үдерiс, креативтiк өнiм, креативтiк тұлға, креативтiк орта (сала, құрылым,
шығармашылық ӛнiмiнiң талаптарын қалыптастырушы). Креативтiк үдерiске
қосыла отырып, болашақ мұғалiм креативтiк ортада креативтiк тұлға
сипаттарын иеленiп, белсендiлiк танытады әрi қарай креативтiк ӛнiмде
белсендiрiледi.
Отандық және шетелдiк психологиялық зерттеу жұмыстарын талдау
креативтiлiкке байланысты бірқатар анықтамаларды айқындауға мүмкiндiк
бердi ( кесте 3).
Кесте 3 – «Креатив» түсінігіне берген ғалымдардың анықтамалары
Автор
Анықтама
1
2
Р. Холлменн
жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны
Кюби
жаңа байланыстар табу қабілеті
Лассуэль
жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті
П.Ш. Маханова
Ж.Қыдырбаева
шығармашылықтың субъективті детерминанты, жүйелі
(кӛпӛлшемді, кӛпдеңгейлі) психикалық құрылым
Меррей
жаңа шығармалардың туындауы
М.С.Бернштейн,
Е.Б.Евладов,
Я.А.Понамарев,
С.П.Торренс,
К.Д.Роджерстер
жеке тұлғаның ӛмір ағымында, жүре байқалатын ерекше қасиеті
немесе жеке адамның мінез-құлқы сипаттамасы
Д.Б.Богоявленская,
А.В.Брушлинский,
О.К.Тихомиров
«креатив» және «шығармашылық потенциал» ұғымдарын бір-
бірінен бӛлмей, оларды шығармашылық әрекетке бағытталған
интеллектуалды-шығармашылық алғы шарттары ретінде
қарастырады
Дж. Гильфорд
дивергентті маңызды сипатты ойлаудың ерекшелігі, ойлау
процестерінің ерекше сапасы, адамның жоғары белсенділігі,
индивидтің ерекше жаңа, біртума
құндылықтарды құруға, стандартты емес ойлауға деген
30
3 - кестенің жалғасы
1
2
терең құрылымын бейнелеуші қабілет
Л.Терстоун
креативті қабілеттер интеллектуалды қабілеттермен пара-пар
еместігі айтылып, креативтіліктің мынадай кӛріністерін
ұсынады: қабылдау жылдамдығы, идеяларды жүйелей алу,
танымдық белсенділіктің интеллектуалды факторлары (зейін
концентрациясы, креативтілік т.б.). жаңа идеяларға сезімталдық,
сананың ерекше күйі
Тейлор
жаңа ұғымға тәжірибені кӛшіру
Я.А. Пономарев
тұлғаның ықпалдастық сапасы
Дж. Гилфорд дивергенттік ойлау
В.Гизелин
жаңа констелляциялық мағыналардың елесі.
Роджерс
жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы, адамның қоршаған
әлеммен байланысындағы шектеулерді жеңіп шығу үшін ӛзінің
ішкі психологиялық әлемін зерттеуі
С.И. Макшанов,
Н.Ю. Хрящева
конструктивті, стандартты емес ойлау мен мінез-құлық, сондай-
ақ ӛзінің тәжірибесін түсіну мен дамытуға қабілеттілік
Р. Арнхейм
бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы»
Д.Б. Богоявленская,
Л.Б. Ермолаева-Томина
интеллектуалдық белсенділік
Т.А. Барышева,
Ю.А. Жигалов
жүйелі (кӛпдеңгейлі, кӛпӛлшемді) психикалық құрылым, ол
интеллектуалдық әлеуетпен қатар, мотивациямен, эстетикалық
даму деңгейімен, экзистенциалдық, коммуникативтік
кӛрсеткіштермен, құзыреттілікпен және т.б. байланысты.
Д.В. Чернилевский
жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті
О.В.Буторина
• шығармашылыққа қабілеттілік;
• зияткерлік шығармашылық;
• айрықша, жаңа нәрсе;
• астарлы ассоциация;
• біртұтас жүйені қайта құрылымдау;
• ақпаратты ерекше кодтау;
• дивергенттік ойлау;
• тұлғаішілік шиеленіс нәтижесі;
• қазіргі бар білімнің аясынан шығу;
• проблеманы, жағдаятты жылдам шешуге мүмкіндік беретін
дәстүрлі емес ойлау
Креатив
ұғымына
берілген
анықтамаларды
талдай
отырып,
ғалымдардың әдебиеттерде краетивті ерекше күй, құбылыс, қабілет, мінез-
құлық сипаттамасы, психикалық құрылым, дәстүрлі емес ойлау, ақыл-ой
ісәрекеті және т.б. тұрғысынан зерттеп, оның жан-жақты қырын ашқанын
байқадық.
Әрине біз де ӛз зерттеуімізде креативтің психикалық құрылым (Маханова
П.Ш., Қыдырбаева Ж) екендігін жоққа шығармаймыз. Алайда біздің зерттеуіміз
оны тұлғаның бойында қалыптастыруға арналғандықтан, бізге креатив ұғымын
қабілет (Дж. Гильфорд, С.И. Макшанов және Н.Ю. Хрящева, Лассуэль, Кюби,
М.А. Холодная) тұрғысынан қарастырған ғалымдардың пікірлері жақын келеді.
31
Осы тұжырымды ойларымызға сүйене келе біз ӛз зерттеуімізде креатив
дегеніміз – жаңа проблемаларды анық қоюда, айрықша жылдам шешуде
маңызды, ерекше стандартты емес ойлаудың жасампаздықпен жарқ етуі
деген анықтаманы береміз. Демек креативті біз құбылыс ретінде қарастыра
отырып, осы құбылыстың тұлға бойында көрінуін креативтілік деп
түйіндейміз.
Ал енді болашақ бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыруды зерттеуде коммуникативтік креативтілік
ұғымының мәні мен мазмұнын, құрылымын анықтаудың қажеттілігі туады. Ол
туралы келесі 1.2 тамақшасында баяндаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |