Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет32/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ұлы Дала өркениеті. Оқу құралы

Балға – ұста зергерлік әдістерді атқару үшін қолданатын құрал. Балғаның шой балға, мүйіз балға, қол балға, ағаш балға, шың балға, қадау балға, тағы басқа түрлері болған. Төс – шойыннан, шар болаттан жасалған, ағаш тұғырға қондырылған құрал. Төске салып соғу, ию, кесу, шабу, тесу, шыңдау, қақтау, пісіру, бұрау сияқты түрлі әдістермен, әр түрлі металды қыздырып, немесе суық күйінде өңдеген. Төстің құстұмсық төс, домалақ төс, шың төс деген түрлері болған. Қысқыш – отқа қызған металды ұстайтын құрал. Қысқыштың «жадағай таңдай», «қуыс тұмсық», «біз тұмсық», «кемпір ауы» деген түрлері болған. Оқбақыртемірден, саз балшықтан жасалатын, сол жақ ернеуі сүйірлеу келген, су ағары бар, қорғасын, қола, үре күміс, алтын қорытатын тұтқалы ыдыс. Қауашақ – жұқа қаңылтыр немесе саз балшықтан жасалған науа тәріздес ыдыс. Қауашаққа металды құйып, суыған соң шығарып алып, әрі қарай өңдеген. Шымшуыр – металды дәнекерлеген кезде қысып ұстайтын көмекші құрал. Үгіндірік – көмірді жинақтап көсеуге арналған құрал. Шекіме – асыл болаттан соғылған, екі жүзі шапқы тәрізді балға. Қақталған күмісті жалату үшін темірге шекіп, бедер салатын құрал. Іскенже – ұсақ заттарды кепсерді егеген кезде қысып ұстайтын шағын ағаш атауыз. Күйентелі таразыбағалы металды, химиялық қоспаларды өлшейтін зергер таразысы. Саусақ қалып – сақина, жүзіктің бауырын түзетуге арналған, бір жағы сүйір болаттан жасалған сайман. Сымтартқыш– алтыннан, күмістен зер жасау үшін, яғни өте жіңішке сым дайындау үшін керекті аспап. Қалып – ұшында бедерлі өрнегі бар болат таяқша сым. Қақталған жұқа күмісті қорғасынға төсеп, үстіне қалыпты қойып, батыра соқса күміске қалыптағы бедерлі өрнек түседі. Қалыптар түріне қарай сырға қалып, күмбез қалып, үкі аяқ қалып, шайшық, жұлдызша болып бөлінеді. Нақыш салғыштар – ұзындығы 8-12 см келетін, ұшы жарты ай, жұлдызша, дөңгелек сияқты әртүрлі үлгіде қайралған болат таяқшалар. Түртпе – шапқы тәрізді, ұшы қиғаш қайырылған, балғамен қуалай соғып, металл бетіне түзу, қисық сызықтар түсіруге, жазу, сызуға қолайлы құрал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет