Білім беру бағдарламасы – білім беру мазмұны мен оқу үрдісін
ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің
нормативтік – басқару құжаттары.
Оқу үдерісі – оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке
тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын
біртұтас педагогикалық үдерістің нақты кӛрінісі.
Мобильді оқыту – мобильді компьютерлік жүйелер мен мобильді
қосымшаларды қолдану арқылы оқыту
6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҰҚК – ұлттық қауіпсіздік комитеті
БҰҰ – біріккен ұлттар ұйымы
СД – сауаттылық Декадасы
ЖОО – жоғарғы оқу орны
БРЖ – баллдық-рейтингтік жүйе
РҒА – Ресей ғылым академиясы
ТТ – топ типтері
ЭТ – эксперименттік топ
БТ – бақылау тобы
ХҚТУ – Халықаралық қазақ түрік университеті
ОҚМУ- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚызМУ – Қызылорда мемлекеттік университеті
7
КІРІСПЕ
Зерттеудің ӛзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру саласын әлемдік деңгейге
кӛтеру бүгінгі күннің басты талабы. Ел президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы
31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...ең алдымен, білім беру
жүйесінің рӛлі ӛзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық
ӛсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын
сыни ойлау қабілетін және ӛз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау
қажет» десе, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «... жоғары білім
беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар
күшейтіледі» деп еліміздегі жоғары білім беру саласының алдында тұрған
міндеттердің аса биік екендігін атап ӛтті [1].
Бұл жағдай әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде жан-жақты кіріктірілген бiлiмге
құмар, күнделiктi ӛзгерiстерге тез бейiмделетiн, ӛз бетiмен креативтi iс-
әрекеттер жасай алатын, кәсіби әлеуетті, зияткер ұлт болашағын
қалыптастыруды талап етуде. Қазақстан Республикасында заманауи бiлiм беру
әлемнiң жетекшi мемлекеттерiнiң бәсекеге қабiлеттi талаптарына және
инновациялық даму моделiнiң стратегиялық дамыту бағытына сәйкес құрылуы
қажеттігін білдіреді. Бiлiм беру жүйесi толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар
даярлауға бағдарланып, жастарды бiлiм берудi ғана емес оны үнемi жаңартуға,
толықтыруға, дүниетанымды кеңейтудi қуана құптайтындай, ойлауды
жетiлдiруге ұмтылдырып, мәдени және рухани құндылықтармен байытуы тиiс.
Бұл міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру бүгінгі бiлiм беру жүйесінен жан-
жақты кіріктірілген бiлiмге құмар, күнделiктi ӛзгерiстерге тез бейiмделетiн, ӛз
бетiмен креативтi iс-әрекеттер жасай алатын, кәсіби әлеуетті, зияткер ұлт
болашағын қалыптастыруды талап етіп отыр. Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасында заманауи бiлiм беру әлемнiң жетекшi мемлекеттерiнiң
бәсекеге қабiлеттi талаптарына және инновациялық даму моделiнiң
стратегиялық даму бағытына сәйкес құрылуы қажеттігін білдіреді.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам
дамуының қарысты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге кӛтеруге
бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық
үрдістер ӛзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары
дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық,
психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті,
шәкірттердің
жан
дүниесіне
терең
үңіліп,
оларды
түсіне білуді талап етеді
.
Ӛйткені нарықтық экономика білім беру мақсаттарын
«білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, ӛзін-ӛзі
дамытатын коммуникативтік әрі креативті адамға» ауыстыруды қажет етіп
отыр.
Осыған орай 2017 жылы мемлекетте бекiтiлген Педагогтың кәсiби
стандартында педагогикалық кәсiби құндылықтар «...бiлiм алушының
тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу; басқа сенiмдерге, әлем
8
мен дәстүрлерге деген кӛзқарастарына - толеранттiлiк бiлдiру; мәдени алуан
түрлiлiгiне ашықтығы; икемдiлiгi, бейiмделу қабiлетi, эмпатияға деген қабiлетi;
тұлға құндылықтарын, тiл мен коммуникацияны түсiну; ӛз бетiмен бiлiм алу,
талдамалық және сыни ойлау дағдылары; коммуникативтiк және тiлдiк
дағдылары; ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабiлетi» деп
анықталған [2].
Ал бұл болса, бүгінгі болашақ педагогтардың коммуникативтік
құзіреттілігінің маңызды негізін құрайтын коммуникативтік креативтілікті
зерттеу қажеттілігін кӛрсетеді. Мұны білім берудің тӛменгі сатысында қызмет
ететін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінен бастаған дұрыс. Ӛйткені
бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұны бастауыш сыныптан бастап ендіріліп
отыр. Осы мақсатта жаңартылған білім беру мазмұнын орта мектепте іске
асыру жоғары білім беру орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау
мазмұнын қайта қарауды, оның мазмұнын жаңа әдістемелермен толықтыруды
талап етеді, бұл біріншіден. Екіншіден мектеп табалдырығын алғаш аттайтын
келешек ұрпақтың бүгінгі ұстазы да бастауыш сынып мұғалімдері. Үшіншіден,
бастауыш сыныпта алынған білім, тәсілінің негізі ұрпақтың болашағын
құрайды.
Демек, әлемдiк бiлiм беру, бүкіл әлемдік экономикалық, мәдени және
ақпараттық кеңiстiктегi кірігулер жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдері тұлғаралық ӛзара субъектілік мәселелердi шешуде коммуника-
тивтік креативтілігі жоғары, қоғамның ӛзектi мәселелерiн коммуникативтік
қақтығыссыз шешуге даяр болулары тиіс.
Оның үстіне, қарым-қатынас және креативтiлiк мәселесіндегі түрлi
бағытта iске асырылған теориялық және практикалық зерттеулер бiртiндеп
пәнаралық деңгейге кӛтерiлiп келедi. Қарым-қатынас мәселесiне және тұлғаның
әлеуметтiк ортадағы мiнез-құлқына арналған iргелi зерттеулердiң ауқымды
кӛлемде жүргiзiлуi нәтижесiнде коммуникативтi креативтiлiктi, креативтiлiк
пен коммуникативтiлiктiң қиылысындағы кіріктірушілік мәселе ретiнде зерттеу
қажеттiлiгiн туындатты.
Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ӛзекті бағыттары
(Б.Баймұқанов [3], А.Е.Әбілқасымова [4], К.К.Жампеисова [5] және т.б.);
болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасы
(В.В.Краевский [6], В.А.Сластенин [7], В.Кузьмина [8], Н.Д.Хмель [9],
Ш.Таубаева [10], А.П.Сейтешев [11], Г.Ж.Меңлібекова [12], М.С.Молдабекова
[13], К.М.Беркимбаев [14] және т.б.) еңбектерде қарастырылған.
Креативтілік мәселесі бірқатар шетелдік және отандық ғалымдар
зерттеулерінде кӛрініс тапқан. Оның кретивтіліктің жеке бір құрамдарына
арналған іргелі зерттеу жұмыстары, атап айтқанда зияткерлік креативтілік
(J.Guilford [15], Е. Тоrrance [16], Е.Е. Туник [17], М.А. Холодная [18] және т.б.);
әлеуметтік креативтілік (Н.А. Маневич [19], Е.Ю. Чичук [20]); эмоционалдық
креативтілік (И.Н. Андреева [21], Т.Н. Березина [22], Р.Н. Терещенко [23],
J.R. Averill [24] және т.б.); лингвистикалық креативтілік (Г.А. Халюшова) [25],
лексикалық креативтілік (Т.А.Гридина) [26], педагогикалық креативтілік (А.В.
9
Морозов Д.В.Чернелевский [27], Е.Е. Щербакова) [28], кәсіби креативтілік (Е.В.
Рябова) [29] жан-жақты зерделенген.
Отандық
ғалымдар
Б.А.Оспанова
[30],
А.С.Швайковский
[31],
Қ.М.Нағымжанова [32] болашақ мамандардың креативтiлiгiн қалыптасты-руды
қарастырса), Г.Қ.Нұрғалиева [33] студенттердің креативтiлігiн қалыптастыруда
инновациялық технологияларды пайдалануды, И.И.Сагадуллаев [34] болашақ
шет тілі мамандарының акме-креативтілігін қалыптастыруды, Т.Г.Галиев [35]
білім алушылардың креативтілігін дамытуды, Т.С.Сабыров [36] болашақ
мұғалімдерді оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға даярлауды
және т.б. зерттеген.
Сондай-ақ, білім алушылардың коммуникативтік диалогтық қарым-
қатынасын дамыту (С.М. Жакыпов [37], Б.А.Жетписбаева [38] және т.б. ),
мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының коммуникациясын
қалыптастыру ерекшеліктері (Х.Т. Шерьязданова [39], Н.Б. Жиенбаева [40],
Ж.К. Исаева [41] және т.б., жеткіншектердің диалогтық қарым-қатынасын
дамыту (Л.А.Шалабаева) [42], жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру (Н.Н.Подобед [43], К.А.Абдреимова [44] және т.б.)
мәселелері терең зерделенген.
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
(А.Т. Чакликова [45], Г.О.Рахимбекова [46], Г.К.Күлжанбекова [47],
М.М.Биназарова [48], Л.К.Қарабаева [49], Г.М.Кacымoвa [50], П.А.Құдабаева
[51]), оларды шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетке
даярлау, (Е.И.Бурдина [52], В.В.Шахгулари [53], Н.А.Гончарова [54],
Р.Ш.Сыздықова [55]) мәселелері де зерттеу нысанына алынған.
Коммуникативтік
креативтілікті
зерттеуде
О.В.Лешердің
[56]
мәдениетаралық
коммуникация
және
коммуникативтік
креативтілік
мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми мектебінің зерттеу жұмыстары,
атап айтқанда қалыпты емес міндеттерді шешу және бірегей идеяларды іске
асыру
(Д.Б.Богоявленская
[57],
А.В.Брушлинский
[58],
А.М.Матюшкин [59], S. Mednich [60]; креативтіліктегі түйсік пен логиканың
ӛзара байланысы (Д.И.Блюменау [61], Р.М.Грановская [62], Я.А.Пономарев
[63],
П.В.Симонов [64], В.А. Степаносова [65]); коммуникативтік
креативтіліктің мотивациялық факторы (А.Маслоу [66], К.Роджерс [67],
Э.Шостром [68]); бейімділік сипаттамалары (С.И.Макшанов [69], Н.Ю.Хрящев
[70]); ал анықталмағандық жағдайындағы креативтік мінез-құлық (А.Г.Грецов
[71], В.Н.Дружинин [72], Е.В.Цуканова [73]); мектепке дейінгі балалардың
коммуникативтік креативтілігінің ерекшеліктері (В.Н.Куницына [74], Э. Ландау
[75], Н.В. Мартышкина [76]) және т.б. зерттелген еңбектер біздің
диссертациялық зерттеуміздің теориялық алғышарттарын құрайды.
Сондай-ақ, біз үшін қызығушылық тудыратын еңбектер қатарында
Т.Ю.Осипованың [77] техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың психологиялық шарттары,
А.А.Голованованың [78] субъекттің коммуникативтік креативтілігін топтық
міндеттерді шешуде қалыптастыру, Н.А.Алексееваның [79] болашақ маманның
коммуниктаивтік креативтілігін шетел тілдерін оқытуда, А.В.Сарапулованың
10
[80]
коммуникативтік
креативтілікті
мәдениетаралық
коммуникация
жағдайында, О.Н.Вишневскаяның [81] субъектаралық қиын қарым-қатынас
үдерісінде дамыту мен Н.К.Абдыгазиеваның [82] жоғары оқу орындары
студенттерінің
коммуникативтік
лидерлігін
қалыптастыру
мәселелері
қарастырылған зерттеулерді атауға болады.
Бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық және
әдістемелік аспектілері (Қ.Аймағамбетова [83], Б.А.Тұрғынбаева [84],
Ш.Х.Құрманалина [85], Ә.С.Әмірова [86], С.Н.Жиенбаева [87], Б.Т.Барсай [88],
Қ.А.Сарбасова [89], С.Қ.Абильдина [90] және т.б.); бастауыш сынып мұғалімін
даярлаудың тарихы мен дамуы (Р.К.Бекмағамбетова [91], Қ.Т.Ыбыраимжанов
[92], Б.М.Қосанов [93] және т.б.], бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекеттері, дүниеге кӛзқарасы, тәрбиесі (Ә.М.Мұханбетжанова [94],
А.Х.Аренова [95] және т.б.) мәселелері де жан-жақты қарастырылған.
Сондай-ақ, біздің зерттеуімізге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
лидерлік сапасын (Ұ.М.Әбдіғапбарова [96], Б.М.Баймұхамбетов [97]), кәсіби-
педагогикалық,
технологиялық
құзыреттілігін
(Г.Т.Абдуллина)
[98],
ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін (К.Т.Мулдабекова) [99]
қалыптастыруды зерттеу еңбектері жақын келеді.
Сонымен шетелдік және отандық әдебиеттерге жасаған талдау нәтижесі
қазақстандық
психологиялық-педагогикалық
зерттеулерде
тұлғаның
коммуникативтік
креативтілік
ұғымдарының
бірлікте
қарастырыла
қоймағандығы айқындалды, бұл біріншіден, ал екіншіден болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығы мәселесінің жан-жақты қырларының
зерттелгенімен, олардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру
мәселесінің арнайы зерттеу нысанына алынбағандығы анықталды.
Сонымен, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыру барысында қоғамның сұраныстары мен оның
зерттелмегені аралығында; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруды ұтымды іске асыру керектігі
мен оны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерінің жасалмағандығы
арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анық байқалады. Осындай
қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселемізді
анықтауға және тақырыпты «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |