Таспа құрттар класы


Жануарлардың жұмыр құрт тудыратын аурулары



бет2/3
Дата10.03.2022
өлшемі48,55 Kb.
#27528
1   2   3

Жануарлардың жұмыр құрт тудыратын аурулары


Жұмыр құрттардың (нематода) тудырған ауруларын немотодоздар деп атайды. Бұл топқа алты туысқа жататын өкілдердің ветеринарлық маңызы бар. Аталған туыстардың көпшілігі ас қорыту (аскаридата, стронгилята, трохицефалата, оксиурата), тыныс алу (диктиокаулиде, цистокаулиде, т.б.) жүйелерінде мекендесе, кейбір жұмыр құрттардың түрлері көзде (телязий), бүйректе (диоктофима), құрсақ қуысында(сетарий), сіңір мен тарамыста (онхоцерка, драшея) тоғышарлық тіршілік етеді.

Аскаридатоздар деп үй жануарларының, етқоректілердің, құстардың аш (жіңішке) ішегінде ұзындау келген жұмыр (жылан)құрттың тоғышарлығынан туындаған аурулар тобын айтады. Қоздырушылардың ұзындығы 37-40 см-ге дейін болады. Жылқыда ауруды – параскарис, доңызда – аскарис, бұзауда – неоаскарис, ит пен мысықта –токсакара және токсакарис, тауықта – аскаридиа қоздырушылары тудырады (9.1-сурет). Көп мөлшерде кездескенде мал азып, салмақ қоспайды, біршамасы өледі.



Ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары ауқымы бірнеше миллиметрден бірнеше сантиментрге жететін жұмыр құрттардың  ықпалынан болған аурулар. Бұл ауру қоздырушыларының балаңқұрттарына жіңішке және тоқ ішектің кілегей және сірқабықтарда, шажырқай мен ішек қан тамырларында, ал ерсектері тек ас қорыту жүйесінің өзінде тоғышарлық күнелтеді. Стронгилятоздар жануарлар арасында кең таралған.

Аурудың сыртқы белгілері сан алуан болып байқалады. Ағзаны жайлаған балаңқұрттардың саны көп болғанда көзге көрінетін кілегей қабықтары (ауыз және танау қуысы, көздің) бозарып, ауру малда демікпе байқалады. Жылқыда іш түйнеу түрінде өтіп, дамылсыз аунап, ішін тепкілейді, кейде өліп кетеді. Балаңқұрттар ересек сатысына дейін жетілгенде ауру белгілері өшкін түріне ауады. Ауру малдың қоңы төмендеп, арықтайды, азыққа төбеті нашарлайды.

Сүлік - буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтанақтары да жоқ. Сүліктер - қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды - ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.



Шұбалшаң



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет