Тасымалдауды ұйымдастыру және


Темiр жолдардың тасымалдау қабілеті



бет8/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый

Темiр жолдардың тасымалдау қабілеті
Темiржол желiлерiнiң әрбiр жүрiс бағытында тасымалдау қабілеті, жылына млн. т нетто, жүк пойыздары үшiн (жеделдетілген және құрама пойыздарды есептемегенде) барынша көп өткiзу қабілеті мен пойыздың массасына байланысты анықталады:
(1.6.16)
мұндағы – жүк пойыздары үшiн нақты өткiзу қабілеті.
– пойыздардың бруттолық орташа массасы, пойыздың массасы мен жүк ағыны құрылымының белгiленген норма­сына байланысты, т;
– пойыздың неттолық массасының бруттолық массасы­на қатынасы, вагондардың тегiне және жүк ағынының құры­лы­мына байланысты;
– жеделдетiлген және құрама пойыздармен тасымал­данатын жүк мөлшерi, жылына млн. т.
Жылжымалы құрамның пайдалану көрсеткіштері
Жол балансына енген локомотивтер жолдың инвентарлы паркын құрайды. Жол ішінде локомотивтер деполар бойынша таратылады. Депо балансына енген локомотивтер инвентарлы депоның инвентарлы паркын құрайды. Инвентарлы паркттың әрбір локомотивіне техникалық паспорт құрастырылады, мұнда локомотивтің техникалық күйі, орындалған жөндеу және модернизация жұмыстары көрсетіледі. Техникалық паспорт тіркеу депосында сақталады және локомотивтердің инвентарлы паркын есептеудің негізгі құжаты болып табылады. Есеп физикалық өлшемдермен, ал моторлы вагондардың есебі секциялар санымен жүргізіледі.
Локомотивтердің инвентарлы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.
Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөндеулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.
Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық оперциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техникалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады.
Локомотивтерді пайдаланатын парктен пайдаланбайтын парке және кері ауыстыру, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Негізгі депоға тіркелген локомотивтер айналатын телімді - айналым телімі деп атайды. Айналым телімі ұзартылған болса, онда оны жабдықтау бойынша бекеттері, локомотивтердің айналым телімдерінің аралық бекеттері және локомотив бригадаларын ауыстыру бекеттері орналастырылады.
Локомотивтердің айналым телімі бір немесе бірнеше тартым өрістерінен құралуы мүмкін. Негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар арасындағы телімді - тартым өрісі деп атайды. Тартым өрісі бір немесе бірнеше бригадалар жұмысының телімдерінен құралуы мүмкін. Мұндай әр телім локомотив бригадалары ауысатын бекеттер арасында орналастырылады. Мұндай бекеттер ретінде негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар және бригадалар алмасатын бекеттер саналады.


Дәріс №3 Жылжымалы құрам жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері. Вагон айналымы және оның құрылымдық элементтері туралы ұғым. Вагон паркын мөлшерлеу. Локомотив паркын мөлшерлеу.Темір жолдың және желілік бөлімдердің жедел жоспарлаудың мәні мен маңызы. Пайдалану жұмысының техникалық мөлшерлерін орындалуын талдау.

Темір жол көлігіндегі көрсеткіштер екіге бөлінеді:



  • сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық станциялардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

  • сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық станцияларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет