Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір


Құлық сезімдерін өркендету жолдары



бет58/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Құлық сезімдерін өркендету жолдары
Құлық сезімдерін өркендету үшін төмендегі жолдарды көрсетуге болады.
1) Баланың маңайындағы адамдардың құлықты болуы. Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Оларды бала маңайындағы ересек адамдардың сөздері һәм істері бойынша ғана айырады. Солар бойынша ғана ізгі мен жауыз құлық туралы ұғым жасайды. Мысалы, бала атасының ұрлық қылғанын білсе, ұрлық қылу ізгі құлықтан саналады екен деп ұғады. Сондықтан баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі құлықты болуға тиісті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны қылады.
Және баланың бірге ойнайтын жолдастары да дұрыс, ізгі құлықты болсын. Балаға ересек адамнан өзіндей бала жақын. Бала өз құрбысына еліктегіш, өз құрбысының тілін алғыш, құлқына, мінезіне сенгіш келеді. Өзінің ізгі, жауыз құлқын бала құрбылары арқылы жарыққа шығарып әдеттенеді. Сөгіседі, ұрысады, төбелеседі, ұрласады, өтірік айтысады. Осы себептерден тәрбиеші баланың жолдастарының дұрыс құлықты болуларына өте ықтият қылу керек. Балада құлық сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі үшін балаға әдебиеттен, тарихтан өрнек әңгімелер сөйлеу һәм оқыту керек. Әрбір ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлыққа өрнек болғандай әңгімелер толып жатыр. Солармен дұрыс пайдалана білу керек. Яғни әдепті бол, әділ бол, өтірік айтпа деген сықылды. Құрғақ, жалаңаш сөзде пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың әрбірі әдейі киініп өрнек күйінде ғана келсін. Өрнектен нәтижені бала өзі-ақ шығарып алады.
2) Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. Үй һәм мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдеттендірсін. Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм мектептегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада тәрбиешіге сенім қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден, ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетеді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланың өтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне қамаудан. Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың құрылысы баланың жаратылысына қайшы болса, бала ондай тәртіпті аттап өтеді. Үшінші, тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сенбеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз құлықтарға орын да қалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет