32
мазмұнын талдауда креативтiлiктi дамыту бойынша теориялық және
технологиялық тәсiлдер негiзге алынғандығын кӛрсеттi.
Алғашқы тәсiлдiң мәнi креативтiлiктiң дамуына психологиялық-
педагогикалық шарттарды құрумен тұжырымдалады. Осы тұрғыда жасалған
бiрқатар зерттеулердi қарастырайық.
О.В.Сорокина креативтiлiктi болашақ психологтардың кәсiби-мәндi
сапасы ретiнде қарастырса [138], И.А. Ледовских «Болашақ педагог-
психологтардың жоғары оқу орнында оқу арқылы креативті ойлауын дамыту»
тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, бiлiмгерлердiң креативтiк
ойлауын
дамыту шартында психологиялық-педагогикалық қалыптастырудың жолдарын
ұсынған [139].
Е.Е.Щербакованың
диссертациялық
зерттеуінде
педагогикалық
креативтiлiктiң мәнi коммуникативтi және дидактикалық креативтiлiктердiң
синтезi ретiнде негiзделген. Автор тарапынан бiлiмгерлердiң ӛздерiн
шығармашылық сезiнулерiнiң және шығармашылық қабiлеттерiнiң тұлғалық
кӛрсеткiштерiн
педагогикалық
креативтiлiктiң
құраушылары
ретiнде
айқындауда жүйелiк тәсiл қолданылған [28, б. 45].
Ю.Р. Варлакова ӛзiнiң жоғары оқу орнында педагогикалық бiлiм берудегi
болашақ бакалаврлардың креативтiлiгiн қалыптастыру туралы еңбегiнде
креативтiлiктi: «бiртұтастықты, «ӛмiрлiк форматты», проблема-лылықты,
контекстiлiктi және т.б. сипаттайтын практикалық бiлiмдердi iске қосу есебiнен
ӛзiндiк ӛмiрлiк тәжiрибе есебiнен бiлiм беру мазмұнын байыту, бiлiмгерлердi
кәсiби
мiндеттердi шешу, бойынша iс-әрекеттерге тарту, таңдалған мамандық
контекстiнде креативтiлiкке қатынас пен тәжiрибенi қайта қарастыру және т.б.;
бiлiм беру процессiнiң проблемалық сипатын қамтамасыз ету» деп анықтайды.
Аталған зерттеу жұмысында бiлiмгерлердiң оқытудың белсендi әдiстерiн
пайдалану, ситуациялық тапсырмаларды орындауда топпен жұмыс жасау және
оқудан тыс iс-әрекеттерi қарастырылған [140].
И.В.Шовгурова зерттеу жұмысында алғаш рет креативтiлiк болашақ
мұғалiмнiң этномәдени дәстүрлер мен ӛзiнiң жеке мәдениетiн бiрiктiру
контекстiнде оны кәсiби iс-әрекеттi орындауға бағдарлайтын негiзгi кәсiби
қабiлеттiлiгi ретiнде қарастырылған. Сонымен қатар,
аталған iс-әрекеттiң
ерекшелiгi технология пәнi шеңберiнде кӛрсетiлген, этномәдени дәстүрлердiң
шығармашылық компонентi анықталып, оны технология пәнi мұғалiмiнiң
педагогикалық практикасында пайдалану мүмкiндiктерi кӛрсетiлген [141].
Қ.М.Нағымжанова «Инновациялық бiлiм беру ортасында педагогикалық
креативтiктi қалыптастыру» атты монографиялық зерттеу жұмысында -
университеттiң инновациялық бiлiм беру ортасында студенттердiң педаго-
гикалық креативтiгiн қалыптастыруды бiлiм берудiң теориялық және
әдiстемелiк мәселелерiн шешуге қатысты жүргiзiп, оның деңгейлерiнiң ӛзара
байланысын тәжiрибелiк-эксперименттiк зерттеу барысында дәлелдеген.
Инновациялық бiлiм беру ортасында студенттердiң педагогикалық кре-
ативтiгiн қалыптастырудың педагогикалық жүйесiн жасаған [32, б. 78].
Сонымен қатар, «педагогикалық креативтiк –
оқу-тәрбие мiндеттерiн
педагогтiң соны, жоғары тиiмдiлiкпен шешуi, тәрбие мен оқыту теориясы мен
33
тәжiрибесiн байытуы. Педагог еңбегi – ғылым, педагогикалық ӛнер,
таланттылық сияқты бiрлiктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы,
дайындығы мен табиғаты әр түрлi студенттерге бiлiм мен тәрбие беруде
белгiлiнi ӛзгертiп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлiк шығарма-
шылықтың белгiсi.
Ескiлiктi елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, бiрдейдi қабылдамау,
ойлап табу, тудыру, жасап кӛру – жаңашыл оқытушының күнделiктi кәсiби
жағдайы. Креативтiк - барлық әрекеттiң сапа белгiсi, ал
креативтi педагог -
барлық реформаның негiзгi кейiпкерi. Педагогикалық креативтiлік - мәселенi
белгiлi тәсiлдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл
қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешiм қабылдауға әкелетiн әрекет - әр
түрлi деңгейде, бiрнеше кезеңдерден тұратын күрделi психологиялық-
педагогикалық үдерiс» деп анықтаған.
С.А.Нұржанова жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде болашақ
мамандардың креативтi ойлауын қалыптастырудың педагогикалық- психоло-
гиялық
негiздерiн зерттеп, креативтiк ойлауды қалыптастыруды iске асыру
мәселесiн зерттеген [142].
Достарыңызбен бөлісу: