалануға мүмкіндік тапты. Тіл толық мағынасында ойдың құралы болды. Тілсіз адамзат бүгінгі жеткен табыстарына жете алмаған болар еді. Тіл арқылы ересек адамдар өздерінің ата-бабаларынан үйренгенін кейінгі ұрпаққа үйретті, сөйтіп, тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі болашақтан жұмысты жеңілдетті. Ойлаумен тығыз байланысты болған тіл алғашқы мағынасыз үн шығарудан бастап әуелі рудың, содан соң тайпаның айқын сөзді тіліне дейін жетіп, дамудық ұзақ жолынан өтті. Таптық қоғамда тайпаның тілі ұлт топтарының тілімен ауысты. Капиталистік қатынастардың дамуымен ұлттық тіл пайда болды. Неолиттің ақырында және металл ғасырының басында негізгі тілдер семьясы қалыптасты: а) үнді-европалық (үнді, иран, славян, герман, роман, кельт тілдері); 2) түрік-монғол (Орталық Азия тайпалары мен ұлт топтарының тілі, түрік тектес тілдер„ монғолдар тілі); 3) қытай-тибет (Шығыс Азия, Қытай, Тибет, Вьетнам, Бирма халықтарының тілі); 4) Семит-хамит (Солтүстік және Орталық Африка, Аравия тілдері); 5) фин-угор (венгер, фин, эстон, карель т. б. тілдері) семьялары. 2. Өнер. Қоғамдық сананың бір формасы болып табылатын өнер алғашқы тұрмыстық қоғамда пайда болды. Ол әлеуметтік қажеттіліктен туып, адамның өндіріспен байланысын бейнеледі. Бейнелеу өнерінің алғашқы көрінісін мустье дәуіріне жатқызады. Ла Ферраси мекенінен (Францияда) тас плитаға қабаттап салынған тостаған тәріздес оюлар; Джручула (Грузияда) үңгірінен табылған қос сызық жүргізілген сүйек; өзге де қоныстардан табылған минерал бояулардың қалдығы және жолақ сызықтар түскен тас сынықтары табылып отыр.Өнердің нағыз ескерткіштері кейінгі палеолитте пайда болды да, бейнелеу өнерінің гүлденуі мадлен дәуірінде болды. Кейінгі палеолиттің бейнелеу өнері негізінен үңгірлерге салынған суреттер мен мүсіндерден көрінеді. Аңшылар көбінесе жалаңаш әйелдердің мүсінін айқындап жасады (бұл аналық рудың болғандығын көрсетсе, ал жануарлардан — мамонт, жылқы мен бұғы суреттері көбірек салынды, бұл-адамдардың шаруашылық қызметінің бағытын білдірді. Жануарлар көбінесе минерал бояулармен (қара, ақ, сары) үңгірдің қабырғаларына (көбінесе үлкендігін өз күйінде сақтап салынды) бейнеленді, сүйекке ойылған заттар болды, кішкене статуялар сиректе болса кездеседі. Адамдарды негізінен мамонттың сүйегінен, кейде тастың жұмсақ түрінен кішкене статуя арқылы суретпен бейнелеу (Франциядағы ағайынды үшеудің үңгірінде) сиректеу болды. Үңгір суреті ескерткіштері әуелі Батыс Европадан табылды: Испаниядағы (Альтамир үңгірі), Франциядағы (Фон де Гом, Ласко үңгірі), кейінірек КСРО дағы (Уралдағы Капов үңгірі, 1959 ж.) үнгірлерді атауға болады. Кішкене статуялар Пиренейден Байкалға дейінгі аймақтан, мысалы, Франциядан (Брассемпуи қуысынан), Австриядан (Виллендорф қонысы), Италиядан (Гремальди қуысынан), СССР-ден (Гагарино, Костенки т. б. мекендерден) табылды. Табылған кішкене статуялардың көптігі жөнінен (50-ге жуық) Дондағы Костенки I (Воронеж түбінде) Европада бірінші орын алады. Палеолит өнері дінмен де байланыстьі еді. Кейінгі палеолиттен бізге дейін жеткен өнердің көптеген ескерткіштерінің діни әдет-ғұрып сипатында болғаны күмән туғызбайды. Бұған үңгір қабырғаларына әр турлі найзалармен шаншып жараланған жануарлар (Испания, Франция), жануарларға ұқсатып салынған билеп жүрген адамдар суреті, денелерінде шаншылған найзаның таңбалары, айналасында адам аяқтарының толып жатқан іздері бар жануарлардың (жылқы, аю т. б.) мүсін арқылы бейнеленуі жатады. Жануарларды бейнелеу солай болар деп шамаланған аңшылық объектісін байқатады. Үңгірлердегі қару -шаншылған аңдар және адамдардың іздері, мұнда магиялық (грекше - «сиқыршылық») жоралардың болғандырын көрсетеді, ондағы мақсат мол олжа табуды жорамалдаса, шынында да олжа көп болады деп түсінушілік. Үңгірдің бірінде еденінен кездескен 10-16 жастағы бес баланың және ересек адамның өкшелерінің табы үңгірде өткен инициациямен байланысты болу керек.Біздің заманымызға келіп жеткен, палеолитте болмаған, жартасқа жануарлар мен адамдардың кейпін (көлемін шағын, көпшілік қатысқан көрініс ретінде) суреттеген мезолит дәуіріндегі шартты бейнелеумен салыстырғанда кейінгі палеолит өнері жоғары реализмімен айырылады.. Алғашқы тұрмыстық әндер ырғақты сөзден кұралады. Әннің алғашқы формасы речитатив болып табылады, мелодия кейін пайда болды. Алғашқы түрмыстық адамдар музыкалық аспаптардың барлық түрін ойлап тапты: үрлемелі, соқпалы, ішекті аспаптар. Олардын шығуы садақпен (ішекті), мүйіз, бамбукпен (үрлемелі, соқпалы) байланысты болды. Әсіресе көп тарағаны барабан мен сылдырмақты аспаптар. Музыка ер жүрек аншылардың, жауынгерлердің ерлігін т. б. дәріптейтін билерді сүйемелдеді.