Локомотив шаруашылығы локомотивтерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған. Оның құрамына локомо- тив ғимараттары, шеберханалар жэне жабдықтау құрылғылары кіреді. Локомотивтер жұмысын айналма сызбамен ұйымдастыруда локомотивтерді құммен, отынмен және майлау материалдарымен ағытпай жабдықтау үшін жабдықтау құрылғылары қабылдау-жөнелту паркінде орналасуы мүмкін.
Стансаның дамуына келешекте қиыншылық болмауы үшін ло- комотив шаруашылығының құрылғыларын жүк пойыздарын қабылдау-жөнелту паркіне жақын орналастырады. Локомотив шаруашылығының аумағындағы құрылғылардың орналасуының негізгі сызбасы 6.5-суретте келтіріген..
Вагон шаруашылығы(6.6-сурет) - вагондардың түзу күйін және пойыз құрамында қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін стан- сада құрылады. Оған вагон депосы, вагондарға техникалық қызмет көрсету, вагондарға ағытып ағымды механикаландырған жөндеу, ва- гондарды тасымалдауға дайындау, вагондарға бақылау-техникалық қызмет көрсету қосындары және басқалар кіреді.
1, 2, 3 - жөндеу, 4, 5 - түсіру, 6, 8- жүріс жолдары;7 - жөнделген вагондар және 9 - жөнделетін вагондар түраңтайтын жолдар; 10- қосдоңгалақтар түсіру жолдары; 11- қосдоңгалақтар мен арбашаларды бүру жолдары мен 12 - олар тұратын парк 6.6-сурет. Телімдік стансадағы вагон депосының негізгі сызбасы
Вагондарға техникалық қызмет көрсету және автотежеуіштерді тек- серу қосынын қабылдау-жөнелту паркінің қарамағына орналастырады.
Вагон депосының аумағында жөндеу және тұрақтау жолдары (жөндеуді күтудегі немесе жөнделген вагондар), қос доңғалақтар, ағаш материалдары, жанар-жағар майлары, қосалқы бөлшектер және басқалар түсіретін жолдар қүрылады.
Вагондарга техникалық цызмет көрсету қосындары телімдік стансаларда вагондардың техникалық ақауларын тауып және оларды қүрамнан ағытпай жөндеу үшін қүрылады.
Вагондарга күнделікті агытып жөндеу қосындары вагондарды жаппай тиеуге дайындау стансаларында қүрылады. Вагондарды беру- ге ыңгайлы болуы үшін мүндай қосындар сүрыптау паркінің қасына орналастырылады.
Вагон депосы жоспарының мысалы 6.6-суретте көрсетілген. Телімдік стансада жол (ПЧ), сигнализация және байланыс (ШЧ), электрмен жабдықтау (ЭЧ) дистансаларының пайдалану-жөндеу ба- залары жэне т.б. орналасады.