Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
 
 
 
 


15 

БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
КОММУНИКАТИВТІК 
КРЕАТИВТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігін қaлыптacтыpу – психологиялық-педагогикалық проблема 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мақсаты
– әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары 
сапасын қамтамасыз етуге, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге, ӛздігінен білім алуға, ӛзін-ӛзі 
дамытуға, ӛзін-ӛзі іске асыруға, ӛзін-ӛзі тануға және кәсіптік білім беру 
бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре 
білетін, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. 
Сондықтан бүгінде білім алушыларға мүмкіндігінше білімнің үлкен қорын 
беру емес, оның жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуын қамтамасыз 
ету, білімді игеруге дағдыларын арттыру маңызды болып табылады. Мақсатқа 
жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып 
отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана 
қоймай, олардың ӛзегіне айналады. 
Оның үстіне бүгінгі таңдағы қоғам ӛмірінің барлық саласындағы 
ӛзгерістер, қандай саладағы болсын атқарылар істің нәтижеге бағдарлануы 
еліміздегі білім беру саласына да ӛз әсерін тигізуде. Жоғары оқу орнындағы 
білім беру ісі заман талабына сай болу үшін педагогикалық ғылымдардың 
жетістіктерін ӛз тәжірибелерінде қолдана білетін, шығармашылықпен 
ойлайтын, ӛзінің кәсіби қызметіне талдау жасап, дамыта алатын мұғалімдер 
қажет.
Осыған орай жоғары педагогикалық оқу орындарында кәсіби жоғары 
деңгейде даярланған, шығармашылық қабілеті дамыған, алдына қойылған 
мәселелерді тез әрі сапалы түрде шеше алатын креативті мұғалім тұлғасын 
қалыптастыру қажет. Креативті білім беру үдерісі білімгерлерге білім берудің 
әрбір деңгейінде ағымдық шығармашылық әлеуетін дамытуға ғана емес, алдағы 
уақытта ӛзін-ӛзі тануға, шығармашылық ӛзіндік дамуға, объективті ӛзіндік 
бағалауға қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Заманауи білім беру 
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің креативтілігінің қалыптасуына, ал ол 
ӛз кезегінде кәсіби құзыреттерді меңгерумен байланысты іске асырылуы 
тиістігін кӛрсетеді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің креативтілігі білім беру мен тәрбие 
жұмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ерекше жаңа идеяларды табу 
мен оны іске асыруға қабілеттілігі және кәсіби қызметте кездесетін 
проблемаларды ұдайы оңтайлы шешуге даярлығы ретінде анықталады. 
Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда 
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға негізделген білім беруді іске 
асыру қажеттілігі артады. 
Ӛйткені мемлекетте жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және 
саяси ӛзгерістер жас ұрпаққа, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына білім мен 


16 
тәрбие беруді жаңа Қазақстан құру жағдайында жаңаша жүргізуді, рухани және 
жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруды талап етіп отыр.
Осыған байланысты бастауыш мектептің негізгі міндеті – балалардың 
бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау 
және дамыту. Бұл сатыда оқыту мен тәрбиелеу оқу іс-әрекетінің негізі мен 
іскерліктерін қалыптастыруға, оқу, жазу, есептеу, қарым – қатынас жасай алу 
және ынтымақтастықты сақтау тәжірибелерінің берік дағдыларын меңгертуге 
бағытталған. Бастауыш мектеп оқушылардың шығармашылықпен ӛз 
мүмкіндіктерін пайдалана алу, мінез-құлық мәдениетінің элементтерін 
меңгерту дағдыларының негізін қалап, негізгі мектептің білім беру 
бағдарламаларын меңгерте отырып, жеке гигиена мен салауатты ӛмір 
салтының негізін оқытады [97, б. 25].
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне
бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың
иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттерімен ӛз кӛзқарасы
тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес ӛз
жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп, қарастыратын,
осыған орай кӛп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап
құруға кӛмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы
алынатындығы атап кӛрсетілген» [97, б. 18].
Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігн қалыптастыру орта білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру 
мазмұнын іске асыруда ерекше маңызға ие екендігі айқындалады. Осы тұста 
жаңартылған білім мазмұнының сипатына қысқаша тоқталып ӛтуді жӛн кердік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет