Тасымалдауға болмайтын жағдайлар



бет3/6
Дата04.11.2023
өлшемі205,5 Kb.
#122170
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Òàñûìàëäàó?à áîëìàéòûí æà?äàéëàð

Мақал
Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:

  1. Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

  2. Ой нақты айтылады.

  3. Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.

Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,
Жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.


Мәтел
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:

  1. Көбіне бір бөлімді болады.

  2. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.

  3. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.

Көппен көрген- ұлы той.


Әлін білмеген әлек.
Ел құлағы – елу.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
Нақыл сөз
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,
мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы:
Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)


Омоним
Омоним - дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
Мысалы: «Жақ» сөзінің омонимдік мағыналары:
Адамның жағы
От жақ
Оң жақ
Маған жақ бол
Қара бояу жақ
Омонимдердің жасалу жолдары:

  1. жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс),

жастық (жас+тық);

  1. Кірме сөз арқылы: бақ (парсышы – бақт), сап (арабша – саф);

  2. сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет