5
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі анықтамаларға
сәйкес сілтемелер
қолданылған.
Коммуникация – субъектілердің тілдесуі арқылы жүзеге асатын қарым-
қатынас, ӛзара субъектілік түсінушілік.
Креативтілік – жаңа проблемаларды анық қоюда,
айрықша жылдам
шешуде маңызды, ерекше стандартты емес ойлаудың жасампаздықпен жарқ
етуі.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігі – оның ӛзара субъектілік қарым-қатынасындағы жаңа маңызды
проблемаларды
қоюды және оларды айрықша, жылдам, тиімді шешуді
қамтамасыздандыратын кәсіби-тұлғалық сапасы.
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы қызмет саласы және әлеуметтік
талаптарға
сай білім, ой-пікір алмасулар. Қарым-қатынас арқылы адам ӛз
қызметінің белгілі бір мақсаттарын жүзеге асырады.
Креативті ойлау – бұл ерекше идеяларды тудыруға, ойлаудың дәстүрлік
сызбасынан ауытқуға, мәселелік жағдайларды
тез шешуге қабілеттілік;
креативті шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және
тұлғалық қасиеттердің жиынтығы.
Дарындылық – іс-әрекеттің жемісті орындалуын ғана емес, «тек және
жоғары нәтижені» болжайтын сапалы ӛте «жоғары» психикалық қабілет.
Шығармашылық сана мен мінез-құлықтағы
субъектіні қайта жасау,
олармен туылатын және одан ӛнім шығаруы мүмкін жаңаны тудыруды
білдіреді.
Ойлау – бұл ӛзіне бағытталушылық-зерттеушілік, қайта
жасаушылық және
танымдық сипаттағы әрекеттер мен операцияларды қосатын жүйені болжайтын
теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Оқыту технологиясы – бұл оқыту үрдісіне қажетті техникалық және
ақпараттық құралдарды қолдана отырып оқытушылар мен курсанттардың ӛзара
іс-әрекет тәсілі туралы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: