2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология ғылымының бөлімдері. Экологиялық факторлар және олардың түрлері



бет1/6
Дата08.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#134994
  1   2   3   4   5   6

1. Экологияның мақсаты, міндеттері.
2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы.
3. Экология ғылымының бөлімдері.
4. Экологиялық факторлар және олардың түрлері.
5. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары (Шелфорд, Либих заңдары)
Экология (грекше oikos - үй, баспана, logos - ілім, ғылым) – тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.


Экология пәнінің мазмұны - организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяция, биоценоз, биогеоценоз (экожүйе) және биосфералық деңгейлерде зерттеу. Экология ұғымын ғылымда алғашқы рет неміс ғалымы Э. Геккель (1866 ж.) қолданды.
Экология пәнінің негізгі міндеті – популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриалдану және урбанизация жағдайын­да экологиялық процестер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару.
Экология ғылымының басты мақсаты – ғаламдық проблема­ларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам – қоғам – табиғат» арасындағы қарым-қатынастарды үйлес­тіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу объектісі жеке даралар емес, даралар топтары – популяциялар, түрлер, қауымдастық­тар, экожүйелер, яғни биологиялық микро- және макрожүйелер.
Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлі зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау, модельдеу жатады. Ал бақылау, салыстырмалы түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық, зертханалық), мониторинг жүргізу негізгі эмпиристік әдістері болып табылады. Бақылау және салыстырмалы талдау жасау ғылымның дәстүрлі әдістеріне жатады. Сол арқылы сипаттама жасалып, талдау жүргізу үшін алғашқы ақпарат алуға болады.

Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанымен, қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып аулағанда ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етулеріне болатындығына көздері жетті. Осылай қандай аңды, қандай уақытта, қандай жерде қолдарына түсіре алатындығын түсіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан, т.б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай, т.б. мәдениет ескерткіштерінде, қолжазба­ларында сақталғаны мәлім.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет