Тасымалдауды ұйымдастыру және


Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау



бет42/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау
Шұғыл (онкүндік және тәуліктік) жоспарлау, ал кемежайларда, бұған қоса, ауысымдық-тәуліктік жоспарлау флот жұмысының жоспарларын одан әрі тереңдету және нақтылау болып табылады. Шұғыл жоспарлар кеме шаруашылығының пайдалану жұмысының жоспарына (жыл), ФЖГ (навигация), Техжоспарға (ай) қарағанда жеке кемежай-айлақтар, тасымалдау кемелері үшін айтарлықтай қысқа мерзімге – уақыт аралығына – онкүндікке, тәулікке (одан әрі – ауысым, сағатқа) арналған нақты міндеттерді белгілейді.
Онкүндік кезеңі үшін тиелуге берілетін тоннаждың онкүндік жоспары жасалады. Оның міндеті – жүк жөнелтушілердің онкүндік өтінімдеріне қосылған барлық жүктердің жөнелтілуін қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, мұндай онкүндік жоспар онкүндік ішінде әрбір кемежайдың бос жөнелтілетін барлық жүкті тиеуге жеткілікті болатындай бос тоннаж мөлшерін қабылдай алуын көздейді.
Кеме шаруашылығының диспетчерлігі флоттың жұмысы мен жүк тасымалына қатысы бар басқа да қызмет пен бөлімдердің қатысуымен тоннаж тиеудің онкүндік жоспарын жасап, бас диспетчердің бекітуіне ұсынады. Мұнда мыналар бастапқы құжаттарға жатады:
- алдағы айда жүк жөнелту жоспары (Техжоспардың Т-1 формасы);
- жүк жөнелтушілердің онкүндік (жауапты) өтінімдері;
- ФЖГ-не енгізіліп, Техжоспарда нақтыланған жүктеме, жылдамдық және уақыт нормалары;
- флоттың онкүндік жоспарды жасау сәтіндегі нақты орналасуы және жоспарлау алдындағы онкүндіктің соңындағы болжам;
- алда тұрған онкүндікке қысқа мерзімдік ауа райы болжамы және жол жағдайларының өзгеру ықтималдығы;
- ағымдағы онкүндікте жөнелтілген жүк есебінің шұғыл мағлұматтары және олардың кемежайлары мен жүк жөнелтушілердің айлақтарындағы мөлшері.
Онкүндік жоспар жасаудың үлгі тәртібі мынадай. Жүк жөнелтушілердің алда тұрған онкүндікке берген жауапты өтінімдерін (олардың өткен кезеңде жинақталған орындалмау шамасын қоса алғанда) және Техжоспарда белгіленген жүктеме нормаларын басшылыққа ала отырып, әрбір кемежай-айлақ, жүк жөнелтушінің айлағы және әрбір жүк түрі бойынша бос тоннаждың мөлшері анықталады. Онкүндік жоспардың жасауы сәтінде флоттың орналасуы және оның орналасқан орнын болжау және ағымдағы онкүндіктің соңындағы жұмыстың сипаты туралы шұғыл мағлұматтарды пайдаланып, Техжоспар белгілеген жылдамдық және уақыт нормаларының негізінде бос кемелердің болжамды жүк тиеу қосындарына және жүк тиелген кемелердің – жүк түсіру қосындарына келуінің, жүк түсіруді аяқтау уақытының және кемені болжамды жүк тиеуге қою уақытының болжамы жасалады.
Қабылданған және Техжоспармен бекітілген әрбір бағыт бойынша бірінші кезекте жөнелтілетін аса маңызды жүк тиелген кемелер мен құрамдарды жөнелту жиілігіне сәйкес бос кемелерді оларға жүк тиелетін қосындарға жекелей бөлу реті белгіленеді. Осының нәтижесінде онкүндік жоспарда әрбір тәулікте әрбір қосынға жүк тиеуге берілуге тиісті кемелер (аталып), жалпы және номенклатура бойынша жөнелтілген жүктердің тонна мөлшері көрсетіледі.
Кеме шаруашылығы бастығының талқылауы мен бекітуінен өткен онкүндік жоспар осы шаруашылықтағы диспетчерлікаппараттың, кемежай-айлақтардың және басқа флотты өңдеу мен оған қызмет көрсетуге қатысы бар басқа бөлімдер мен қызметтің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті жауапты құжатқа айналады.
Тоннаж тиеудің онкүндік жоспары тәуліктік жоспарлаудың негізгі болып табылады, ал оның өзі мыналардан тұрады:
- жүк жөнелтудің тәуліктік жоспары (әрбір кемежай және тұтас алғанда кеме шаруашылығы бойынша);
- кемелер мен салдарды шлюзден өткізудің тәуліктік жоспары;
- әрбір кемежайдың ауысымдық-тәуліктік жұмыс жоспары.
Тәуліктік жоспар онкүндік жоспардың көрсеткіштерін талдап, нақтылайды. Тәуліктік жүк жөнелту жоспарында әрбір жүк тиелген кемені немесе құрамды жөнелту, оларға жүк тиеу мерзімдері (айы, күні, сағаты), баратын қосыны, график желісінің нөмірі, тіркеп сүйрейтін кеменің атауы көрсетіледі. Шлюздің тәуліктік жұмыс жоспарында әрбір кемені, құрамды немесе салды шлюзден өткізу уақытының басталуы мен аяқталуы көрсетіледі. Тәуліктік жоспар жасауда диспетчерлік тәуліктік басталуы ретінде Астана уақытының 18.00 сағаты қабылданады.
Тәуліктік жоспар тасымалдау және флотты пайдалану қызметінің бастығы жанындағы диспетчерлік кеңесте талқыланып, сағат 17.00-ге дейін оны орындаушыларға жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет