Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер


Қыпшақтар (ХІ ғ. басы - 1219 ж.)



бет24/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Ұлы Дала өркениеті. Оқу құралы

Қыпшақтар (ХІ ғ. басы - 1219 ж.). Қимақ Қағанаты саяси сахнадан кеткен соң ортағасырлық жазба деректерде қыпшақ деген атаумен белгілі тайпалардың бірігуі күшейген. Қыпшақ этнонимі орта ғасырлардан гөрі мейлінше ертерек мәлім болған сияқты. Бірқатар зерттеушілер және қытайдың «Тарихи жазбалар» атты жылнамаларында біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырларда өмір сүрген тайпалардың бірі дейді. Оны ежелгі қытай транскрипциясындағы «цзюйше» атымен байланыстырса, С.М. Ахинжанов қыпшақ этнонимі алғашында «се» (қытай деректері) және «сир» (көне түркі деректері) түрінде пайда болған тайпалар дейді. «Қыпшақ» атауы нақты түрде 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбек қыпшақтарды VІІІ ғасырға жататын түрік тайпаларының тізімінде көрсетеді. Батыс еуропа деректерінде «коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде «половцы» делінеді.
Алтай тауы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар әуелі Батыс Түрік қағанатының құрамында болып, кейін қимақтардың басшылығымен конфедерация одағының өзегін құрайды. Сол себепті қыпшақтардың саяси тарихы ІХ-Х ғасырларда қимақтардың тарихымен қоса өрледі. ХІ ғасырдың басында Қимақ мемлекетінің өкімет билігі қыпшақ хандарының қолына көшеді. Сөйтіп, ХІ ғ. басынан бастап қыпшақ бірлестігі көптеген елдердің басын біріктіріп, қыпшақ деген сөз қол астына біріккен халықтардың жалпы аты ретінде қолдана бастады, ал мемлекеті «Қыпшақ Хандығы, Дешті Қыпшақ Даласы» деп аталды.
Қыпшақ хандарының жетекшілік нысанында әскери-саяси әдісін тиімді де шеберлікпен ұтымды пайдалану арқасында шекарасын шығысындағы Ертістен батыстағы Дунайға дейін кеңейітті. Сығанақ қаласын өз мемлекетінің астанасына айналдырды. Олар бірнеше негізгі тайпа топтарынан: сібір-алтайлық; орал-қазақстандық; алдыңғы Кавказды қоса отырып - Дондық; Қырымды қоса отырып - Днепрлік; Балканды қоса отырып - Дунайлық – болып ұйымдасты. Олар көптеген елдердің ортағасырлық тарихында маңызды рөл атқарды, мәселен: Үндістан, Мысыр (Египет), Қытай, Ұрым (Византия), Грузия, Бұлғар, Хорезм. Олар Киев Русімен экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық тығыз байланыс орнатады. Қыпшақтар - қазақ, ноғай, қырым-сібір татарлары, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, балқар, қарачай, кумык, түркмен және басқа да түрік елдерінің этногенезінде белгілі рөл атқарады. Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монғол, қытай, үнді, араб халықтарының құрамына кірді.
Қыпшақтардың сыртқы саяси байланыстарының ауқымы кең болды. Мәселен, хорезмшахтар мемлекетін қыпшақ әулеттері билеп тұрды. Ұрым, Ұлы Болғар, Киев Русі, Селжүк сұлтандығы тәрізді мемлекеттердің саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін византиялық сарайда Циты, Караджи, Алакасен деген қыпшақтар ірі қызметте отырған. Крестілердің жорығын (крестовый поход) 1205 жылы қыпшақтар Андрианопольге жақын жерде талқандап, император Балдуинді тұтқынға түсіріпті. 1118жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз әскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың қыпшақ жауынгерін отбасымен шақырып, оларға жер де бөліп беріпті. Қыпшақтар 1121 жылы Дидгор тауларында түрік-селжүктерді талқандауға, 1122 жылы Тбилисиді алуға, 1123 жылы Ширванға жорыққа қатысты. Қыпшақтар ХІV ғ. дейін грузин деректерінде еске алынып отырады. Олар жайлы грузия топонимиясы мен грузин халқының аңыздарында мәлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде әскери үтемдікті қолға алып, әр алуан соғыс жорықтарына қатысты. Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс Мысыр елінің мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк әулетінің (1250-1517) негізін қалады.
Ертістен Днепрге дейінгі аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық кеңістікті Еділ бойы арқылы екі этникалық-аймақтық бірлікке бөлу есебінен қарауға болады: Тоқсоба әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты. Шығыс қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе алатын билігі болды. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен әскерінің ісін жүргізетін басқару әкімшілігі болған. Әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген. Әулеттік топ мен тайпалардың өзі әлеуметтік маңызына қарай иерархиялық жүйе-сатыларға бөліну көрініс табады. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да бөлінді. Меншікті білдіретін таңбалары болған.
Ұлан ғайыр кең өлкені билеп, әскери-саяси биліктің тізгінін қолына ұстаған іргелі Орда құрған қыпшақ дәуірі, бізге мирас болып қалған кешегі бақи өмірімен тікелей жанды байланысы бар, сөйлеу тілінің сипатынан толық мағлұмат бере алатын бағалы еңбек - «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінде жазылған ескерткіш). Осы ескерткіш готикалық көне шрифтімен жазылған жалғыз дана қолжазбасы бұл күндері Венецияда Марк әулиенің шіркеуінде сақтаулы. Зерттеуші Машковтың айтуынша, бұл дәуірде Қыпшақ тілі батыс еуропа жиһанкездері мен шығысты зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып есептелді. Кодекс куманикус екі бөлімнен тұрады. Бес түрлі қолтаңбамен жазылған бірінші бөлім (итальян бөлімі) латын сөздерінің алфавиттік тәртібі бойынша тізілген үш тілді (латынша-парсыша-куманша) сөздіктен, зат есімдер мен есімдіктердің септелу үлгісінен, лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған сан алуан есім сөздерден тұрады. Ал он төрт түрлі қолтаңбамен жазылған екінші бөлімнің (неміс бөлімі) денін Інжіл үзінділерінің аудармалары және т.б. осы секілді діни уағыздар құраса, қалғанын куманша-немісше, куманша-латынша сөздер, ақын Петрарканың қолымен жазылған итальян поэзиясының үзінділері, куманша, латынша текстер, аудармасыз берілген куман жұмбақтары құрайды. Жалпы алғанда, қыпшақ тілін зерттеу, оны оқып-үйрену ХІ ғасырдан, М.Қашқаридан басталады. Содан бастап ол тілді орыс, еуропа, араб, армян авторлары зерттеп білген, оқып-үйренген, сол тілге Фердоуси мен Сағдиден бастап талай туындылар аударылған. Осыдан, Қыпшақтар дәуірі, билік құрған хандары мен халықтың әлемдік өркениетте маңызды рөл атқарғаны «тайға таңба басқандай» негізделіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет