Тарихы мен философиясы


 Өзіндік жұмыстардың жоспары



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата02.12.2023
өлшемі398,26 Kb.
#131988
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
2.3 Өзіндік жұмыстардың жоспары
2.3.1 Әлемдегі өмір және ақыл-ой мәселесінің философиялық аспектілері. Жерлік емес 
өркениеттерді іздестіру ғылыми ізденістің пәнаралық бағыты ретінде. Космос және техногенді 
өркениеттің көкейтесті мәселелері. Астрономия және адамзаттың космостық болашағының 
перспективалары. Космизм және антикосмизм: қазіргі пікірталастар. 
Кеністік және уақыт мәселелері. Классикалық механикадағы кеңістік және уақыт мәселелері. 
Галилей-Ньютон ілімі кеңістік туралы. Галилей инерция принципі және механика заңдары туралы. 


10 
Абсолютті кеңістік ұғымы. Әлемнің механикалық көрінісінен электромагниттік көрінісіне көшу 
туралы. 
А. Эйнштейннің салыстырмалылық ілімі. Кеңістік пен уақыт жөніндегі концепциясы. Кеңістік пен 
уақыттың реляционды концепциясы статусы. Г. Минковский бір кеңістік-уақыт континуумы 
туралы. Кеңістік-уақыт континуумы және гравитациялық өріс мәселесі. Кеңістік-уақыт және 
вакуум. Қазіргі кезеңде физиканы геометриалау ілімдері. 
2.3.2 Детерминизм мәселесі. Детерменизм ілімі және оның физикалық танымдағы ролі. Детерми-
низм және себептілік. Ғылым философиясындағы себептілік байланыстары сипаты жөніндегі 
пікірталас. О. Конт еңбектеріндегі себептілік пен заңдылықтың қарама-қайшылығы. 
«Жарықтық конус» ұғымы және релятивистік себептілік. Бірмәнді детерменизм ілімі. Карл Поппер; 
Н. Бор; В. Гейзенберг концепциялары. теориясы. «Үлкен жарылыс» концепциясы және 
синергетиканың қалыптасуына байланысты физикалық заңдылықтардың сипатының өзгеруі. 
2.3.3 Күрделі жүйелерді тану және физика. Физикадағы жүйелілік (жүйелер) идеялары. 
Жүйелердің үш типі: жәй механикалық жүйелер; кері байланысты жүйелер; өздігінен дамитын 
жүйелер. Синергетика пәнаралық ғылым. Синергетиканың дүниетанымдық және философиялық 
статусы. Синергетизм идеяларының эволюциясы. Синергетика – физикадағы эволюциялылық ілімі 
көздерінің бірі. 
2.3.4 Қазіргі физикадағы объективтілік мәселесі. Кванттық механика және ғылымдағы ақиқатты 
постмодерндік терістеу. Объективті ақиқатты білімге жетудің қиындықтары. Ақиқатты білімге 
жетудегі әлеуметтік факторлардың ролі. Ғылыми бірлестіктердегі сыншылдық дәстүр және 
объективті ақиқатты білімге жетудің шарттары (К. Поппер). 
Астрономия мен космологиядағы объективті білім мәселесі. Әлем туралы эмпирикалық және 
теоретиялық 
зерттеулердің ерекшелігі
; фактілердің «теориялық толуығуы» мәселесі; эмпирикалық 
зерттеулердің эвристикалық ролі (Герцшпрунг – Рессел диаграммасы және т.б.). Әлем және 
шындық туралы теориялық білімдердің қазіргі жүйесі. Әлем туралы білімдер жүйесін негіздеу 
мәселесі. 
2.3.5 Астрономия және космологиядағы эволюциялық мәселе. Стационарлық еместік - Әлемдегі 
эволюциялық процестердің маңызды белгісі. Астрофизикадағы эволюция ұғымы. Қазіргі 
асторфизикалық негіздеулер және ілімдер құрылымы. «Қара тесік» парадокстары. А.А. 
Фридманның әлем кеңеюі ілімі, Г.А. Гамовтың ыстық Әлем туралы ілімі т.б.. Реликтивті шағылу 
және космологиялық ілімдерді таңдау мәселесі. Релятивистік космологиялық моделдер - 
Метагалактиканың кейбір белгілерін схемалық суреттеу. Космологиядағы кеңістік және уақыт, 
эволюциялық және стационарлы, шексіз және шектеулік ұғымдары. Қазіргі космологиядағы 
эволюциялық мәселелер төңірегіндегі дүниетанымдық пікірталастар. 
Адам және Әлем. Астрономиядағы Коперникандық революциялардың ғылыми және 
дүниетанымдық мәні. Птолемей және Коперник ілімдері. Жалпы эволюционизм және сананың 
қалыптасу мәселелері. Биологиялық және әлеуметтік процестердегі космостық факторлардың ролі. 
2.3.6 Құрылымдық химия заттардың динамикалық сипатын және олардың реакциялық 
қабілеттерін теориялық түсіндіру ретінде. Органикалық химияның даму процесінде құрылымдық 
теориялардың қалыптасуы (Кольба, Кеккуле, Купер, Бутлеровтің еңбектері бойынша). Атомдық-
молекулалық ілім құрылымдық ілімдердің теориялық негізі ретінде. Кинетикалық теориялар күн 
тәртібіне химиялық жүйелердің ұйымдасуын (олардың механизмі, кинетикалық факторлар, 
«кибернетика») қоятын химиялық процес ілімдері ретінде. Химиялық кинетика және химиялық 
жүйелер іс-әрекеті мәселесі. Өзіндік ұйымдасу концепциясы және синергетика химиялық 
жүйелердің іс-әрекетін түсіндіру негізі ретінде. 
Химияны физикализациялау қарқыны. Физикализациалаудың 3 кезеңі: 1) физикалық идеялардың 
химияға енуі; 2) физикалық және физика-химиялық теориялардың құрылуы; 3) физикаға қатысты 
химия фундаментальды бөлімдерінің редукциясы. Кванттық механикаға химиялық байланыс 
теориясы редукциясы. Редукция және химиядағы редукционизм. Редукционизм және білім бірлігі. 
Гносеологиялық, прагматикалық және онтологиялық редукционизм. Химиядағы жақындалу 
(приближенные) методтары. Жақындалу (приближенные) әдістерінің мәні мен маңызы мәселесі 
химия философиясы үшін орталықты мәселелердің бірі. 


11 
Р.Бойль және элементтің ғылыми түсінігі. Флогистон теориясы, ятрохимия, пневмохимия және 
Лавуазьенің оттегілік ілімі. Д.И. Менделеевтің периодтық системасы элементтер туралы ілімнің 
дамуының аяқталу кезеңі ретінде 
2.3.7 Тірінің мәні және қалыптасу мәселесі. Қазіргі ғылымдағы «өмір» ұғымы және философия. 
Өмір мәні. Өмір мәнін анықтаудағы монистік принцип. Өмір көрінісін анықтаудағы әртүрлі 
көзқарастар. Өмірді философиялық және жаратылыстану-ғылыми талқылаудағы сәйкестіктер. 
Өмірдің қалыптасуы және тірінің мәні туралы көзқарастардың даму кезеңдері. Өмір мәні мен 
қалыптасуын зерттеу негіздеріне философиялық анализ. 
Биологиядағы даму принципі. Биологияда даму идеяларының қалыптасуының негізгі кезеңдері. 
Эволюциялық үрдістің объективті диалектикасы. Эволюциялық теорияның құрылымы және 
негізгі принциптері. Эволюция ілімінің негізделуі. Эволюциялық идеялар эволюциясы: бірінші, 
екінші және үшінші эволюциялық синтездер. Биологиялық прогрес мәселесі. Глобальды 
эволюционизм идеясы мәселесі биология ғылымындағы даму идеяларының өмір сүруінің ерекше 
формасы ретінде. Глобальды эволюционизм идеясының дүниетанымдық мәні. Глобальды 
эволюционизм принциптерін қалыптастырудағы биологиялық эволюция теориясының ролі.
Биологиялық эволюция ілімінен глобальды эволюционизмге. Биология және қазіргі әлем 
эволюциясы көрінісінің қалыптасуы. Эволюциялық этика тірі табиғатта альтруизмді 
қалыптастыруда популяциялы-генетикалық механизмдерді зерттеу ретінде. Бейімделу сипаты 
және әлеуметтіктің генетикалық негізделуі. Адамның социобиологиясы. Альтруизмнен моральдық 
нормаларға, әлеуметтікке бейімделуден (социабельность) адамзаттық қоғамға. Ізгілік және 
зұлымдық ұғымдары эволюциялық-этикалық болашақта. Эволюциялық эпистемалогия ілімінің 
алғышарттары және қалыптасу кезеңдері. Эволюцияның биологиялық теориясындағы «Канттық 
априорилар». Өмір эволюциясы «таным» процесі ретінде. Эстетиалық эмоциялардың 
эволюциялық-эстетикалық шығу тегі. Адамға тән жоғарғы эстетикалық эмоциялар табиғи 
сұрыпталуға негізделген эволюция нәтижесі. Биоэстетикалық болашақтағы өнер категориясы. 
Биологиядағы жүйелік (системной) ұйымдасу мәселесі. Тірілер әлемі жүйелілігі 
мәселесі

эволюциялық ұрдістің жүйелі сипаты және тірі жүйелерді басқару. Тірілер жүйесінің ұйымдасуы 
және бүтіндігі. Биологиядағы ұйымдасу және жүйелілік туралы эволюциялық көзқарастар (А.А. 
Богданов, В.И. Вернадский, Л. фон Берталанфи, В.Н. Беклемишевтің еңбектері бойынша). 
Биологиядағы жүйелілік жолдарының эвристикалық мүмкіндіктері. 
Биологиядағы детерминизм мәселесі. Биологиялық зерттеулердегі мақсаттылықтың орны. 
Биологиядағы детерменизм мәселесін талқылаудың негізгі бағыттары: телеология, механикалық 
детерминизм, 
диалектика-материалистік 
детерминизм, 
органикалық 
детерминизм, 
акциденционализм, финализм. Өмір сүру әрекеттерін талқылаудағы детерминизм және 
индетерминизм. Тірілер жүйесі мен олардың өзарабайланысы детерминациясының әралуан 
формалары. Ғылыми танымдағы мақсатты бейнелеу, беру (целесообразности) принципі: 
диалектика-материалистік жол. Биологиялық телеологияның мәні және формалары: мақсатты 
бейнелеу, беру құрылымы феномені және тірі жүйелердің қалыптасуы, мақсатты бағыттылық. 
Әлеуметтік-мәдени өлшемдегі адам және табиғат. Қоғам мен табиғат арақатынасының негізгі 
тарихи кезеңдері. Экологиялық мәселе генезисі. Мифологиялық сананың экофильдік және 
экофобтық мотивтері. Антика кезеңіндегі экологиялық ой-пікірлер. Ортағасырлар және Қайта 
Өрлеу кезеңдеріндегі экологиялық қөзқарастар. Ағартушылық философиясы кезеңіндегі 
экологиялық ойлар. Жаңа Замандағы экологиялық идеялар. Дарвинизм және экология. Учение о 
ноосфере В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі. ХХ ғасырдағы жаңа экологиялық бағыттар. 
2.3.8 Қазіргі мәдениеттің экологиялық императивтері. 
Қазіргі экологиялық дағдарыс өркениетті дағдарыс ретінде: көздері және тенденциялары. 
Ғылыми-техникалық революция үрдісінде биосфераның өзгеру бағыттары. Қоғам мен табиғат 
өзараәрекеті принциптері. Экологиялық мәдениеттің қалыптасу жолдары. Экологиялық 
дағдарысты шешу жолдарының рухани-тарихи негіздері. Экологиялық мәселелерді шешудің 
этикалық жолдары. Экология және экополитика. Экология және право. Экология және экономика. 
Жаһандану жағдайында тұрақты даму ілімі. Экология және ақпаратты өркениет философиясы. 
Адамзаттық экодамудың барысына сынау анализі: антропоцентризм, техноцентризм, биоцентризм, 


12 
теоцентризм, 
космоцентризм
, эксцентризм. Адамзат пен табиғат өзарақатынасының жаңа 
философиясы. 
Адамзаттың экологиялық мәселелер жағдайындағы білім, тәрбие және ағарту ісі. Тұлғаның 
қалыптасуындағы білім мен тәрбие ролі. Экологиялық тәрбие мен білімнің ерекшеліктері. 
Дүниетанымдық парадигманы өзгерту қажеттігі экологиялық қауіптің алдын алудағы маңызды 
шарт. Экологиялық білімнің ғылыми негіздері. Экологиялық дағдарыс жағдайындағы «Пайдейя» 
философиялық бағдарламасының ерекшеліктері. Табиғат пен қоғамның арақатынасындағы қауіпті 
үрдістердің алдын алудағы экологиялық білімнің практикалық маңызы. Халыққа экологиялық 
тәрбие, ағарту және білім беру ісіндегі ақпарат құралдарының ролі. 
Әлеуметтік экологияның қалыптасуының тарихи негіздері. Әлеуметтік-экологиялық білімнің 
дамуының негізгі кезеңдері. Әлеуметтік экологияның пәні және мақсаты, әлеуметтік-экологиялық 
білімнің құрылымы және оның басқа пәндермен байланысы. Әлеуметтік экология экологиялық 
дағдарысты шешудің теориялық негізі ретінде. Шаруашылық іс-әрекетінің экологиялық негізі. 
Табиғатты қолдану процесіндегі адам шаруашылығы іс-әрекетінің спецификасы, оның негізгі 
этаптары. Қоғамның қарқынды дамуы кезеңінде материалдық ресурстардың шектеулілігін шешу 
жолдары. 
2.3.9 Медицина объекті және пәні, медицинаның жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық 
білімдерге негізделген ғылым ретіндегі ерекшелігі. Жаратылыстану және медицина. Медицина 
мен биологияның өзарақатынасының философиялық және методологиялық аспектілері. 
Психология және медицина. Қоғамдық ғылымдар және медициналық білім. Медицинадағы 
фундаментальды және қосалқы зерттеулер. 
Медицина ғылымдарының классификациясы философиялық және методологиялық проблема 
ретінде. Медицинаның жалпы теориясы жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық білімдер 
интеграциясы ретінде. Медициналық білімдердің дифференциациясы мен интеграциясы. 
Медицина ғылым мен өнер, теория мен практика ретінде. ХХ ғасырдағы медицина дамуы 
ерекшеліктері. Биоэтика және қазіргі медициналық технологиялар (бала тудыру, дене мүшелерін 
ауыстыру). Аборт: қостау және қарсы жақтары. Эйтаназия: этика-құқықтық аспектілері. Өмір және 
өлім. Өлімнің жаңа концепциясы. Медициналық таным ерекшелігі, пәні, мақсаты, жолдары және 
құралдары ерекшеліктері. Медицина философиясы теория және әдіс ретінде. Медициналық-
ғылыми мәселелерді комплексті зерттеу проблемасы. 
Медицинадағы философиялық категориялар мен ұғымдар. Медицинадағы өлшем және норма. 
Детерминизм және медицина. Медицинадағы себептілік мәселесі (этиологии). Телеология мен 
индетерминизм сыны. Медицинадағы монокаузализм және кондиционализмге методологиялық 
анализ. Анатомоморфологиялық, физиологиялық және функциональды аспектілердегі этиология 
мәселесі. Медицинадағы жалпылық және ерекшелік, ішкі және сыртқы диалектикасы. 
2.3.10 Географиядағы кеңістік және уақыт мәселесі. Қазіргі географиядағы кеңістік пен уақытты 
түсінудің маңызы. Географиядағы хорологиялық ілімнің сынау анализі. Экономикалық 
географиядағы кеңістіктік анализ мәселесі. Географиядағы кеңістіктік ұғымдар және 
формалданған кеңістіктік тілдер. «Теориялық географияда» кеңістікті түсіну. Географиялық 
кеңістік мәселесі. Географиядағы кеңістіктік пен территориялылықтың арақатынасын түсіну. 
Географиядағы кеңістік пен уақыт ілімдері мен олардың материяның қозғалыс формаларымен 
байланысы. (Географиялық жүйелердің дамуындағы метахрондық мәселесі) 
2.3.11 В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера жөніндегі геохимиялық ілімі. Введение В.И. 
Вернадскийдің ерекше геохимиялық принципі. Гидросфера, тропосфера, биосфера және ноосфера, 
олардың бір-біріне өтуі туралы ілімдері. Ноосфера биосфераның дамуының ерекше кезеңі ретінде. 
Биосфераның ноосфераға өту кезеңінің аяқталуының экологиялық нәтижелерінің анализі. 
Геология және экология. Геологиялық ортаны түсіндірудегі әртүрлі көзқарастар және олардың 
қоғам өміріндегі ролі. «Геологиялық орта» және «Адамзаттық ортаның географиялық ортасы» 
ұғымдарының арақатынасы. Социосфера және экосфераның арақатынасы. Геоэкологияның 
объектісі мен пәні. Геоэкология, оның мазмұны және логикалық құрылымы. Экологиялық 
геология объектісін анықтау және пәні. Литосфераның экологиялық функциялары. Экологиялық 
геологияның экологиялық жағдайларды басқаруды негіздеудегі міндеттері. 
2.3.12 Техника дегеніміз не? «Техникалық» және «Техникалық емес» ұғымдарының мағынасы мен 
мәні мәселесі. Практикалық-қайтақұру (заттық-құралдық) 
іс-әрекеті
, техникалық және инженерлік 


13 
іс-әрекеті, ғылыми және техникалық білім. Таным және практика, зерттеу және жоспарлау 
арақатынасы. 
Мәдениеттегі техника бейнесі: дәстүрлі және жобалау мәдениеті. 
Қазіргі техногенді өркениет перспективалары және шекаралары. Техникалық оптимизм және 
техникалық пессимизм: апология және техникаға мәдени сын. Техникадағы рационалды тану, 
толықтыру сатылары: жеке және жалпы технология, техникалық ғылымдар және системотехника. 
Ғылым мен техника арақатынасының негізгі концепциялары. Техника ғылымдарының 
әдіснамасының және жобалау әдіснамасының ерекшеліктері. 
Техника жаратылыстану зерттеуі пәні ретінде. Техникаға негізделген тәжірибенің қалыптасуы; 
табиғат және техника, «табиғилық» және «жасандылық», ғылыми техника және ғылым техникасы. 
Классикалық математикаландырылған және экспериментті жаратылыстану; қазіргі классикалық 
емес кезеңдегі жаратылыстанудың қалыптасуындағы техниканың ролі. 
2.3.13 Әлеуметтік-гуманитарлық пәні мен объектісінің спецификасы. В.Дильтей, В.Виндельбанд, 
Г.Риккерт ілімдеріндегі табиғат пен қоғам туралы тұжырымдамалардың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары. Мәселенің қазіргі түйіндері: гносеологиялық романтизм, эпистемологиялық 
редукционизм, гносеологиялық унитаризм. В.В.Ильиннің ілімінен. Қоғам мен адамның 
ерекшеліктері, олардың рухани өмірі мен қатынастары таным объектісі ретінде: алуантүрлігі, 
қайталанбайтындығы, ерекшелуі, кездейсоқтығы, өзгергіштігі. Қазіргі жаратылыстанудың 
гуманизациялануы және гуманитарландырылуы. Математиканы қолдану мүмкіндігі және ӘГҒ-гі 
компьютерлік моделдеу. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы 
әлемнің ғылыми көрінісі
 
2.3.14 Математикалық іс-әрекеттегі нормалар мен идеалдар. Математикадағы әдістер 
спецификасы. Дәлелдеу – математикалық танымның негізгі сипаты. Теорияны аксиоматикалық 
құру ұғымы. Аксиоматиканың негізгі типтері: мазмұнды, жартылай формальды, формальды. 
Логика математика және математикалық ілім әдісі ретінде. Математикадағы индукция мен 
дедукция арақатынасы туралы қазіргі көзқарастар. Аналогия математикалық ілімді дамытудағы 
жалпы әдіс ретінде. Толықтыру және абстрактілеу математикалық теорияны дамыту әдістері 
ретінде. Математикадағы интуиция мен елестетудің орны. Математикалық ашылулардың 
логикасы мен психологиясы жөніндегі қазіргі көзқарастар. Математикадағы ой сынақтәжірибесі 
(эксперимент). Компьютердің көмегімен дәлелдеу. 
2.3.15 Ақпараттық-коммуникативті ортаның қалыптасып дамуы және оның компьютерлік 
техниканың көмегімен технологиялануы жөніндегі пәнаралық ғылым ретінде. Моделдеу және 
есептеу эксперименті ақпараттың интеллектуальды ядросы ретінде. Ақпараттың конструктивті 
табиғаты және оның синергетикалық коэволюциялық мәні. Ақпараттағы табиғилық пен 
жасандылықтың өзарабайланысы, бейнелерді табу мен ойлаудың аналогиясы. Қауіпсіздік 
ақпаратының концепциясы: гуманитарлық сипаты. Ақпараттағы шындық мәселесі. Виртуалды 
шындық. 
Интернет глобальды ми метафорасы ретінде. Интернеттің киберкеңістіктік ұғымы және оның 
философиялық мәні. Интернеттегі «тәртіптілік» пен «хаостың» синергетикалық парадигмасы. 
Интернетке тәуелділік фенмены. Интернеттегі «Мен» көрінісі. Интернет жаңа әлеуметтік 
технология құралы ретінде. Интернет ХХІ ғасырдағы ғылымның ақпараттық-коммуникативті 
ортасы және үзіліссіз білімнің глобальды ортасы ретінде. 
Компьютерлік революцияның эпистемологиялық мазмұны. Ақпараттық эпистемалогия 
концепциясы және оның кибернетикалық эпистемалогиямен байланысы. Интеллектуальды меншік 
мәселесіндегі компьютерлік этика, инженерлік білім. Білімді зерттеудегі технологиялық жолдар. 
Жасанды интеллект мәселесң және оның эволюциясы. 
Әлеуметтік ақпарат. Ақпараттық қоғам концепциясы: Питирим Сорокиннен Эмануэл Кастельске 
дейін. Ақпараттық қоғамның қалыптасу көзі, бастауы. Әлеуметтік ақпарат мәселелеріне 
синергетикалық жолдар. Ақпараттық қоғамдағы тұлға мәселесі. Қазіргі психотехнология және 
психотерапевтік тәжірибелерді насихаттау қазіргі социогуманитарлы ақпараттың құрамды бөлігі 
ретінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет