В) Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:
1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.
2. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.
3. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат (физика-математика) т.б.
4. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б.
Сондай-ақ қысқарған сөздерге шартты таңбалар да жатады. Мысалы, см (сантиметр), га (гектар), кв (киловатт), т.б. (тағы басқалар), т.с.с. (тағы сол сияқтылар)
Қысқарған сөздердің 1, 2-түріне және шартты таңбаларға қосымшалар сызықша арқылы жалғанады. Мысалы, ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге т.б.
Г) Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес.
Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, ұзақ ауыл, шалғай ауыл, ауылдың ең ұзағы т.б.
Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп бір ғана мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек «тез» деген мағынаны бермейді.
Тәуелдік жалғауы
Жақ
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
І жақ
|
-м, -ым, -ім
|
-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
|
ІІ жақ
|
-ң, -ың, -ің
|
-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
|
|
-ыңыз, іңіз, -ңыз, -ңіз
|
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
|
ІІІ жақ
|
-сы, -сі, -ы, -і
|
-сы, -сі, -ы, -і
|
Жақ
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
І жақ
|
Менің үйім, қаламым
|
Біздің үйіміз, маламымыз
|
ІІ жақ
|
Сенің үйің, қаламың
|
Сендердің үйлерің,
қаламдарың
|
|
Сіздің үйіңіз,
Қаламыңыз
|
Сіздердің үйлеріңіз,
қаламдарыңыз
|
ІІІ жақ
|
Оның үйі, қаламы
|
Олардың үйі, қаламы
|
Септік жалғауы
Атау
|
Кім? Не?
|
|
Ілік
|
Кімнің? Ненің?
|
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
|
Барыс
|
Кімге? Неге? Қайда?
|
-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не
|
Табыс
|
Кімді? Нені?
|
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
|
Жатыс
|
Кімде? Неде? Қайда ?
|
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
|
Шығыс
|
Кімнен? Неден?
|
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
|
Көмектес
|
Кіммен? Немен?
|
-мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, пенен
|
|
|
Жай септеу
|
Тәуелді септеу
|
А. Үй
|
А. Үйім
|
І. Үй-дің
|
І. Үй-ім-нің
|
Б. Үй-ге
|
Б. Үй-ім-е
|
Т. Үй-ді
|
Т. Үй-ім-ді
|
Ж. Үй-де
|
Ж. Үй-ім-де
|
Ш. Үй-ден
|
Ш. Үй-ім-нен
|
К. Үй-мен
|
К. Үй-ім-мен
|
Жіктік жалғауы
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен дәрігермін, оқушымын
|
Біз дәрігерміз, оқушымыз
|
ІІ
|
Сен дәрігерсің, оқушысың
Сіз дәрігерсіз, оқушысыз
|
Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар
|
ІІІ
|
Ол дәрігер, оқушы
|
Олар дәрігерлер, оқушылар
|
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен келемін, барамын, іштім
|
Біз келеміз,
барамыз, іштік
|
ІІ
|
Сен келесің, барасың, іштің
Сіз келесіз,
барасыз, іштіңіз
|
Сендер келесіңдер, барасыңдар, іштіңдер
Сіздер келесіздер, барасыздар, іштіңіздер
|
ІІІ
|
Ол келеді, барады, ішті
|
Олар келді, барды, ішті
|
Сын есім
Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?
Қ ұрамына қарай:
Дара сын есім
|
Күрделі сын есім
|
Бір ғана сөзден тұрып, заттың сындық белгісін білдіреді.
|
Кемінде екі сөздің тіркесуінен және қосарлануынан болып, заттың сындық белгісін білдіреді.
|
ақ, бойшақ, малды, баласыз.
|
ақ киімді, қара торы, тап-таза, көп балалы,өте жақсы.
|
Тұлғасына қарай:
Негізгі сын есім
|
Туынды сын есім
|
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйіндегі сын есім.
|
Сөзге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған сын есім.
|
сары, таза, тәтті, терең, жұқа, нашар.
|
көш-пелі, кеше-гі, оқы-мысты, әл-сіз, сөз-шең
|
Мағынасына қарай:
Сапалық
|
Қатыстық
|
Заттың сын-сипатын анықтайтын төл сын есімдер.
|
Сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.
|
сұр, қызылдау, жақсы, үлкен, көкпеңбек.
|
бой-шаң адам, өнер-лі бала, ас-палы шам, аш-ық есік.
|
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Есім сөздерден сын есім жасайтын
|
Жұрнақтар
|
мысалдар
|
1. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті:
2. –сыз, -сіз:
3. –ғы, -гі, -қы, -кі
4. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:
5. –шыл, -шіл:
6. –шаң, -шең:
7. –дай, -дей, -тай, -тей:
8. –қой, -қор, -паз, -кер, -гер:
9. –и, -ы, -і:
|
1. далалы, орманды;
2. баласыз, үйсіз;
3. жазғы, ішкі;
4. жастық (шақ), жылдық;
5. ұйқышыл, кекшіл;
6. сөзшең, бойшаң;
7. тастай, судай;
8. сәнқой, әуесқой;
9. тарихи, қазақы;
|
Етістіктен сын есім жасайтын
|
Жұрнақтар
|
мысалдар
|
1. –ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек:
2. –ық, -ік, -қ, -к:
3. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш:
4. –ғыр, гір, -қыр, -кір:
5. –шақ, -шек:
6. –ынды, -інді, -нды, -нді:
7. –малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі:
8. –ымды, -імді, -мды, -мді:
9. –аған, -еген:
10. –улы, -улі:
11. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе:
12. –ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі:
|
1. жабысқақ, үркек;
2. ашық, ақсақ;
3. білгіш, айтқыш;
4. тапқыр, алғыр;
5. ұялшақ, сүріншек;
6. асыранды, үйінді;
7. созбалы, аспалы;
8. шыдамды;
9. сүзеген, қабаған;
10. ілулі, асулы;
11. қызба, бөспе;
12. басыңқы, көтеріңкі;
|
Үстеуден сын есім жасайтын
|
Жұрнақ
|
мысал
|
- қы
- кі
- ғы
- гі
|
кешегі
бұрынғы
|
Есімдіктің септелуі
Атау
|
мен
|
сен
|
ол
|
бұл
|
ешкім
|
Бәрі
|
Ілік
|
менің
|
сенің
|
оның
|
бұның
|
ешкімнің
|
Бәрінің
|
Барыс
|
маған
|
саған
|
оған
|
бұған
|
ешкімге
|
Бәріне
|
Табыс
|
мені
|
сені
|
оны
|
бұны
|
ешкімді
|
Бәрін
|
Жатыс
|
менде
|
сенде
|
онда
|
бұда
|
ешкімде
|
Бәрінде
|
Шығыс
|
менен
|
сенен
|
одан (онан)
|
бұдан
|
ешкімнен
|
Бәрінен
|
Көмектес
|
менімен
|
сенімен
|
онымен
|
бұнымен
|
ешкіммен
|
Бәрімен
|
Есімдіктердің тәуелденуі
|
ол
|
бұл
|
мынау
|
кім
|
өз
|
Менің
|
оным
|
бұным
|
мынауым
|
кімім
|
өзім
|
Сенің
|
оның
|
бұның
|
мынауың
|
кімің
|
өзің
|
Сіздің
|
оныңыз
|
бұныңыз
|
мынауыңыз
|
кіміңіз
|
өзіңіз
|
Оның
|
онысы
|
бұнысы
|
мынауы
|
кімі
|
өзі
|
Біздің
|
онымыз
|
бұнымыз
|
мынауымыз
|
кіміміз
|
өзіміз
|
Сендердің
|
оларың
|
бұларың
|
мынауларың
|
кімдерің
|
өздерің
|
Сіздердің
|
оларыңыз
|
бұларыңыз
|
мынауларыңыз
|
кімдеріңіз
|
өздеріңіз
|
Олардың
|
Олары (онысы)
|
бұнысы
|
мынауы
|
кімдері
|
өздері
|
Қосымша:
А) Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те: аяқта, өкпеле, қолда, арала, балтала, ноқтала, көгенде, шегеле, үтікте, жоғарыла, тұрақта, майла, алтында, жазала, жаманда, жаңала, ұсақта, екеуле, үшеуле, төменде, ілгеріле, жымыңда, күлімде, сүйрелеңде, аухаула, байбайла, ойбайла, үһле, құраула, т.б.
2. –лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен: ой-лан, таза-лан, әдет-тен, жалқау-лан, рух-тан, рақат-тан, үй-лен, күдік-тен, ашу-лан т.б.
3. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: көмек-тес, бәс-тес, бір-лес, пікір-лес, сыр-лас, ақыл-дас т.б.
4. –лат, -лет, -дат, -дет: ән-дет, тез-дет, дауыл-дат, түнде-лет т.б.
5. –а, -е: ата, дем-е, жи(ы)н-а, сын-а, мін-е, салдыр-а, тең-е т.б.
6. –ай, -ей, -й: күш-ей, мұң-ай, көр(і)к-ей, зор-ай, ұл(ы)ғ-ай, т.б.
7. –қар, -кер, -ғар, -гер: бас-қар, ес-кер, аң-ғар, су-ғар, тең-гер т.б.
8. –ар, -ер, -р: жаңа-р, ескі-р, өзге-р, жақс-ар, қысқа-р, бұлт-ар, қалт-ар, қыз-ар, ұз-ар т.б.
9. –ал, -ел, -ыл, -іл, -л: жоғ-ал, оң-ал, су-ал, сұй-ыл, тар-ыл, тең-ел т.б.
10. –ық, -ік: бір-ік, дән-ік, ор(ы)н-ық, тын-ық т.б.
11. –сы, -сі, -ымсы, -імсі: батыр-сы, пысық-сы, көлгір-сі, үлкен-сі, білген-сі, оқығаным-сы т.б.
12. –сын, -сін: жат-сын, адам-сын, жақын-сын, пысық-сын, көп-сін, аз-сын т.б.
13. –сыра, -сіре: әл-сіре, қан-сыра, жетім-сіре, ой-сыра т.б.
14. –ра, -ре, -ыра, -іре: бұрқ-ыра, күрк-іре, дүрк-іре, жарқ-ыра, сарқ-ыра т.б.
15. –ырай, -ірей: кіші-рей, тік-ірей, тас-ы-рай, бақ-ырай, баж-ырай т.б.
Ә) Күрделі етістік негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуінен жасалады. Мысалы, бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік). Ал егер күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ал етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.
Б) Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе береді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.
Есімше мен көсемше
Етістіктің мағыналық ерекше түрлері
Есімше Көсемше
Есімше
Ереже
|
Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі
|
Қызметі
|
Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.
|
Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады.
|
Жұрнақтары
|
1. –ған, -ген, -қан, -кен: ал-ған, кел-ген;
2. –ар, -ер, -р:бар-ар, жүр-ер;
3. –атын, -етін, -йтын, -йтін: жаз-атын, өр-етін;
4. –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек: бар-мақ
|
Көсемше
Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі
|
Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, үстеудің қызметін атқарады.
|
Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады.
|
1. –а, -е, -й: бар-а-ды, кел-е-ді;
2. –ып, -іп, -п: шығ-ып, ез-іп;
3. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі: ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы;
|
Есімшенің есімдерше тәуелденіп есім сөздің қызметін атқаруы
Жекеше
|
І
|
айт-қан-ым
|
айт-ар-ым
|
айт-атын-ым
|
айт-пағ-ым
|
ІІ
|
айт-қан-ың
айт-қан-ыңыз
|
айт-ар-ың
айт-ар-ыңыз
|
айт-атын-ың
айт-атын-ыңыз
|
айт-пағ-ың
айт-пағ-ыңыз
|
ІІІ
|
айт-қан-ы
|
айт-ар-ы
|
айт-атын-ы
|
айт-пағ-ы
|
Көпше
|
І
|
айт-қан-ымыз
|
айт-ар-ымыз
|
айт-атын-ымыз
|
айт-пағ-ымыз
|
ІІ
|
айт-қан-дарың
айт-қан-дарыңыз
|
айт-ар-ларың
айт-ар-ларыңыз
|
айт-атын-дарың
айт-атын-дарыңыз
|
|
ІІІ
|
айт-қан-дары
|
айт-ар-лары
|
айт-атын-дары
|
|
Есімшенің есімдерше септеліп есім сөздің қызметін атқаруы
Атау
|
айт-қан
|
айт-ар
|
айт-атын
|
айт-па-с
|
Ілік
|
айт-қан-ының
|
айт-ар-ының
|
айт-атын-ының
|
айт-па-с-ының
|
Барыс
|
айт-қан-ға
|
айт-ар-ға
|
айт-атын-ға
|
айт-па-с-қа
|
Табыс
|
айт-қан-ды
|
айт-ар-ды
|
айт-атын-ды
|
айт-па-с-ты
|
Жатыс
|
айт-қан-да
|
айт-ар-да
|
айт-атын-да
|
айт-па-с-та
|
Шығыс
|
айт-қан-нан
|
айт-ар-дан
|
айт-атын-нан
|
айт-па-с-тан
|
Көмектес
|
айт-қан-мен
|
айт-ар-мен
|
айт-атын-мен
|
септелмейді
|
Есімшенің жіктеліп етістіктің қызметін атқаруы
Жекеше
|
І
|
айт-қан-мын
|
айт-ар-мын
|
айт-атын-мын
|
айт-пақ-пын
|
ІІ
|
айт-қан-сың
айт-қан-сыз
|
айт-ар-сың
айт-ар-сыз
|
айт-атын-сың
айт-атын-сыз
|
айт-пақ-сың
айт-пақ-сыз
|
ІІІ
|
айт-қан
|
айт-ар
|
айт-атын
|
айт-пақ
|
Көпше
|
І
|
айт-қан-быз
|
айт-ар-мыз
|
айт-атын-быз
|
айт-пақ-пыз
|
ІІ
|
айт-қан-сыңдар
айт-қан-сыздар
|
айт-ар-сыңдар
айт-ар-сыздар
|
айт-атын-сыңдар
айт-атын-сыздар
|
айт-пақ-сыңдар
айт-пақ-сыздар
|
ІІІ
|
айт-қан
|
айт-ар
|
айт-атын
|
айт-пақ
|
|
|
|
|
Есімдерше түрленеді
|
Көптеледі
|
Тәуелденеді
|
Септеледі
|
жүгірулер,
жарысулар,
тексерулер
|
І) айту-ым, айту-ымыз
ІІ) айту-ың, айту-ларың
ІІ) айту-ыңыз, айту-ларыңыз
ІІІ) айту-ы, айту-лары
|
Ілік: білу-дің
Барыс: білу-ге
Табыс: білу-ді Жатыс: білу-де
Шығыс: білу-ден
Көмектес: білу-мен
|
Тұйық етістік
Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.
Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады.
|
Негізгі етістік
Туынды етістік
Болымсыз етістік
Етіс
|
у
|
қара-у
ойна-у
алма-у
оқыт-у
|
Тұйық етістіктің емлесі
|
й+у=ю
|
и+у=ю
|
ы+у=у
і+у=у
|
йы+у=ю
йі+у=ю
|
у+у=уу
|
қ+у=ғу
к+у=гу
|
п+у=бу
|
жай+у=жаю
қой+у=қою
|
жи+у=жию
қи+у=қию
|
оқы+у=оқу
жекі+у=жеку
|
байы+у=баю
кейі+у=кею
|
жу+у=жуу
қу+у=қуу
|
жақ+у=жағу
төк+у=төгу
|
жап+у=жабу
кеп+у=кебу
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |