«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты Жалпы білім беретін мектептер арасында өтетін республикалық байқаудың Ережесі



бет1/4
Дата05.10.2022
өлшемі28,05 Kb.
#41487
  1   2   3   4
Байланысты:
Положения Балалар жылы - 2 байқау (каз.яз)





«_____» __________ 2022 жылғы
№ ____
ОАМ БҚҚК бұйрығына қосымша

«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты Жалпы білім беретін мектептер арасында өтетін республикалық байқаудың


Ережесі


1. Жалпы ережелері
1.1. «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» тақырыбына негізделген конкурс өз міндеттерін, мақсаттарын, тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, қатысушылар құрамына қойылатын талаптары, жалпы білім беретін мектептеп оқушылары арасында өтеді.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – отбасының тарихын зерттеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту саласында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.
2.2. Байқаудың міндеттері
- отбасы тарихын зерттеуге жағдай жасау;
- «Мен, Менің тегім, Менің отбасым, Менің халқым, Менің Отаным» призмасы арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру;
- дарынды, жоғары ынталы және шығармашыл білім алушыларды анықтау және көтермелеу;
- оқушылардың ата-аналарымен рулық тарихын зерттеу арқылы, ұрпақ арасындағы қақтығыстарды жеңуге, отбасында да, әлеуметтік қоғамда да өзара түсіністікке қол жеткізуге ықпал ету.
3. Байқау қатысушылары
3.1. Байқауға өз аймағының, елінің тарихымен қызығатын және өз Отанының мәдениетін зерттейтін 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімдері
4.1. Байқау екі кезеңде өткізіледі:
1) Бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: аудандық (қалалық); облыстық, білім беру ұйымының шенберіңде; Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары – 2022 жылғы 15 қазанға дейін;
2) Екінші кезең (қорытынды) – республикалық конкурс - 2022 жылғы 15 қарашаға дейін.
4.2. Республикалық конкурс 2022 жылғы 18 қарашада онлайн режимде өткізіледі. Республикалық конкурсқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан 1 қатысушыдан қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет