Сабақтың дидактикалық кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі,оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмалдарын тексеру.
2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Жоспар бойынша семинар сұрақтарын талдау.
4. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруы.
5. Қорытындылау
Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Семинар сұрақтары:
Оқушылардың семинар бойынша танымдық іс-әрекет түрлері:
1.Кестемен жұмыс:
ҚР мемлекеттік биліктің бөліну принциптері
Заң шығарушы орган Атқарушы Сот
Пікір-талас: ҚР көп партиялы жүйе мен бір партиялы жүйенің қажеттігі.
Оқушылардың іс-әректтерін бағалау.
Қорытынды.
Дәріс сабақтың жоспарын әзірлеуде төменде келтірілген мәліметті басшылыққа ала отырып, құрастыруға болады:
Дәрісбаян- сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу матреиалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу матреиалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады. Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімене жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын –ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі. Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оның өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал – тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байлансты анықтайды. Сонымен, лекцияның мазмұны баяндалу формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
ОСӨЖ тақырыбы: Жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері.
Мақсаты: Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, сауатты, жан-жақты білгір маман дайындау. Студенттің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да ұстаздық келбетіннің қалыптасуына игі әсерін тигізу, өзін-өзі дамыту, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру
Түрі:сынақ, Сұрақ-жауап
Әдістемелік нұсқау: Жаңа оқыту технологияларының бағыттарын білу.
Жаңа оқыту технологияларын, олардың мәні мен мазмұнын білу, оны оқыту үрдісінде қолдана алуы бойынша төмендегі ЖПТ топтастырылуын білуі қажет: Жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама: дамыта оқыту, дербес оқыту, модулдік оқыту, бағдарламап оқыту, тірек белгілері мен конспектілері арқылы, ойын арқылы оқыту технолоогиясы, жобалап оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы.
Әдебиеттер:
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. 2003
Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1990
Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-каменогорск,1982
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии М., Педагогика, 1990
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии М., 1998
Педагогические технология/Под.ред. Кукушина В.С.
Загрекова Л.В: Николина В.В. Теория и технология обучения. М., 2004
ОСӨЖ тақырыбы: Жаңашыл әдіскерлердің бағалау критерийлері бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын есепке алу, бағалау әдістемесін меңгеру:
Мақсаты: Тарих пәнінен стандарт талаптарының орындалуын бағалаудың жалпы тәсілдерін білу.
Түрі: Мониторинг
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімін мәлімет ретінде алып, мониторинг әзірлеу.
Мониторинг- /ағылш.”monitoring”және латынның “monitor” /бақылау/ деген сөздерінен шыққан./ Қандай да бір жүйе, немесе оның элементтері туралы хабарламалардың жинағы, сақталуы, таратылуы, және ол кез-келген уақытта ол жүйенің жағдайы, оның болашақ дамуына болжам жасап, осы жүйені басқарып отыруға бағытталған.
Мониторингтің мақсаты - өз уақытында қажетті мәліметті беру.
Білім беру Мониторингі- педагогикалық үрдістің жағдайына баға беру, болжау диагностикасы, оның даму барысы, нәтижесі, даму перспективасын қадағалайды.
Оқушылардың үлгерім көрсеткіші 2 бағытта жүргізіледі:
Үлгерім көрсеткіші сандық есеппен алынады.(аттестация сайын 2 айда бір рет, немесе семестр сайын) «Үлгерім картасы»
Бұл картамен жұмыс арнайы жерлерде: мұғалімдер жиналысы, оқушылар жиналысы т.б. талқыланып, іске асыруы тиіс.
Оқушы білімінде кездесетін ақтаңдақтардың себебін анықтау. Бұл зерттеу пед. консилиум, ата-аналар жиналысы, оқушымен жеке жұмыста көп мәлімет жинақтауға да көмектеседі. Бұнда сауалнама жүргізіледі.