Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

Педагогикалық креативтiлiктiң кӛрсеткiштерi ӛзiндiк шығармашылық 
сезiмдер (ӛзiндiк реттеу, ӛзiндiк бақылау, эмоциональдық тұрақтылық, ерiктiк 
сапалар, қуаныш сезiмi, жұмысқа қабiлеттiлiк деңгейi, адамдарға дұрыс 
кӛзқарас) және шығармашылық қабiлеттер (тапқырлық, үйлестiру мүмкiндiгi, 
дивергенттi ойлау, визуальды шығармашылық, ассоцациялау қабiлеттiлiгi).
О.В.Синяеева топтағы психологиялық ахуалдың студенттердiң тұтастай 
тұлғалық және дербес жағдайда ЖОО-ның кӛпмәдениеттiк ортасы жағдайы 
шартында коммуникативтiк креативтiлiгiнiң дамуына ықпалын зерттедi [143].
И.В.Морозов, В.Чернелевский оқытушының құзырлығы және шығар-
машылық потенциалды дамытуды зерттеп, педагогикадағы коммуникативтiк 
креативтiлiктi кәсiби сапа ретiнде қарастырады. Коммуникативтiк креативтi-
лiктiң құраушы компоненттерiн анықтайды [27, б. 58].
Алғаш 
рет 
«коммуникативтік 
креативтілік» 
(қарым-қатынастағы 
креативтілік) туралы 1965 ж. бұл құбылысты ӛзара қарым-қатынастағы 
«ашықтық пен коммуникация» ретінде X. X. Андерсон анықтаған. 
Қарым-қатынастағы 
шығармашылыққа 
қабілеттілікті: 
ресейілік 
психологтар «коммуникативтік креативтілік» (Т.А.Барышева, А.А.Голованова, 
Н.В.Мартышкина, Т.Ю.Осипова), «қарым-қатынас саласындағы креативтілік» 
(С.Ю.Канн, У.В.Кала), «лингвистикалық креативтілік» (Г.А.Халюшова), 
«әлеуметтік-психологиялық креативтілік» (Н.А.Тюрьмин, К.М. Романов) 
еңбектерінде қарастырылған. 
У.В.Кала зерттеулерінде «қарым-қатынастағы креативтілік» ұғымын 
пайдаланады. Бұл креативтілік түрін кең мағынада түсіну қарым - қатынасқа 
шығармашылық кӛзқарасты, тар мағынада - оның осы қарым-қатынасқа 
қосылуын білдіреді. Осы құбылыстың мәнін У.В.Кала ӛз мінез-құлқын ӛзгерту 
қабілеті мен білігінен, қазіргі жағдайды ӛзгертуге дайындықтан тұрады деп 
тұжырымдайды. 


34 
Бірқатар 
ғалымдардың 
зерттеулеріне 
сәйкес, 
коммуникативтік 
креативтіліктің мәні шығармашылық әлеуетпен - коммуникацияда кӛрініс 
беретін ішкі ресурстармен (И.В.Жилова, Т.Ю.Осипова және т.б.); дивергенттік 
ойлаумен (J.Guilford, Е.Торрансе және т.б.); тұлғаның коммуникативтік ӛзегі 
(А.А.Бодалев); әлеуметтік интеллектпен (А.А.Голованова) анықталады.
Коммуникативтi креативтiлiк сұхбатқа сүйенсе, дидактикалық ӛзiне 
жиналған бiлiм мен дәстүрлердi, шығармашылыққа қабiлеттiлiктi бiрiктiредi.
Бұл жағдайда оның құрамында коммуникативтiк iс-әрекеттi iске асыруда 
танымдық қабiлеттердiң процессуалдық сипаттамасының басым-дығы 
коммуникативтi және интеллектуальдық креативтiлiктiң ӛзара бай-ланысын 
кӛрсетедi. Коммуникативтi креативтiлiктiң макроқұрылымы тұлғаның үзiлiссiз-
иерархиялық құрылымы контекстiнде анық қарастырыла-ды.
Тұлғаның аталған қасиеттерiнiң жүйесi контекстiнде коммуникативтi 
креативтiлiктi талдау бұл қасиеттi қарастырылған деңгейлер ӛзара бай-ланысты 
болатын тұлғаның үздiксiз қалыптасуы ретiнде қарастыруға болады. Айтылған 
тұжырымдама негiзiнде коммуникативтi креативтiлiк тұлғаның қасиетi ретiнде 
түрлi деңгейде кӛрiне алады деп жорамалдауға болады. Коммуникативтік 
креативтілік ұғымыныа ғалымдардың берген анықтамаларын 4-кестеде 
кӛрсетеміз. 
Кесте 4 - Коммуникативтік креативтілік ұғымына берілген анықтамалар 
Авторлар 
Анықтама мазмұны 


J.Sikоrа 
Коммуникативтiк креативтiлiк сұхбат пен импровизацияға 
сүйеніп, дидактикалық ӛзiне жиналған бiлiм мен 
дәстүрлердi, шығармашылыққа қабiлеттiлiктi бiрiктiреді 
Е.В.Цуканова 
қарым-қатынас пен iс-әрекеттегi ӛзгермелi жағдайларға 
қатысты 
жеке 
коммуникативтiк 
мiнез-құлықты 
оңтайландыруға бейiмдiлiк қабiлетi
М.С.Каган, 
А.М.Эткинд 
қарым-қатынасты шығармашылығы
И.Э.Стрелкова 
А.Л.Южаника 
мiнез-құлық 
тың 
түрлi 
амалдарын 
пайдалануға, 
жаңашылдыққа, идеялардың тың әрi жаңа болуына,
коммуникативтiк ситуацияларға қатынастың қалыпты 
емес болуы 
Д.Б.Богоявленск
ая 
А.В.Брушлински
й
шығармашылық 
iс-әрекетке 
интеллектуалдық 
шығармашылық алғышарт
T.Buzаn,
А.J.Сrорlеу,
N.Kаrstеn, 
J.Knоll 
идеялық торлар, миға шабуыл, келiсу мен қарсылық 
бiлдiрудің қоршаған әлемге ашықтық, бастамашылдық, 
эмоционалдық тұрақтылығын байқататын шығармашылық 
ойлауының белсендiрілуі 


35 
4- кестенің жалғасы 


Е.Ю.Сидоркина 
қарым-қатынас пен iс-әрекеттiң ӛзгермелi жағдайларға 
қатысты ӛзiндiк коммуникативтiк мiнез-құлықты бейiмдi 
оңтайландыруға қабiлеттiлiк, әрi бұл тұлғаның бiрқатар 
психологиялық ерекшелiктерi мен серiктестердiң қарым 
қатынас тәжiрибесiне тәуелдi болады. 
С.И.Макшано, 
Г.В.Рябичкина, 
Н.Ю.Хрящева 
аталған сапаны коммуникацияның нақты шарттарына 
бейiмделудi, 
ұжымға 
кiрiгудiң 
табыстылығын 
қамтамасыз етедi; қарым-қатынас жағдайын ӛзгертуге 
мүмкiндiк бередi, индивидтi ӛзгермелi жағдайларға 
жылдам әрi ықпалды бейiмделуге қабiлеттi 
В.Н.Дружинин
негiзгi кӛрсеткiшi ретiнде қарым-қатынастың ағымдағы 
жағдайын ӛзгертуге қабiлеттiлiк, яғни тiлдiк қарым-
қатынас жасаушы серiктестердiң нақты қойылған 
мақсатқа жету үшiн мiне-құлықтың түрлi тактикаларын 
қолданып қандай да бiр бiрлескен iс-әрекеттi соңына 
дейiн жеткiзу, ӛзара түсiнiстiкке қол жеткiзу, 
түсiнбеушiлiктердi азайту, қақтығыстарды болдырмау 
Т.Ю.Осипова 
тұлғаның интегративтiк сапасы, ӛнiмдi емес қарым-
қатынас 
тәжiрибесiн 
үйлесiмдi 
ӛзгертуге 
шығармашылық қабiлеттiлiк, сонымен қатар жаңа 
мақсаттар, соның iшiнде кедергiлер мен стереотиптер 
қалыптасқан ұстанымдар мен әдеттер шегiнен шығу 
арқылы iске асатын ӛзара әрекеттестiктiң бiрегей 
орталарымен тәсiлдерi
А.М.Матюшкин 
жаңаны табуда мәселенiң қойылуымен шешiлуiнде, 
мүмкiндiктердi болжауда кӛрiнiс табатын зерттеушiлiк 
шығармашылық белсендiлiк 
И.В.Морозов, 
В.Чернелевский 
кәсiби сапа
Т.А.Барышева, 
Ю.А. Жигалов 
шығармашылық 
iс-әрекет 
процесiндегi 
басқа 
адамдармен бiрлескен қызметте креативтiң кӛрiнуi
А.Г.Грецов 
жоғары 
дәрежелi 
анықталмағандыққа 
ие 
коммуникативтiк жағдайларда, яғни табысқа жетуге 
кепiл болатын алдын-ала белгiлi алгоритм жоқ болған 
кезде ӛнiмдi әрекет етуге қабiлеттiлiк 
И.А.Алексеева 
толыққанды, аутенттiк шеттiлдiк қарым-қатынасты 
қамтамасыз ететiн қасиеттердiң, қабiлеттер мен 
iскерлiктердiң жүйесi 
В.Кирякова 
аксиологиялық 
компонентi 
бар, 
тұлғаның 
шығармашылыққа және шығармашылық ӛзiндiк iске 
асыруға бағдарлануы, жоғары құндылық.


36 
Креативтілік 
бойынша 
жасалған 
теориялық 
талдаулар 
мен 
коммуникативтік креативтілікті қалыптастыру тұрғысынан зерттелген 
жұмыстар негізінде коммуникативтік креативтілік түсінігінің құрылымын 
анықтайық. Коммуникативтік креативтілік қарым-қатынастағы шығармашы-
лық, креативтілік тұрғысынан қарастыру қажет. Қарым - қатынастың нақты 
процесі белгісіздіктің, күрделіліктің, болжаусыздықтың, толық емес және 
қарама-қайшылықтың жоғары дәрежесімен сипатталғандықтан, біз адами ӛзара 
іс-қимыл әрқашан шығармашылық процесс (Т. В. Корнилова, 2014) деп айта 
аламыз. 
Қарым - қатынастың шығармашылық табиғатын М.С.Каган, А.М. Эткинд 
қарастырып, қарым-қатынас субъектілердің ортақтығын, жаңа тұтастығын 
туындататын ӛзара іс-қимылының нәтижесі екенін атап ӛтті. 
Олардың кӛзқарасы бойынша қарым-қатынас тұлғааралық және 
тұлғааралық деңгейде шығармашылық сипатқа ие [144]. 
Бұл ретте біз пәндік саладағы креативтілік туралы білімді қарым-қатынас 
саласына ӛзгеріссіз кӛшіру мүмкін емес деп санаймыз, бірақ кейбір 
зерттеушілердің жұмыстарында оларды әмбебап деп қарастыру үрдісі бар. 
М.И.Меерович, Л.И.Шрагина пікірлерінше: «Креативтілік (шығармашы-
лыққа қабілеттілік) іс-әрекет саласына тәуелсіз жалпы негізгі ие» [145]. 
Е.В.Цуканова коммуникативтік креативтілік деп - қарым-қатынастың және 
қызметтің ӛзгермелі жағдайларына қатысты коммуникативтік мінез-құлықты 
бейімдеп оңтайландыру қабілетін түсінеді [146]. 
А.А.Голованованың коммуникативтік креативтілік жеке тұлғаның 
коммуникативтік факторды жандандыру есебінен проблемаларды шешу үшін 
стандартты емес және тиімді жаңа мүмкіндіктер жасау қабілетін, қандай да бір 
коммуникативтік міндетті түбегейлі жаңа немесе жетілдірілген шешуді ашу 
қабілетін білдіреді деген [78, б.50]. 
Д.Б.Богоявленская А.В.Брушлинский шығармашылық iс-әрекетке 
интеллектуалдық 
шығармашылық 
алғышарт 
болып 
табылады 
деп 
тұжырымдайды. Бұл жағдайда оның құрамында коммуникативтiк iс-әрекеттi 
iске асыруда танымдық қабiлеттердiң процессуалдық сипаттамасының 
басымдығы коммуникативтiк және интеллектуальдық креативтiлiктiң ӛзара 
байланысын кӛрсетедi. Коммуникативтiк креативтiлiктiң макроқұрылымы 
тұлғаның үзiлiссiз-иерархиялық құрылымы контекстiнде анық қарастырыла-ды 
[57, б . 58]. 
Т.Ю.Осипова ұсынған тұжырымдамаларында коммуникативтік үдеріс-тегі 
жалпы шығармашылық қабілеттің қарым-қатынастың ӛнімді тәжірибе-сін 
иілгіш және баламалы ӛзгерту қабілетін, сондай-ақ жаңа мақсаттарды, ӛзіндік 
құралдар мен ӛзара іс-қимыл тәсілдерін (жаңа тәжірибе), кедергілерді, 
стереотиптерді, қондырғыларды, ұстанымдар мен әдеттерді «құру» қамтиды 
[77, б. 45].
Коммуникативтi креативтiлiк формальды-динамикалық деңгейде қарым-
қатынастағы креативтiлiктiң формасы мен ӛту динамикасын бейнелейтiн 
қасиеттердiң жиыны ретiнде кӛрсетiлуi мүмкiн.


37 
Екiншi, тұлғалық (мазмұндық) деңгей, ӛзiне коммуникативтi креатив-
тiлiктiң қажеттiлiк-мотивациялық саласымен байланысты кӛрсеткiштердi 
бiрiктiредi. Ал үшiншi деңгей коммуникативтi креативтiлiктiң қоғамдық, 
моральдық, мәдени бiлiмдердiң және т.б. әсерiмен қалыптасатын ерекше-
лiктердi сипаттайды.
М.М.Кабанов коммуникативтi креативтiлiктiң негiзгi үш түрлi кӛрiну 
сапасын анықтайды: 
1) қарым-қатынастың контекстуальдық сипаттамасында (егер қарым-
қатынас тұтастай бiрлескен iс-әрекеттi ұйымдастыру мен iске асыруға 
бағытталған 
болса, 
коммуникативтi 
контекстiң 
iскерлiк 
тақырыпқа 
жақындауы); 
2) қарым-қатынастың функционалдық бағыттылығында (байланысты 
қолдау, ӛзара iс-әрекет координациясы, iс-әрекеттердi ӛзара түзету, ақпарат 
алмасу, функцияларды қайта бӛлiсу); 
3) ӛзара iс-әрекеттердiң опериациональдық амалдарында (коммуника-тивтi 
процесстi уақытша ұйымдастыру, қарым-қатынас құралдары, мен амалдарын 
жаңарту) [147, б. 74]. 
Дегенмен зерттеушiлер тарапынан айтылған ой-пiкiрлердiң негiзгi идея-сы 
коммуникативтi креативтiлiк ерекше типтегi лидерлiк сапаларға ие, әре-
кеттердiң кӛптүрлi нұсқаларын коммуникацияда iске асыруға даяр, күрделi 
коммуникативтi шеше алатын,бастамашыл емес стратегиялардан жылдам әрi 
жеңiс бас тарту, мiнез-құлық стилдерi мен ондағы ӛз рӛлiн ӛзгертуге бейiм
тұлға сипаттамасы «қарым-қатынас шеберi» деген тұжырымға келедi. 
Педагогикамен лингводидактикадағы кӛптеген ғалымдардың зерттеулерi 
бiлiмгерлердiң топтық жұмыстағы коммуникативтi креативтiлiгiн белсен-дiру 
мен iске асыру мәселесiне арналған. Жоғары оқу орнын бiтiрушiлердiң 
сапасына қойылатын талаптардың ӛсуi бiлiм беру үдерiсiне ӛзгерiстер ен-гiзуге 
әкелетiн ғылыми-теxникалық дамудың негiзi болып табылады. Қазiргi уақытта 
iс-әрекетте жоғары сапаға жетудi ӛз бетiнше негiзделген және ық-палды шешiм 
қабылдай алу мен заманауи бiлiм, бiлiк және дағдылар мен iс-әрекеттердi 
меңгермей жүзеге асыру мүмкiн емес. 
Коммуникативтік креативтілікті философиялық кӛзқарас тұрғысынан 
зерттеу жұмыстарын қарастыруда - шығармашылық ойлауға қабiлеттiлiктi, 
шығармашылық бастамашылдықты, адамның мақсаттары мен қажеттiлiктерi-не 
сәйкес табиғи және әлеуметтiк әлемдi ӛзгертуге бағдарланған адамдардың iс-
әрекетiн кӛрсететіндігі айқындалды. Ал педагогикада коммуникативтік 
креативтiлiк проблемалық жағдайлардың тұрғысынан қарастырылуда және 
тұтастай алғанда, үнемi ӛзгеретiн жағдайларда сансыз коммуникативтік 
мiндеттердi шеше бiлу қабiлетi бағы-тында қарастырылады, атап айтқанда 
әртүрлi коммуникативтік жағдайларда оңтайлы шешiмдер қабылдау қабiлеті
[148]. 
Коммуникативтік креативті білім беру үдерісі білімгерлерге білім берудің 
әрбір деңгейінде ағымдық креативтілік әлеуетті дамытуға ғана емес, алдағы 
уақытта ӛзін ӛзі тануға, шығармашылық ӛзіндік дамуға, объективті ӛзіндік 
бағалауға қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ бастауыш сынып 


38 
мұғалімінің коммуникативтік креативтілігі білім беру мен тәрбие 
жұмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ерекше жаңа коммуниктаивтік 
идеяларды табу мен оны іске асыруға қабілеттілігі және кәсіби қызметте 
кездесетін проблемаларды ұдайы оңтайлы шешуге даярлығы ретінде 
анықталады [149]. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімде-рін 
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға негізделген білім беруді іске 
асыру қажет. Келесі тармақшада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың қазіргі жағдайын зерттейміз.
Коммуникативтік креативтілік мәселесіне жасалған теориялық зерттеулер 
аталған ұғымның жалпы сипаттамасымен қатар мазмұны бойынша 
(А.А.Поппель), шешілетін мәселелердің күрделілік деңгейіне байланысты, 
(Е.Ю.Чичук), тегіне қарай (Н.А.Тюрьмина, В.Ю. Писарева), дамуы 
динамикасына байланысты (А.Е.Ильиных), функцинальдық кеңістікке 
(А.Е.Банюхова) және басқа да параметрлерге байланысты пәндік 
креативтіліктен айтарлықтай ерекшеліктерге ие екендігін байқадық.
Бiздiң кӛзқарасымызға коммуникативтi креативтiлiктi интегративтiк тәсiл 
арқылы қарастыратын Т.Ю.Осипованың анықтамасы оңтайлы берілген. Ол 
коммуникативтi креативтiлiктi тұлғаның кіріктірілген сапасы, ӛнiмдi емес 
қарым-қатынас тәжiрибесiн үйлесiмдi ӛзгертуге шығармашылық қабi-леттiлiк, 
сонымен қатар жаңа мақсаттар, соның iшiнде кедергiлер мен стерео-типтер 
қалыптасқан ұстанымдар мен әдеттер шегiнен шығу арқылы iске асатын ӛзара 
әрекеттестiктiң бiрегей орталарымен тәсiлдерi ретiнде қарасты-тырады [77, б. 
86]. 
Ғылыми әдебиеттердегі ғалымдардың берген анықтамаларын талдау 
негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет