«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқылатын шығарма: Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»



Дата04.12.2022
өлшемі17,71 Kb.
#54713
Байланысты:
бжбәдеб


«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма:
Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай», Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»
Оқу мақсаты:
9.2.3.1-шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
9.1.2.1 - әдеби шығармадағы психологизмді анықтау.

1-тапсырма


1.Асаулар үзді шідерді
Сыйламай Дулат жіберді.
Сыйынып барған елінен,
Кене хан үзді күдерді
- жолдарында қолданған көркемдік тәсілді анықтаңыз.
А) ассонанс Б) аллитерация
С)эпифора D) параллелизм [1]
2. Мен шарға ұстаған,
Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім.
Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?
А.метафора В.теңеу
С.эпитет D. Символ [1]
3.Жыр сюжетінде Кенесары хан мен Наурызбай батыр қырғыздан олжаланған мал-мүлікті кімге береді?
А) төлеңгіттерге B) уақтарға
С) қыпшақтарға Д) қырғыздарға [1]
2-тапсырма.
Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (3-4 сөйлем)
Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім. [3]
3-тапсырма.
Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап
Жауды үркітіп қашырды,
Ақ алмастай жарқылдап
- жолдарындағы Кенесары мен Наурызбай батырдың психологиялық бейнелерін ашып, талдаңыз. (3-4 сөйлем) [4]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет