Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
2) Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің танымдық, шығармашылық іс-
әрекеттерін дамыту (С.Жиенбаева, А.Ж.Құрақбаева, М.З.ДЖанбубекова, 
С.Е.Архипова, А.С. Джуманазарова). 
А.Ж. Құрақбаева зерттеу жұмысында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ӛзін-ӛзі тану пәнін ендіруге даярлауды ғылыми тұрғыдан 
тұжырымдаған. Ендіру барысында адами қарым-қатынас мәселелеріне аса ден 
қойған [ 104 ]. 
С.Н.Жиенбаева бастауыш сынып оқушысының еңбек іс-әрекетін дамытуда 
болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-тұлғалық сапаларының дамуына, 
соның ішінде шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптасуына мән берген [87, б. 
75]. 
М.З.Джанбубекованың ӛзінің пайымдауында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау мәселесін жаһандану 
жағдайында талдай келе, мамандыққа бейімделу, танымдық-кәсіби іс-әрекетте 
студенттің кӛкейкестенуі, студенттердің кәсіби іс-әрекетінің қалыптасуы 
танымдық-қызметтік тәсілінің жүзеге асуы, студенттің педагогикалық зерттеу 
кезіндегі ӛзін-ӛзі шығармашылыққа баулу сияқты кезеңдермен айқындалады 
деп кӛрсетті. Ғалымның жан–жақты талдауынан, біз, болашақ мамандардың ӛз 
кәсібін әлеуметтік нормаларын түсінуінен, әлеуметтік үдеріс жасау арқылы 
ӛзінің кәсіби ортасын құрай алатын, содан соң қызмет жасауда ӛзін-ӛзі 
ӛзектендіретін, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, шабыттана алатын 
педагогтың кейпін кӛруге болады [105].
С.Е. Архипова оқушылардың математикалық ойлауларының дамуына 
басшылық етуге болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң даярлығын жеке 
тұлғаның бiртұтас құрылымы ретiнде қарастырып, оған психологиялық, 
ғылыми-теориялық, практикалық және психофизиологиялық даярлықты 
жатқызады [106]. 
А.С. Джуманазарова болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерінің 
зерттеушілік құзіреттілігін қарастыруда олардың шығармашылық ойлау, 
логикалық ойлау, аналитикалық ойлау, интеллектуалдық іс-әрекеті, танымдық 
іс-әрекеттерін зерделеген [107].
3) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас жасау 
мәдениетін, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру (О.В.Баранова) 


22 
О.В. Баранова қолданылатын бакалаврдағы болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің коммуникативтік құзіреттілігі мен ақпараттық қалыптастыру 
шарттарын қарастырған [108]. 
4) Кіші мектеп жасы оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін, 
шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту бойынша бастауыш 
сынып оқушысын шығармашылыққа баулу процесін арнайы үйымдастыру, осы 
бағытта оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу С. Н.Жиенбаев [87], 
Ғ.Бегалиев [109], Ә.Қоңыратбаев [110], Б.Қабатай [111], М.М.Книсарина [112]
т.б. зерттеулерінде және еңбектерінде педагогикалық түрде шешілу жолдары 
кӛрсетіледі, М.М. Книсарина кіші мектеп жасындағы оқушылардың басқару 
біліктерін қалыптастыру жӛнінде, оқушылардың басқару біліктерінің 
қалыптастырудың теориялық негіздерін, қалыптастыру кезеңдерін, мазмұны 
мен мәнін ӛз зерттеуінде жан-жақты зерттеген болатын. Ә.С. Әмірова 
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру-
дың теориясы мен практикасында - бастауыш сыныптарда ақпараттық 
технологияларды қолданудың тиімділігін, оқу материалын кӛрнекі де түсінікті 
формада ұсынумен бірге мұғалімге сабақта компьютерлік тест, ойын түріндегі 
бақылау жұмыстарын қолдану арқылы оқушының материалды меңгеруі туралы 
жедел әрі объективті мәлімет алуға және оны дер кезінде түзетуге мүмкіндік 
берумен түсіндіреді. Сонымен қатар әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, 
бейнелеу ӛнері, қазақ тілі, технология сабақтарында компьютердің кӛмегімен 
қозғалмалы 
кӛрнекі 
құралдардың 
жетіспеушілігі 
мәселесін 
шешуге 
кӛмектесетіндігін басымдылықпен айтып ӛтен. 
5) Кіші мектеп жасы оқушыларының коммуникативтік іс-әрекетін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет