Тарихи спектакльдер



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата07.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#19511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
А.Еркебай-Казіргі-қазақ-театры

ӘОЖ 792(035.3)
КБЖ 85.33
ISBN 978-601-265-167-6                 © Еркебай А.С., 2015


3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
Тарихи тұлғалардың  сахнадағы эволюциясы
8
Махамбет туралы пьесалардың 
игерілу деңгейі
68
Абай бейнесін сомдаудағы 
актерлік ізденістер
106
ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік құбылыстардың 
сахнадағы көркемдік сипаты
140
Қорытынды
199
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
206


4
КІРІСПЕ
Қазақ  халқының  сахналық  мәдениетінің  тууы 
мен  қалыптасуына  тарихи-қаһармандық  тақырыпта 
жазылған  драмалардың  үлкен  ықпал  еткені  қазақ  театр 
тарихынан  мәлім.  Қазан  төңкерісінің  жеңісінен  кейін 
елде  болып  жатқан  үлкен  әлеуметтік  өзгерістер  өзінің 
сахналық көрінісін  тарихи тақырыптағы шығармалардан 
тауып,  Кеңестер  одағының  көптеген  республикалық 
театрларының репертуарына негіз болды.
Белгілі  ғалым  Б.Құндақбайұлы:  «Қазақ  театрының 
даму  белестерiнде  тарихи  пьесалардың  алатын  орны 
бөлек. Қазақ халқының әртүрлi тарихи кезеңдегi басынан 
кешкен өмiр болмысы театр сахналарында үзiлмей көрiнiп 
келедi» [1, 290 б.], – деп тарихи-драмалық шығармалардың 
қазақ театры үшін аса маңызды роль атқарғандығын атап 
кеткен.  Тәуелсіздіктен  кейінгі  жылдарда  театрлар  мен 
көрермендердің тарихи тақырыпқа деген қызығушылығы 
артып,  театр  репертуарларынан  тарихи  спектакльдер 
үлкен  орын  алды.  Осы  уақытта  қазақ  театрының 
тарихқа  деген  бетбұрысы  айқындалып,  күрделі  де 
көп  қырлылыққа  ұласты.  Әрине,  бұған  қоғамдағы 
әлеуметтік-психологиялық  жағдайлар  мен  мәдениеттің 
даму ерекшеліктері игі әсерін тигізгені анық.
Қазiргi  театр  сахнасында  тарихи  спектакльдердiң 
жиi қойылып, репертуарда тұрақты орын алуының мәні 
ерекше. Еліміздегі тарихи және әлеуметтік өзгерістерге 
байланысты  қайта  құру  жылдарынан  кейiн  театрда 
тарихи  тақырыпты  игеру  жаңа  мазмұнға  ие  болды. 
Соның  негізінде  тарихи  және  тарихи-ғұмырнамалық 
тақырыпта жазылған бiрқатар жаңа драмалық туындылар 
өмiрге келдi. Бұл шығармаларда қазақ халқының тарихи-
әлеуметтiк күреске толы өмiр жолы әр қырынан көрiнiс 
тауып,  ардақты  ұл-қыздарының  жарқын  тұлғалары 


5
жасалды.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Қатардағы  сахара 
қазағы өз халқының тарихымен біте қайнасқан. Ол өзін 
ұдайы халық тарихының бір бөлшегі ретінде сезінген» [2, 
29 б.], – деген сөзінен ұлттық мүдде мен мақсат тоғысқан, 
солардың  нәтижесінде  ел  идеологиясы  қалыптасатын 
мемлекеттік саясатқа театр өнерінің де қосатын үлесі зор 
екенін аңғаруға болады.
Монографияда  Тәуелсіздіктен  кейінгі  жылдардағы 
қазақ  театрларының  тарихи  тақырыпты  игерудегі 
режиссерлік  және  актерлік  ізденістері  мен  көркем 
тенденциялары  анықталған.  Аталмыш  мақсатты  жүзеге 
асыру  барысында  көркемдік  тұтастығы  сақталған, 
театрлардың  кезеңдік  табыстары  болып  саналатын 
спектакльдер  талдау  нысанына  алынды.  Осы  жылдары 
тарихи  тақырыпқа  жазылған  пьесаларды  байытуда 
Ә.Кекілбаев, 
Ә.Тарази, 
Қ.Ысқақ, 
Иран-Ғайып, 
М.Байсеркенов,  Р.Отарбаев,  Р.Мұқанова,  т.б.  белгілі 
жазушы-драматургтармен  қатар  облыстық  журналистер 
мен  жергілікті  жазушылар  да  қалам  тартты.  Ғылыми 
еңбекте  аталған  қаламгерлердің  көркем  шығарма 
арқылы  өткен  дәуір  мен  қазіргі  заман  сабақтастығын 
көрсету сырлары, идеялық астары талданып, автор мен 
режиссердің  шығармашылық  ой  жапсарын  ашуға  ден 
қойылды.
Бүгінде  тарихи  драма  жанрының  театртану 
ғылымындағы  орны  ерекше.  Өйткені  бұл  жанрдың 
тарихты  танып,  рухани  өмірді  философиялық-
эстетикалық тұрғыда түсініп және халықтың көркемдік-
тарихи  ой-санасын  қалыптастырудағы  ролі  зор.  Қазақ 
театрларындағы  тарихқа  негізделген  спектакльдерінің 
жетістігі  мен  кемшілігін  саралайтын,  өткеннің  өнегелі 
үлгісі мен қазіргі дәуірдің тамаша табыстарын айқындап 
беретін  қазақ  театртану  ғылымы  «ақтаңдақтар» 
кезеңімен қайта толығып, жаңа тағлыммен арна тартуда. 


6
Қаһармандық  драманың  дамуымен  пайда  болған 
мәселелер қазақ сахна өнерінің маңызды бағыт-бағдарын 
айқындауды  және  теориялық  тұрғыда  түйіндеуді  талап 
етеді.  Сондықтан  да  қазіргі  қазақ  театр  өнері  туралы, 
ұлттық  тарихты  көркемдік  процесте  сахнада  игерудегі 
ізденістер  мен  тенденциялар,  ондағы  мәселелер 
мен  қарама-қайшылықтар  туралы  еңбек  ғылыми 
дәйектілігімен өте күрделі. Монографияда тәуелсіздіктен 
кейінгі жылдардағы қазақ театрлары сахнасында жарық 
көрген тарихи пьесалардың ерекшеліктері, сонымен қоса 
қазіргі  кезеңдегі  Қазақстанның  бүкіл  театр  мәдениеті 
қозғалысындағы  осы  жылдардағы  спектакльдердің 
халықтың  патриоттық  сана-сезімін  көтерудегі  ролі  мен 
міндеті  айқындалды.  Қазіргі  қазақ  театрында  қойылған 
тарихи-драмалық шығармаларды талдаудың бұл жұмыста 
перспективалық маңызы зор.
Қазақ  драма  театрының  тоқсан  жылдық  тарихы 
болғанымен  осы  күнге  дейiн  тарихи  тақырыпта 
қойылған  спектакльдер  арнайы  зерттеу  нысаны  болған 
емес.  Бұрынғы  Кеңес  өкіметінің  құрамына  кірген 
республикаларда  әдебиеттану  мен  театртануда  тарихи 
драма  және  оның  сахналық  шешімі  жөнінде  көптеген 
докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалып, 
монографиялар жарық көрген. Ал, қазақ театртануында 
тарихи  жанр  зерттеу  нысанасы  ретінде  қаралмаған. 
Бүгiнге  дейiн  театр  сыншылары  Б.Құндақбайұлының, 
Н.Львов,  Л.Богатенкова,  Қ.Қуандықов,  Қ.Уәлиев, 
Ә.Сығай,  С.Кабдиева,  Б.Нұрпейіс  зерттеу  еңбектерiнде 
театрдың  жалпы  тарихымен  сахналық  қойылымдардың 
тақырыптық-идеялық, 
көркемдiк 
ерекшелiктерiне 
баға  бере  отырып,  тарихи  тақырыпта  қойылған 
спектакльдердің  кейбір  мәселелерін  қозғап  кеткен.  Бұл 
жұмыстарда  авторлар  театр  сахнасында  жарық  көрген 
қойылымдарды  заман  талабына  ойластыра  екшеп, 


7
жекелеген актерлердiң роль шығарудағы ерекшелiктерiне 
тоқталған.  Ал  тәуелсіздіктен  кейінгі  жылдары  сахнаға 
шыққан тарихи тақырыптағы спектакльдердің көркемдік 
деңгейі  мен  рухани-эстетикалық  мәселелері  әлі 
ғылыми  тұрғыда  сараланған  жоқ.  Жоғарыда  аталған 
театр  зерттеушілерінің  еңбектерінде  тарихи-драмалық 
спектакльдерге  қатысты  жекелеген  құнды  ойлар  бар. 
Бірақ  аталған  тақырып  қазақ  театртану  ғылымында 
арнайы  зерттеуді  талап  етеді.  Мұндай  өзектi  мәселені 
зерттеу  нысаны  етіп  алуымыз  осындай  қажеттілік  пен 
сұраныстан туындайды.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет